Кітап-өмір ұстазы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Кітап - өмір ұстазы
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер.
Жүрісі
Ұйымдастыру .
Кіріспе.
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.

Кітап туралы не білеміз?

Мұғалім: Кітап - заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, ертегі, әңгімелермен сыр шертіскен кітап - біздің ең жақын ақылшымыз.

1 - оқушы: Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

2 - оқушы: Орманшының аялы

Алақаны өсірген

Сансыз ағаш саяла,

Қағаз үшін кесілген.

3 - оқушы: Ағаш кесіп қанша адам,

Ормандарда жүреді.

Аға қанша шаршаған

Ағаш тиеп үнемі.

4 - оқушы: Машинист боп жасынан,

Дүбірлетіп даланы.

Сол ағаштан тасыған,

Білер ме көп ағаны.

5 - оқушы: Заводтарда күні - түні,

Қағаз жасап бағалы

Қанша адамның кім үшін,

Маңдай тері тамады?

6 - оқушы: Оқулықты баршаға,

Талай ғалым қолға алып.

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

7 - оқушы: Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып не түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қанша уақыт отырды.

8 - оқушы: Әріп теру үшін де,

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде,

Айлап тыным көрмеді.

9 - оқушы: Оқулықты мектебің

Берер саған теп - тегін.

Білмейсің -ау сен бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін.

10 - оқушы: Оқулығың құралың,

Жоғары білім шырағың.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір адым.

11 - оқушы: Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Мұғалім: Балалар, ортамызға кітапты шақырайық.

Кітап: Балалар, мен білім көзі - кітаппын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштардан қағаз шығарады. Содан соң авторлар жазады, суретші ағайлар суретс алады. Баспахана суреттер мен жазуларды жазып шығарады.

Мұғалім:Кітап, ендеше сен, бүгін бізде қонақта болып, балалардың өнерін тамашалап қайт.

2-оқушы: Адамның досы кітап - өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлкі.

Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ой - қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ - шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысаң кітап сырын ашып терең.

3-оқушы:Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті және өнерлі болу керек. Ол үшін терең білім, ғылыми жаңалықтар, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітаппен тынымсыз еңбек етуіміз керек.

Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер?
4-оқушы: Кітап маған тақтан да қымбат. Шекспир.
5-оқушы: Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай.

Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен
Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма!
Қорытынды.

Мұғалім: Кітап - біздің рухани жан азығымыз. Өмірдің қиын сәттерінде сенімді сырласымыз, адал досымыз.Кітап - жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Ақыл кеңес, тәлім -тәрбие, үлгі - өнеге береді. Елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға мейірімділікке баулиды. Сондықтан кітапты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды.



© 2010-2022