Дүниетану. Сабақтың тақырыбы: Топырақ. Топырақтың маңызы 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сыныбы: 2 «а» Күні: 9.12.15 ж. пәні: Дүниетану Тақырыбы: Топырақ. Топырақтың маңызы. Мақсаты:

Топырақ жайлы және оның құрамы туралы түсінік беру, тәжірибе арқылы көз жеткізу. Күтілетін нәтиже:

А) Топырақ туралы түсінік алады.

В) Оқушылардың байқағыштығы, ойлау қабілеттері, түсінгенін жеткізе білу қабілеттері дамиды.

С) Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа, елін, жерін сүюге баулиды. Тапсырмалар:

Жаңа тәсілдер: топтық, жұптық әңгіме, жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар.

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі:

«Ыстық орындық», «Топтастыру», «Вен диаграммасы»

АКТ қолдану: визуалдандыру,белсенді тақтамен таныстырылым, ғаламтор

желісінен алынған материалдар.

Оқыту формасы: Жеке, жұптық,топтық, жаппай Сабақтың модулдері:



1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер. 2.Сыни ойлауға үйрету. 3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 4.АКТ. 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6.Оқушылардың жас ерекшеліктері. 7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық. Бағалау: Формативті бағалау: ынталандыру мақсатында

«Қолпаштау», «Басбармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек»

Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі Сабақтың барысы: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Кіріспе:






2 мин

Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал:

Әр ертеңгі күнге сенімділікпен қарау қажет, сонда ғана адамның алдына қойған мақсаты мен тілегі орындалады. Ол үшін адам өз бойындағы жақсы қасиеттерін аша білу керек.
Яғни, мен ақылдымын.
Білімділік деген мен,
Күш деген мен
Табиғатты сүюші мен
Отанды қорғаушы мен
Сауаттылық деген мен
Жастық шақ деген мен
Денсаулық деген мен
Бәрі біздің қолымызда,
Топ ережесін қайталау.

(Балаларды топқа бөлу, топ басшысын сайлау)
а) 1. Күн - ана 2. Ауа - ана 3. Су - ана 4. Жер - ана
ә) Шаттық шеңбері (Қолдарынан ұстап тұрып айтады)
1. Шуақ - сәуле әлемге.
Күн нұрымен тарайды.
Күн - ана
2. Ауа - өмір нәріміз,
Тыныстайтын бәріміз.
Ауа - ана
3. Су - тірліктің өзегі,
Ақса болар өзені.
Су - ана
4. Аспан - көкте жұлдыздар,
Жерде - біздің ұл - қыздар.
Жер - ана Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі. Шаттық шеңберіне тұрып бәрі бірге өлең айтады.





Үй тапсырмасы: 7 мин.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Үйге не берілді?

Су - еріткіш.
Суда еритін және ерімейтін заттар. Судың маңызы.
Сұрақтарға жауап алу үшін «Сөйлейтін қалам» ойыны ойналады1. Тарау қалай аталады? 2. Табиғат нешеге бөлінеді?

3. Тірі табиғатты ата?

4. Өлі табиғатты ата?

5. Тірі табиғатқа қажеттілік?

6. Судың қандай қасиеттері бар?

7. Судың табиғаттағы үш күйін ата?
8. Суда еритін заттар нелер?

10. Суда ерімейтін заттар нелер? Бірақ араласады.
11. Су көздері нелер?

12.Судың адам үшін маңызы.
13. Суға байланысты нақыл сөз және тыйым сөздер? (дәптерден оқу, не жатқа айту)

Суға байланысты ырым-тыйымдар:

1) Бұлақ көрсең, көзін аш.
2) Сулы жер - нулы жер.
3) Су - тіршілік көзі.
4) Судың да сұрауы бар.
5) Түнде суға барма.
6) Су ішкен құдығыңа түкірме.
7) Суды үнемдеп пайдалан.
8) Судың бетін ашық қалдырма.





(Қалам иесі жауап береді)
Табиғат
Тірі және өлі
(адам, өсімдік, жануар)
(тау, тас, өзен, су)
(ауа, су, жарық, жылу, тамақ)
(түссіз, иіссіз, мөлдір, пішіні жоқ, сұйық, жұққыш)
(сұйық, бу, қатты) (қант, тұз)
(құм, саз, балшық)

(өзен, көл, теңіз, бұлақ) Тұсаукесер:
3 мин.

Ребус шешу
Ребусты шешу жауап арқылы жаңа сабақ тақырыбы шығады. Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету. «Қолпаштау», «Басбармақ», арқылы бағалайды Негізгі бөлім:



.

Т О П Ы Р А Қ
Жаңа сабақ.
Ой қозғау
Балалар осы топырақ дегеніміз не?
Әрбір оқушының ойын тыңдау
Қортынды шығару.
Мұғалім түсіндіруі:
Топырақ дегеніміз - жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабаты.
Яғни, топырақ құрамына өсімдіктердің, жан - жануарлардың, қалдықтарының араласуы арқылы пайда болады.
Слайд№2
Топырақ - құнарлы топырақ, құнарсыз болады екен.
Құнарлы топырақ арқылы еліміздің ауыл шаруашылығы өсіп өркендейді.
Кітаппен жұмыс.
Іштей оқу
Топтар бөліп оқиды
Тәжірибелік жұмысқа дейінгі бөлікті оқыту.
Ақ қағазға топырақ салып анықтап қарату.
Не көріп тұрғанын, не бар екенін сұрау?
- Топырақ құрамын мұнан әрі анықтау үшін тәжірибе жасайық?
(Қорытындыны тақтаға іліп отыру)
Туған жер тобы
1 - тәжірибе. 1 кесек топырақты суға салайық. Не байқадық? Көпіршік шықты?
Бұл ауа. Ол қайдан шықты?
А У А
Туған тілім тобы
2 - тәжірибе. 1 уыс топырақты темір қалбырға салып, отқа қыздырып, бетіне шыныны ұстайық?
Не көрдік? Шыны бетіндегі су тамшысы.
С У
Туған ел тобы
3 - тәжірибе. Топырақты одан әрі қыздырдық. Көкшіл түтін шығады. Бұл не?
Өсімдік қалдық, тамыр жанды.
Ш І Р І Н Д І
3 Топпен жұмыс
4 - тәжірибе. Шіріндісі жанып біткен топырақты салып араластырдық.
Лайланған суды тұндырып қойдық.
Стақан түбіне құм, бетіне саз шөгеді.
Қ Ұ М
С А З
Дәптермен жұмыс.
Топырақ құрамын жазғызу

Дүниетану. Сабақтың тақырыбы:Топырақ. Топырақтың маңызы 2-сынып
Сабақты бекіту.
Венн диаграммасы бойынша
Су мен топырақты салыстыру.

Ой сергітеді,шаршағандары

басылады Қорытынды:
5 мин.

Сыр бойының атақты күрішшісі Ыбырай Жақаев атамыздың нақыл сөзін айта отырып.

Қорек көзі
Топырақ Тіршілік бесігі
Жер
Картамен жұмыс:
- Балалар қарайықшы, картадан қандай түстерді көруге болады?
Жасыл, сары, қоңыр, көк, т. б.
Олар нені білдіретінін сұрау.
- Бұл біздің жеріміздің кең екенін, алуан түрлілігін, табиғатымыздың әсемдігін көрсетеді.
Сол үшін біз осы елімізді, жерімізді қорғап, аялап, сүйіп өтуіміз керек.


Бағалау: 3 мин. Критерий бойынша бағалау. Кері байланыс

«Нысана» әдісі
Үйге тапсырма 2 мин. 47-50 беттер оқып келу Үй тапсырмасын күнделікке жазады.





© 2010-2022