Дүниетану 4-сынып сабақ жоспары: Су. Табиғаттағы су айналымы

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану. 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы

Мақсаты: Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым

қалыптастырамын; судың физикалық қасиеттерінің

үш күйде кездесуін, судың қасиеттері туралы

алған білімдерін пысықтаймын; оқушылардың өткен

сыныптарда алған білімдері мен күнделікті өмірден

білетіндерін қорытамын; су, оның адам өміріндегі

маңызы, оны қорғау туралы білімдерін нығайтамын;

пәнге деген қызығушылығын арттырамын; ой-өрісін,

есте сақтау қабілетін, шығармашылығын дамытамын;

адамгершілікке, табиғатты қорғауға,

үнемділікке тәрбиелеймін.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын

көрнекіліктер: карта, шыны ыдыс, су, мұз,

бейнефильм слайдтар.

Сабақта қолданылатын

әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ой жинақтау, ой қорыту,

түсіндіру, көрнекілік, тәжірибе.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық жағдаят

-Балалар, орнымыздан тұрып, экранға қарап, мына дыбысқа көңіл бөлейік.

/судың сарқыраған дыбысы/

-Міне, осындай табиғаттың тамаша үнімен үндескен көңіл-күйіміз қандай?

/3 топ көңіл-күйлерін білдіреді/

-ендеше, мына белгілер арқылы топқа бөліне қояйық.

2.»Алтын ереже» қабылдау

-Тыныштықты сақтау;

-Сабақта белсенділік таныту;

-Бір-бірімізді тыңдау

3.Бүгінгі күннің ауа райын дәптерлеріне белгілеу

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

-Біз «Пайдалы қазбалар» тарауын аяқтадық. Осы тарауға байланысты білімдерімізді ортаға салайық. Сендердің жауап берулеріңе қарай топ жетекшілері мынадай 100 білім, 80білім, 50 білім таратып отырады.

1.Сұрақ беріледі.

-Пайдалы қазба дегенмізі не? Оның түрлері туралы не білеміз?

( Флипчартқа түсіре қойыңдар)

2.Слайдтағы тапсырмалар орындалады.

-Енді сәл сергіп алайық. Миға шабуыл жасай отырып, мына логикалық сұраққа жауап бере қойыңдар.

-Біз тұз кенге жатпайтын пайдалы қазба түрі екенін білеміз.

Логикалық тапсырма

Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Мақта артқан түйе жеңіл жүріп келе жатқан. Алдарында өзен ағып жатты. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, судан әрең өтіп келе жатқан екінші түйеге қулана қарады. Неге? Қандай жағдай болды?

Сонымен тұз суды тез өткізіп жібереді, әрісуда еріп кетеді. Ал мақта суды сіңіріп алады. Одан біз судың жұққыш екенін білеміз. Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз су , табиғаттағы су айналымы туралы болмақ.

/Слайдтан тақырып, мақсат ашылады/

-Топпен ақылдасып су туралы не білеміз стикерге жазып, жапсыру

НЕНІ БІЛЕМІН?

-Енді, дүние жүзі картасына назар аударыңдар, не айта аласыңдар?

-Құрылыққа қарағанда су көп.

-ия , балалар, статистикаға сүйенсек:

Жердің 3/4 бөлігін су алып жатыр екен.

Мұхиттар бүкіл жердің 97 % құрайды және үшеуі бірігіп (Тынық, Атлант, Үнді) 350 млн шаршы км аумақты алып жатыр

-Су туралы не білетінімізді жаздық. Енді тәжірибе жасап көрейік.

2. Тәжірибе жасау.

1- топқа стақанмен су , қасық қызыл және көк жолақтар беріледі

2- топқа стақанмен су, кант, тұз, қасық, топырақ беріледі.

3-топқа стақанмен су, мақта, тарелка, кесе беріледі.

-Балалар, судың «ұлы саяхатшы» екенін білесіңдер ме? Ол бір орында отырғанды ұнатпайды. Оның әйгілі ертегідегі желдің бағытының өзгеруімен лезде ұшып кетіп жататын қазақ ертегісінің кейіпкері Қаңбақ шалға ұқсастығы бар. Су да ауа қысымы өзгере қалса сапарға аттануға әзір тұрады. Ол сапарға шыққанда бірде қарға, бірде мұзға, бірде суға, бірде буға айналып кейіпін өзгертіп отырады.

- -Сонда ол табиғатта қандай күйде кездеседі?

-Және ол үнемі айналыста болады.

Мына шәйнекте су қайнап тұр. Су қайнаған кезде не пайда болады.

-Бу.

-Бу қайда кетті?

Судан бу көтеріледі. . Қорытынды. Су алдымен бу түрінде жоғары көтеріліп, салқындады. Бу суға айналды, суқайтадан төмен қарай тамшылай бастады. Бұл қозғалыс қайталана береді. Сөйтіп су айналымы жасағандай болды.

/Слайдпен жұмыс/

Судың осы сияқты өзгерісі табиғатта да болып тұрады. Күн сәулесі қызуынан су жер және қоймалар бетінен буланады. Күн неғұрлым қаттырақ қыздырған сайын, булану да жылдамдайды.Бірақ күннің көзі көрінбей тұрған, тіпті қыстың өзінде де кезде де булану жүріп жатады. Булану үнемі жүреді. Күн сәулесінің әсерінен ағаштар мен өсімдік жапырақтарындағы, бұталар мен шөптесін өсімдіктердегі су буланады.

Жылға, өзен, көлдер бетінен де су буланып, аспанға көтеріліп, бұлтқа айналады. Сосын жауын-шашын түрінде қайтадан жерге түседі.

-Міне, осыны табиғаттағы су айналымы деп атаймыз.

Сергіту сәті

Тамшы болып тамайық

Арықпен бірге ағайық.

Көлшік болып жиналып,

Күнге қолды бұлғайық.

Күн көзімен құрғайық,

Орнымызды табайық.

Оқулықпен жұмыс

«Қабырғаға қарап оқу» стратегиясы

-Орындарына келген балалар, мәтінде қандай математикалық цифрлар, яғни суға байланысты сандық мәліметтер берілді. Соны дәптерлеріңе түсіре қойыңдар.

Балалар, суды үнемдеуіміз керек. Арал теңізі 10м деңгейге төмендеді. Арал теңізінің суы жағадан 100-деген км-ге қашықтады. Ашылған Арал теңіз түбінен миллиондаған тонна тұз ұшады. Арал теңізі «қасіреті» ашық жарияланып, дүниежүзілік масштабқа шықты.

/Слайдпен жұмыс/

-Суды үнемдеп қана емес, оны қорғауымыз да керек. Соңғы кезде завод, фабрикалардан шыққан қалдықтар су қоймаларына құйылуда. Тіпті адамдардың өзі суға күл-қоқыстар лақтырып, суды ластайды.

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса тіршілік тамам, бауырым

Судың біздер біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін

Суды қастерлеп қорғау-барлығымыздың парызымыз екені құран-қарімде де жазылған. Сол жөнінде бейнефильмді тамашалаңдар.

Кестені толтырту

НЕНІ ҮЙРЕНДІМ?

НЕНІ БІЛГІМ КЕЛЕДІ?

Үй тапсырмасы:

1.Дәптерге табиғаттағы су айналымын бейнелеп келу

2.Эссе жазу

1-топ:Су Жер бетінен жойылып кетсе, не болар еді?

2-топ:Әрбір оқушы, әрбір адам суды сақтауы үшін не істеу керек?

3-топ:Суға қауіп төніп тұр дегенді қалай түсінесіңдер?

Бағалау: Жинаған баға өлшемдері бойынша:

100 білімді көп жинағандар-«5»

80 білімді көп жинағандар- «4»

50 білімді көп жинағандар- «3»




© 2010-2022