Өнерлі ұл-қыздармыз тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: "Өнерлі ұл-қыздармыз"

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, мерекелік көңіл-күй қалыптастыру ананы сыйлауға, құрметтеуге, бала өміріндегі ананың рөлін ұғындыру. Оқушылардың ән- күйге, биге деген бейімділігін, әдептілік қасиеттері, білімге құштарлығын, сұлулыққа көзқарасын, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін

3 - сынып оқушыларының «Өнерлі ұл-қыздармыз!» сайысына қош келіпсіздер. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап өнерлі ұл-қыздарымыздың өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

Құрметті көрермен қауым, Бүгін міне біздің сыныптағы 6 жігіт пен 5қыз өз өнерлерін көрсетпек ендеше сайысқа түсетін қыз-жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық.

1-жүргізуші. 1. Таныстыру
1. Қуантады білімімен бізді Арқалық,
Қол соғып қарсы алайық, арқаланып.
Білімің серік болсын талабыңа.
Бүгінгі қабыл болсын тілегіңіз,

2.Риза қызым- Ризажан,

Сыныптың көркі болады!

Парасат көркі білімі

Жарасып оған тұрады!

3. Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Мадияр
Көрінген күштің басынан

4.Ақерке Ұғымтал әрі алғырсың.

Ұстазға көмек боларсың!

Ұстаздың қолдап әр сөзін,

Жарыста жеңімпаз боларсың.

5. Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын
Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан ол Динмухамед

6.БАЛҒЫН оқуға жүйрік, ол дара,

Қатарыңның алды боп,

Ылғи озып шығады

Балғын -өнерлі қыз болады.

7. Сом білек Қажымұқанның інісіндей

Жігіттің дара туған ірісіндей

Келбетті батыр тұлға екен дерсің,
Жүрісі батырлардың жүрісіндей ол Топжар

8.Нұршуақ биязы, салмақты.

Ұялшақ, ұстамды, жан-жақты.

Сусындап білімнің нәрінен,

Парасат, ақылын танытты.

9.Аян байыпты байсалды,

Сабаққа ден қойыпты.

Ұстаздың айтқан сөздерін

Зердесіне құйыпты!

10.Балжан сынып әншісі.

Дауысы зор салмақты!

Болашақта әйгілі,

Әнші болар «АТАҚТЫ!»

11. Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген, ол Қабдылжапар.

М.

Ал өрендер сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырма ал ортаға қымсынбай кеп,

Дұрыс жауап берсеңдер жарайсыңдар!

1- кезең: «Білгенге маржан» Ырымдарға байланысты суреттер көрсетіледі, оқушылар оның қандай ырымдарға байланысты екенін табады.

2 - кезең. «Өнерің өрге жүзсін»
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында - кезекті өнер сайысына берейік.
1. Ақерке «Ақ мамам» әнін орындайды.
2. Динмухамед «Қара жорға» биі
3. Қабдылжапар «» әні
4. Мадияр «» өз өнерін көрсету
5. Балжан«» әні
6. Балғын «Қаражорға» биі
7. Нұршұақ «» әні
8. Риза «» әні

9. Аян «»

10. Арқалық «»

11. Топжар «»
3- кезең «Мергендер» ойыны.

Ойынның шарты: Шардың ішінде қазақтың ана және қыз бала туралы мақал - мәтелдері. Тапсырма: Мақалдың жалғасын табу. Сұраққа ұлдар мергендіктерімен жауап берсе, қыздар сұраққа жауап беру арқылы балл алады.

Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар

4 - кезең. «Шебер қолдар » Тапсырманы үйден орындап келеді. Неден, қалай жасағанын және не нәрсеге қажет екенін түсіндіреді.
5 - кезең. «Өнерлі болсаң озып көр»

Абайдың «Жазғытұры» өлеңінің бір бөлімін екі түрлі әнге салып айту. (Реп, халық әні ).

Қортынды. Жеңімпазға «Өнерлі қыз, Өнерлі жігіт» деген атақ беріліп, қатысқан оқушылардың жеңімпаздарына номинация бойынша сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.

Соңында оқушылар ата-аналарына арнап жасаған сыйлықтарын береді, ал ата-аналары балаларына киндер сюрприз береді.

© 2010-2022