• Преподавателю
  • Начальные классы
  • Тақырыбы: «Ана» деп ән салам. .. Мақсаты: 1. Оқушыларға ананың қадірін, отбасындағы орнын ұғындыру. Отбасы сыйластығын үлкенге құрмет көрсетіп, қадірлеу, ана еңбегін ақтауға үйрету. 2. Сөздік қорларын молайту, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту. 3. Адамгершілік

Тақырыбы: «Ана» деп ән салам. .. Мақсаты: 1. Оқушыларға ананың қадірін, отбасындағы орнын ұғындыру. Отбасы сыйластығын үлкенге құрмет көрсетіп, қадірлеу, ана еңбегін ақтауға үйрету. 2. Сөздік қорларын молайту, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту. 3. Адамгершілік

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ана» деп ән салам...

Мақсаты:
1. Оқушыларға ананың қадірін ,отбасындағы орнын ұғындыру. Отбасы сыйластығын үлкенге құрмет көрсетіп ,қадірлеу ,ана еңбегін ақтауға үйрету.

2.Сөздік қорларын молайту, тіл байлығын ,ой-өрісін дамыту.

3. Адамгершілікке, әдептілікке,инабаттылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: гүлдер, шарлар,мақал- мәтел.
Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Кіріспе:

Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай.

«Ат биеден туады,алып анадан туады» деген дана халқымыз.Дүниеде анасыз адам жоқ.Ел басқарған көсем де,данышпан ғалым да,күміс көмей әнші,мың бұралған биші де анадан туып,соның көкірегінен нәр алып өскен.Ана-отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Құрметтесек - ананы құрметтейік.Көктем мерекесі қарсаңында осы аяулы аналарымыздың басын қосып,мерекеде еңбектерін бағалап,сый құрмет көрсету бала үшін парыз.Ендеше аналар жүздеріңізден қуаныш пен шаттық нұры төгіліп,отбасыңыздың бақытын көре беріңіздер!

«Ана» деп ән салам...атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!Сіздер үшін ән салып,жыр оқимыз,би билейміз,бірге ойын ойнаймыз.

1-бөлім.Әдеби музыкалық монтаж.

1-оқушы. Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Ана сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Ән: «Анаға сәлем».Жеке дауыста орындайтын Жангожиева Диана және хор.

2 - оқушы: Күнде той бола бермес дәл осындай,

Тыншымас көңіл бақыт жол ашылмай,

Өмірде саған жақын адам болмас

Түн ұйқысын төрт бөлген анашыңдай.

3- оқушы: Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,

Туған елін сүйсіне мақтасын деп.

Пәк сезіммен тілеймін адамдарға

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

4- оқушы: Өмірде ана - бақыт, ана - пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

5 - оқушы: Ана! Ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкені де ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанын да

"Ана" деп біздің халық текке айтпаған.

6- оқушы: Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған.

Мен анамның сонысына мақтанам.

Ән: «Аяулы анашым».Орындайтын Қамидуллиев Жанiбек.

7- оқушы: Туғаннан "құлыным" деп аймалаған,

Өзіңнен қымбат адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой,

Онсыз бір бұлбұл да сайрамаған.

8- оқушы: Бірде ұстаз, бірде әнші, анасыз,

Қыздарға да ақ пейілмен панасыз.

Сіздің жазған әніңізді орындап,

Шаттанып біз, мақтанып бір қаламыз.

Ән: «Анашым» Орындайтын Абдрахманова Асылым

9 - оқушы: Құттықтаймын мейрамыңмен аналар,

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.

Ән: «Алтын аналар».Орындайтын Мукачева Д,Мағауия М.

10- оқушы: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

11 - оқушы: Ана десем, сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе анамның мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

12 - оқушы: Ана десем, шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

13- оқушы О,анашым,

Таянышым,тірегім,

Бар бақытты бір басыңа тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашан да,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Ән: «Ақ ана» Орындайтын Утебаев А, Айғалиев М, Ищанов А

14- оқушы: Ол - ана, адамзатқа қанық үні,

Әр жүрек, әр көңілдің жарық күні.

Ол деген алыбы ғой алыптардың,

Ана тілі емес пе халық тілі.

15 - оқушы: Сәуле кіріп енгенмен саналарға,

Бірте - бірте басқанмен заман алға,

Адам болып жер басып жүрген менен

Алдыменен қарызбыз аналарға.

16-оқушы: Тыныштық - баршамыздың ұранымыз,

Мәңгілік таусылмайтын жыр - әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан,

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

2-бөлім. Ойын «Даусыңнан танимын». Бірнеше бала ортаға теріс қарап тұрғызылады.Олардың аналары арттарында тұрып , «Айналайын» деген сөзді айтады.Балалар өз анасының даусын тану керек.

3-бөлім.Оқушыларға түсті қағаз үлестіріледі. Балалар өздері ұнатқан фигураларды қиып,аналарына тілектерін жазады да тақтаға іледі. Аналары тілектерді балаларының жазуына қарап ажыратады,тілектерін дауыстап оқиды.

Соңы. Ер балалар сыныптас құрбыларына әзірлеген және аналарына дайындаған сыйлықтарын табыстайды.

Қорытынды сөз алған сынып жетекшісі ақиық ақын М.Мақатаевтың «Әйелдер-ау,әйелдер» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.





Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі

«Ана» деп ән салам...

(ашық тәрбие сағаты)

Өткізген:Уразаева Н.Ш.

Ақсуат-2013ж

© 2010-2022