Математика 4-ті қосу кестесі (1класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 4-ті қосу кестесі (1класс)Математика 4-ті қосу кестесі (1класс)Математика 4-ті қосу кестесі (1класс)Математика 4-ті қосу кестесі (1класс)Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу кестесі.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: 4-ті қосу және азайтуды тиянақтай түсу барысында 4-ті қосу кестесін құрастыру және қосылғыштардың біреуі 4 болып келген жағдайдағы санның құрамы жайлы оқушылардың білімін бекіту. Дамытушылық: Есептеу дағдысын, танымдық қабілетін арттырып, жеке, топпен жұмыс істей алуына жағдай жасау. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жылдамдыққа, бірін-бірі сыйлап, құрметтеуіне үйрете отырып, тәрбиеленеді. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтада слайд, таратпа материалдар, тақырыпқа байланысты ойындар, 4-ті қосу, азайту кестесі. Оқыту әдісі: түсіндіру, топтау, іздендіру Сабақтың түрі: жаңа сабақты бекіту сабағы Оқыту нәтижесі: оқушылар 4 санын қосып, азайта алады, ережелерді сабақта қолдана алады, тақырыпты түсінеді.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау



ІІІ.Өткенді еске түсіру



ІҮ. Өткен сабақты бекіту

Ү. Жаңа тақырыпты меңгерту





ҮІ. Тақтамен жұмыс



ҮІІ. Сергіту сәті



ҮІІІ. Топтық жұмыс

ІХ. Топтық тапсырма

Х. Шығармашылық тапсырма

ХІ. Сабақты бекіту

ХІІ. Үйге тапсырма

ХІІІ. Кері байланыс

ХІҮ. Бағалау

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн деп айтамыз,

Бір болып үйге қайтамыз.

Отанның біз гүліміз,

Көңілді жақсы өтер күніміз.

Топқа бөлу

-Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек. Түске

қарай бөлініп, топпен жұмыс жасаймыз.

-Үйге қандай тапсырма беріліп еді?

№ 5

Өрік ағашы- 3

Шие ағашы- 4

С: Барлығы - ?

Ш:3+4=7

Ж: 7 түп ағаш.

«Кім көп біледі?» ойыны

1- топ

1.Санды немен белгілейміз?

2.Қосудың компоненттерін ата.

2-топ

1.Сандарды тура және кері санау.

2.Азайтудың компоненттерін ата.

3-топ

1.Заттарды біріктіргенде қандай амал қолданамыз?

2.Заттарды бөліп алғанда қандай амал қолданамыз?

«Жалғасын тап» ойыны

1-топ 2-топ

1,5,... 10,6,...

1,4,... 9,5,...

3-топ

7,4,...

5,7,...

«Аққала құрастыру» ойыны

1-топ

4+4 5+4 6+4

Сандарға 4 санын қосып тұрмыз. Алдыңғы сабақтарда тағы қандай сандарға 4-ті қосып едік?

2-топ

3+4 4+3

2+4 4+2

1+4 4+1

Не байқадық? Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді. Санға 1,2,3 -ті қосқанда бұл туралы айтқанбыз.

3-топ

8-4 10-4

9-4

Азайту амалы қосу амалына кері амал. .

Тақтамен, дәптермен жұмыс жасаймыз.

Дәптерлеріңе әдемі жазу үшін 4 санын жазып аламыз.

Қосу, азайту амалының компоненттерін есімізге түсірейік. №1. Тапсырманы тақтада орындаймыз. Кім тақтаға орындайды?

1+4=5 2+4=6 3+4=7

5-4=1 6-4=2 7-4=3

Орнымыздан тұрамыз,

Белге қолды қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір,екі,үш,

Жоғары қолды созамыз,

Тып-тыныш қана отырамыз.

«Кім зерек ?» ойыны № 2

4

5

6

+4

Жұптық жұмыс. Жұптарыңмен ақылдасып шығарыңдар.

Сапар -10 дәптер

Ақан - ?, 4 дәптер кем.

Ш: 10-4 =6

Ж: 6 дәптер.

Ойлан ,тап:

9- < 8 1

«Мен саған, сен маған» әдісі.

2 санын қосу және азайту.

3 санын қосу және азайту.

4 санын қосу және азайту.

№ 3 тапсырманы орындап келу.

Смайликке бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді көңіл-күй арқылы білдіреміз.

Бағалау кестесі арқылы білімдері сараланады.

Шеңберге тұрады, өлең айтады, өлеңге сәйкес қимыл жасайды.

Оқушылар түске байланысты топқа бөлінеді.

1-топ - сары түс

2-топ - қызыл түс

3-топ - жасыл түс

Жекелеген оқушы орындап келген үй тапсырмасын оқиды.



Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.



Әр топ оқушылары тапсырманы орындайды.

Топ оқушылары тапсырманы ауызша орындайды.

Әр топқа жеке берілген аққаланы құрап, өрнектер туралы өз ойларын айтады.

Ережені қорытып шығарады.

Тақтаға орындатып, дәптерлеріне жылдам жазғызу.



Оқушылар жаттығу жасайды, бойын сергітеді.

Топтарында ақылдасып, толтырады. Бір оқушы қорғайды.



Топпен орындап, бір оқушы қорғайды.

Әр топ қарсы топқа тапсырма

береді,ауызша орындайды.

Дәптерлеріне жазып алады.

Стикерді смайликтерге жапсырады.

Топ басшы топты бағалайды.



© 2010-2022