Тәрбие сағаты. Сынып: 2. Сабақтың тақырыбы: Жақсылық - жан азығы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні : 30.01.2015ж. Пәні : Тәрбие сағаты. Сынып : 2 г

Сабақтың тақырыбы : " Жақсылық - жан азығы"

Мақсаты : Оқушылардың "жақсылық " құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

-Оқушыларға жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу.

-Жақсылықты түсіну ,жақсылық жасау іскерліктерін дамыту,сөздік қорларын байыту.

-Оқушыларды жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау

Көрнекілігі : Мақал, жағдаяттар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі :

Психологиялық жаттығу

Шеңбер жасап түрайық.

Алақанды жазайық.

Сәттілік тілеп сабаққа,

Көңілді болайық сабақта!

Күн нұрына қол созып амандасайық

-Қуан, шаттан алақай!

Қуанышты күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң ,қайырлы күн.

Сәлеметсіңдер ме? Амансыңдар ма? Есенсіңдер ме?

- Аспан атадан күш қуат алайық.

Армысың қайырымды Аспан ата !

Армысың мейірімді Жер ана!

- Енді бір -бірімізге жақсы сөз айтып алманы қоржынға саламыз.

-Міне балалар қоржынға алма толды бізде осылай тату,ұйымшыл сабақ өткізейік.

Қызығушылығын ояту:

-Жақсылық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Жамандық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Балалар, өмірде жақсылық пен жамандықты бірге жүруі мүмкін бе?

-Жақсылық пен жамандықты немен алмастыруға болады?

-Жақсы сөз, шынайы тілек адамға қалай әсер етеді?

Табиғатқа назар аударсақ , күн мен түн,ақ пен қара,қуаныш пен қайғы,дос пен дұшпан.Осының барлығы бір-біріне қарама-қайшы,яғни,адам бойында осындай бір-біріне қайшы жаөсы қасиетпен жаман қасиет болады.Бүгінгі сабақта әр қайсысымыз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді және жаман қасиеттерімізді ашамыз.

Жақсы адам көңілі-күн,

Жанға сауле түсірген.

Нашар адам көңілі-түн

Кеудеден отты өшірген. Өлеңнің мағынасын ашу.

Жағдаяттар:

1.Серуен кезінде футбол ойнап жүріп,Серік біреумен соқтығысып қалған.Оның мұрны қанап қалды.Қасындағы балалар футбол ойнап жүре берді.

Көрніс: Балабақшада Раушан қуыршақпен ойнап отыр еді.Ақбота келді де,қуыршағын сұрады.Раушан қуыршақты бергісі келмеді,себебі,ол жаңадан ғанаойнай бастаған еді.Оған қарамай қуыршақты Ақбота тартып алмақшы болды,қуыршақтың қолы жұлынып қалды.

Сергіту сәті:

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.

Тақпақтар

Асыр салып ойнаймыз да, Үлкендерді сыйлаймыз,

Ән шырқаймыз,билейміз, Тентектерді сүймейміз.

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер жалқау болсақ тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,

Қашанда мен үлкендерге жол берем.

Абайсызда қалса біреу сүрініп,

Сол заматта сүйеніш боп қол берем.

Тілін алып кішінің де, кәрінің,

Көңілінен шығып жүрем бәрінің.

Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,

Әдептілік белгісі деп таныдым.

Шығармашылық жұмыс . Орны ауысқан сөзден мақал құрастыру

1. басында Жақсылық ағаш , 2. жоқ жақсы да жаттық

астында Жамандық аяқ 3. жарым сөз -ырыс Жақсы

4. кепкенше Жақсылық жібек орамал -ашуы

Бекіту:

Жақсы әдет

Жаман әдет

Бүгінен бастап........

Өз бойыңдағы жаман әдетті қағазға жазып бөтелкегесаламыз.

"Саған айтар ақылым" (іні,қарындасқа ақыл жазып,ағашқа ілу.

Халық даналығы

Жақсы тамақ адамға,қуат берер!

Жақсы киім адамға,жігер берер!

Жақсы баспана,басыңа бақ берер!

Жақсы жұмыс астыңа, тақ берер!

Жақсы досың сырласың!

Жақсы жарың мұңдасың!

Жақсы балаң ізбасарың!

"Табиғаттағы барлық жылу-күннен,өмірдегі барлық жылу-адамнан" демекші мен сендерге сол күннің жылуындайбір-бірлеріңе жылу,жақсылық жасаңдар деп күннің суретін сыйлаймын. Жақсылық жасауға ұмтыл.


А.Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназия











Тәрбие сағаты:

" Жақсылық- жан азығы"











Дайындаған: Кажимова.Б.А.










Орал-2015ж

© 2010-2022