Қоршаған орта сабақ жоспары Мен көшеде келемін (0 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бөлімдері : Қоршаған ортамен таныстыру, сурет салу

Тақырыбы : « Мен көшеде келемін»

Мақсаты : Жолда жүру ережелері туралы мағлұмат беру. Көше қиылысы, бағдаршам,жол белгілері , қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері туралы білімдерін бекіту,баланы зейінді,епті болуға тәрбиелеу. Билигвалдық компоненті : Бағдаршам-светафор.жол белгісі - дорожный знак.

Тәсілдер кезендері

Тәрбиешінің іс - әрекеттері

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

Ұйымдастырушылық - ізденушілік.










Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Біз қандаймыз,қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

- Жарайсындар балалар!

Алақан жылуы арқылы сезіне тұрып жеткізейік.

  • Еліміз тыныш болсын.

  • Деніміз сау болсын.

  • Бәріміз дос болайық.

  • Нанымыз көп болсын.

  • Бақытты болайық.

- Бірлігіміз жарассын .

Жол белгілерін есте сақтайық

Ескерту белгілері - үшбұрыш, қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жайсыз, қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.

Тыйым салу белгілері - дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс,атаулының бәріне тыйым салады.

Көрсеткіш белгілер - дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.

Ойын: «Бағдаршам»

Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткенде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақталады. МАЙ қызметкері балаларға жол белгілері туралы түсінік береді.Балаларға алдын - ала дайындалған жасыл ,сары, қызыл түстерді көрсету.Ақ жолақтың қасында тұрып жол сілтеу.Бұл белгілердің арнайы жарқырап тұратын, белгілердің тиімділігі - жол бойының нағыз хабарландырушысы екендігінде.

Сергіту сәті.

Жұмбақтар шешу, тақпақтар айтқызу.




"Өнер" орталығына келіп қалдық.Автобустан түсейік.

Альбоммен жұмыс.

Бағдаршамды бояу.

«Бағдаршам» сергіту сәті.

«Үндемес » ойыны.

Бір-біріне тілектер айтады.


-



Толғанай :

. Жол қиылысында аса абай бол.

. Көшеден тек жаяу адамдар өтпелері бойынша жүр.

. көшелер мен жолдарда шана мен арбамен ойнама.


Сергіту сәті.

" Машина"

Бип-бип, бип - бип -дейді.

Жолдан былай кет дейді. Күшікті басуға, басуға. Болмайды ,болмайды машина.

Нұрайна :

Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды./Автобус/

Самал:

Оңғада бұрылады, Солғада бұрылады.

Жол тәртібін

Реттеп тұрады./бағдаршам/

Саламат:

Қырдан - қырға алғасады,

Барған сайын алға асады./жол/

Алдияр:

Көздерін ашып - жұмып тұрады,

Жол тәртібін реттеп тұрады./бағдаршам/

Еркенұр:

Көшеде жүреді кішкентай үйлер,

Сол үйлерді жүргізушілер жүргізер./Машина/

Бағдаршам мен жолдың суретін карандашпен бояу.

Рефлексивті коррекциялаушы

Ой балалар жарайсыңдар!

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Бағдаршам түсіндей жұлдызша, төртбұрыш беру.

-Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтеже :

Білуі : Жол қиылысында аса абай бол.

Меңгеруі : Жол белгілері бірнеше топқа бөлінетінін меңгере алады.

Жасай алуы : Бағдаршаммен жолдың суретін салу.


© 2010-2022