Данышпаны даланың, Сөзі-мұра ағаның (сыныптан тыс жұмыс)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы,Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылы М.Әуезов атындағы №251 орта мектебі

Пән мұғалімі: Мамыраева Жанат Нұрмағанбетқызы

Тақырыбы: Данышпаны даланың,

Сөзі-мұра ағаның

Мақсаты: Кемеңгер жазушы ,дана ғалым, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмір жолы шығармашылық және еңбек жолы туралы айту, шығармаларын оқу арқылы адамгершілікке тәрбиелеп, оқушылардың ой-өрісін ,танымын,көзқарасын дамыту.

Көрнекілігі: жазушының портреті,шығармашылығына арналған көрме, интерактивті

тақта, даналық сөздер.

Түрі: зияткерлік ойын

Ойынның шартымен таныстыру

Ойын барысы:

Мұғалім: «Біз үшін Абай қандай болса- Мұқаң да сондай даналық мектебі. Ол мектептен

дәріс алу әр қазақтың абыройлы борышы» деп баға берген екен мемлекет

қайраткері Дінмұхамед Қонаев.

ХХ ғасырдың заңғар биігі, белгілі қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Әуезовке арналған

«Данышпаны даланың,

Сөзі-мұра ағаның» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар.

1. Білгенге мержан (сұрақтарға жауап беру)

2. Кім жылдам? (шығармаларын табу)

3. Кім тапқыр? (асты сызылған сөздің мағынасын ашу)

4. Поэзия минуты (М.Әуезовке арналған өлеңдеріне құлақ түрейік)

5. Артық сөзді тап

Білгенге маржан сұрақ-жауап

1.М.Әуезов қай жылы ,қай жерде дүниеге келді?

2.Тұңғыш жарық көрген еңбегі

3. Мұхтардың ұлы шығармасы қай жылы жарық көрді?

4. Тарихи кезеңді суреттеген шығармалары

5. Тұңғыш драмасы

6. «Абай жолы роман-эпопеясы үшін қандай сыйлық берілді?

ІІ Кім жылдам?

1.Қарадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа боз қараған,тобылғы басқан.

Қай шығармадан үзінді?

2. - Қайран тектім-ай! Алпамсадай арысым едің қаңбақтай жеп-жеңіл боп қаусап қалғаның-ау! Қолыма салмағың білінсейші,- деп, ауру жігітті қолына көтерген ағасы енді төсекті жайғап салған әйелі Қатша мен ағасы жертөсекке оң жақ қырынан жатқызды.

3. -Тоғжаным! Арманым жоқ,алдыңа алсын!- деп қана бір тыныс алып , үні өшіп тоқтап

қалды.

- Жаным! Асылым... Барым бір өзің! - дейді.

- Білмейсің ғой... саған айтқам жоқ қой!... Бар-ды! Өлеңім бар-ды! Қазір, қазір!

ІІІ Кім тапқыр?

1. Әуес көріп жүрген жас балалар,

Беті -қолы домбығып, үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы,

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

(шидем-жүннен тоқылған жылы сырт киім)

2. Білгенге маржан,

Білмеске арзан

Надандар бәһра ала алмас.

(бәһра-пайда, үлес)

3. Зинһар, сендерден бір сұрайын деп жүрген ісім бар.

(зинһар-абайла)

4. Әрбір жинақылықтың түбі-кеніш

(кеніш-молшылық)

5. Өнер-өзі де мол, өнерді үйренбек-ихсан

(ихсан- еңбек)

6. Сәлемнің соққысынан төсек тартып, дертті болған інісін айтып, сәтке шағып, сәлемнен

қалжа сұрап еді.

ІУ. Поэзия минуты

У. Артық сөзді тап

е ө с р к к е к

т і ж е м

л ы қ и з а н м а

а й б а о л ж ы

ң л е і к е к б е к

а ң ж а о т а р д с

Қорытынды сөз

Жеңіске жеткен топты марапаттау



М.Әуезов атындағы №251 орта мектеп


Тіл - халық үні





Пән мұғалімі: Мамыраева Жанат

Сыныбы: 5 «А», «Б»


2013-2014 оқу жылы


Тіл - халық үні

(5-сынып, сайыс)


Мақсаты:

Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өтілген

материалдарын меңгеруін,білім деңгейін тексеру.

Міндеттері:

Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру; ана тілін

сүюге ,құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу; оқулық пен

қосымша метериал деректерін пайдаланып,ғылыми-танымдық

әрекеттерін жетілдіру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта , кеспе қағаздар, буклеттер

Сайыстың өту барысы:

Сайысқа қатысушыларды қазылар алқасымен таныстыру.

1-кезең: «Бәйге»

20 сұрақ беріледі. Дұрыс жауап берген оқушыға 10 ұпай беріледі.

2-кезең: «Дода»

4 тақырып беріледі. Әр тақырыпта 5 сұрақтан бар

3-кезең: «Жорға»

3 тақырып беріледі. Әр тақырыпта 20,30,40 үпайлық үш сұрақтан бар

4-кезең: «Көкпар»

«Қыркүйек» , «Желтоқсан» сөздері беріледі ,осы сөздерден сөзжасам құрау.

© 2010-2022