Тәрбие сағаты 3 сынып Көктем аруы-2015

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Көктем аруы-2015»

Сабақтың мақсаты:
қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты тәрбиелік,эстетикалық білім беру;
жан-жақты білімді,өнерпаз ұрпақ тәрбиелеу оқушылардың қазақ тіліне,мәдениетіне деген қызығушылық сезімдерін арттыру.

Көрнекілік құралдар:Мақал-мәтелдер,киіз үй,гүлдер.

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар,мұғалімдер,оқушылар бүгінгі 3 «д» сыныбында өткелі отырған ``Көктем аруы-2015``ертеңгілігіне қош келдіңіздер..

2-жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
*Қыз өссе-елдің көркі*-деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам


1-жүргізуші:
Пір тұтқан,махаббатты,адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.


2-жүргізуші: Ал ,енді ортамызға аруларымызды шақырайық:


1-жүргізуші: Сайыстың өтілу тәртібімен таныстырып өтейін.


1. Сәлемдесу,өзін-өзі,таныстыру
2. Мың бір мақал (Мақал соңын жалғастыру)

3. *Ас адамның арқауы*қамыр жаю
4. Шеберліктерін шыңдау.ою қию,таныстыру.
5. Өз өнерін көрсету.

2-жүргізуші:Құрметті көрермендер,бүгінгі төрешілерімізбен таныс болыңыздар.
Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық.

Оқу ісінің меңгерушісі Нұрсұлу Зарипқызы

Бастауыш сынып мұғалімі:

Бастауыш сынып мұғалімі:

І бөлім:

1-жүргізуші:

Көңілге түй сен мұны,

Әр бүлдіршін -ел гүлі.

Бақытты елде туғаның

Есіміңнен белгілі.

Аруларымыз өздерін таныстырып өтсін.

І І бөлім:

2-жүргізуші:Келесі сайыс "Мың бір мақал".Бұл бөлімде мен мақалдың бірінші бөлігін айтамын,ал сендер оны жалғастырасыңдар.

1.Адамдықтан үлкен ат жоқ
(Наннан үлкен ас жоқ)
2.Атаңның баласы болма,
(адамның баласы бол)
3.Білімсіз адамның сөзі білектей
(Білімді адамның сөзі жібектей)

1.Ел-елдің бәрі жақсы
(Өз елің бәрінен де жақсы)
2.Отансыз адам
(Ормансыз бұлбұл)
3.Аққу көлін аңсайды,
(Адам туған жерін аңсайды)

1.Ағаш тамырымен мықты,
(Адам досымен мықты)
2.Ексең егін,

(Ішерсің тегін)
3.100 теңгең болғанша

(100 досың болсын.)

1.Күлме досыңа,
(келер басыңа)
2.Мектеп-кеме,
(Білім-теңіз)
3.Көп жасаған білмейді,
(Көпті көрген біледі)

1.Оқу білім бұлағы

(Білім өмір шырағы)

2.Сөзден асқан байлық жоқ,
(Тілден асқан жүйрік жоқ)
3.Ел елдің бәрі жақсы,

(Өз елің бәрінен жақсы)

1. Оқу-инемен----------(құдық қазғандай)
2.Тіл тас жарады
(Тас жармаса,бас жарады)
3.Ана сүті бой өсіреді,
(Ана тілі ой,өсіреді)

1.Жеті жұрттың тілін біл,
(Жеті түрлі білім біл)
2.Ұяда не көрсе,
(Ұшқанда соны іледі)
3.Мал қонысын іздейді,
(Ер туысын іздейді)

1.Ақылсыз достан
(Ақылды дұшпан артық)
2.Досы көпті жау алмайды,
(Ақылы көпті дау алмайды)
3.Әкеге қарап ұл өсер
(Анаға қарап қыз өсер)

1.Бірлік болмай,

(Тірлік болмас.)

2.Көп біл

(Аз сөйле)

3.Еңбек түбі береке,

(Көптің ісі мереке.)


І І І бөлім:

2-жүргізуші:.Келесі сайысымыз аспаздық өнерін көрсету.
Қамыр жаю.

ІV бөлім:

1-жүргізуші:

.Әдет-ғұрып, салт -дәстүрі қазақтың,

Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық.

Оюлап өрнек салу қазақ-халқының бір саласы.Оның түрлері-сан алуан.Ерте кезден бүгінгі кунге дейін халқымыздың рухани өмірі,ұлттық салт-дәстүрі,наным-сенімдері,ою-өрнек бейнелерін беріп келеді.Сонымен келесі сайыс -өрнек ою,таныстыру.

V бөлім:


2-жүргізуші: Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал,сайысқа

Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.

Келесі сайысымыз ''Қыздарға әсемдік жарасады''өз өнерлерін көрсету,би билеу.


1-жүргізуші:Ал, құрметті көрермендер,біздің сайысымыз өз мәресіне жетіп қалды.Енді ,сөз тізгінін әділқазылар алқасына тапсырсақ деймін.Құрметті әділқазылар,қыздардың ұпайларын есептеп жеңіске жеткен аруды жария етулеріңізді сұраймыз

2-жүргізуші:Ал,құрметті көрермендер,осымен біздің*Көктем аруы-2015* сайысы аяқталды.

1-жүргізуші:Келіп,тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет.

© 2010-2022