Өнерін өрлеткен топ, 6 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ағаділова Меңтай Ертайқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

№104 жалпы білім беретін мектебі

Алматы қаласы

Пәні: Музыка

Сыныбы: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы:Өнерін өрлеткен топ

Сабақтың мақсаты:Камералық ансамбльдегі аспаптармен танысу

Білімділік:Қазақстан камератасын өзге халықтардың ойнауы

Дамытушылушылық:Қазақстан камератасының құрылуы,тарихы

Тәрбиелік:Оқушыларды өнерге баулу,эстетикалық талғамын арттыру

Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың көрнекілігі: домбыра, үнтаспа, суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру

Үй тапсырмасын сұрау Жаңа сабақ: «Қазақстан камерата» ансамблі 1997 жылы құрылған.Профессор Гауһар Мырзабекова консерваторияның ең мықты 16 түлегінен тұратын талантты жас музыканттардың басын қосып, камералық ішекті аспаптар ансамблін жасақтады. Ансамбльдің атын «Камерата» деп атайды. Камерата Италияның «самера» деген сөзінен шыққан, яғни «бөлме» немесе «палата» деген ұғымды білдіреді. Бұл ансамбльдің ерекшелігі әрбір музыкант жеке солист болуымен қатар, өте шебер орындаушы болып саналады. «Қазақстан камератасы» жас музыканттардың ұжымынан тұрса да, олар өздерінің жоғары кәсіби деңгейін көрсете білді. Ансамбль репертуарының ауқымы кең. Ансамбль көне классикалық шығармалардан бастап, жаңа заман туындыларын орындап келеді. Оркестр әртістерінің ең жоғары орындаушылық шеберлік талап етіледі. ХҮІІІ ғасырдың көне скрипкаға арналған шығармаларын орындау үшін ансамбль музыканттары ақсүйектер заманынан жеткен аса сыпайылық пен тәрбиелілікті ұстана отырып, сол уақыттағы музыка орындау шеберлігін көрсетуге талпынады. Тыңдаушылар мен көрермендер болса, ұлы Антонио Вивальди мен Йосеф Гайднның туындыларындағы ішкі сезім әлеміне бойлап, сол заманның көңіл күйін сезіне алған. Неміс композиторы Франц Шуберттің «Ажал мен қыз» атты шығармасы орындаушыдан ерекше психологиялық көңіл күйді талап етеді. Музыканттар ауыр оқиғаны бастарынан кешіріп, өздері жан- тәнімен сезінгендей, шығарманы терең тебіреніспен орындайды. Ал ХХ ғасырдың жаңа заман композиторы Альфред Шниткенің күрделі сонатасын орындағанда музыканттардың келбеті мүлде өзгеріп қоя береді. Скрипка аспабы осы заманның алай-дүлей қарқынын сезінгендей,бірде қатқыл, бірде баяу, бірде бірде шапшаң, бірде бәрін жайратып салғандай әсерге бөлейді. «Камерата» ансамблінің репертуарында Тілес Қажығалиев, Мансұр Сағатов, Алмас Серкебаев, Қуат Шілдебаев, Серік Әбдінұров сынды қазақ композиторларының шығармалары бар. Ансамбль бүгінгі заманның шығармаларын үлкен ықыласпен орындап келеді. Қазақ композиторларының шығармалары тек Қазақстан тыңдармандарын ғана емес, шет мемлекеттер тыңдармандарының да қызығушылығын артыруда. «Қазақстан камератасы » ансамблінің жоғары деңгейдегі орындау мәдениеті оларды тек қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген мемлекеттерінде танымалдыққа жеткізді. Ансамбль Венгрия, Чехия, Германия, Македония, Түркия, Ұлыбритания, Франция, Жапония мемлекеттерінде өнер көрсетіп, үлкен абыройға ие болды

Ана туралы жыр

Әні:Ш.Қалдаяқов

Өлеңі:Ғ.Қайырбеков

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған,

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған

Балалық құштарым

Өзіңе арналған

.

Қорытынды

1».Қазақстан камератасы» камералық ансамблі қашан құрылды?

2.Ансамбльдің құрамында кімдер болды?

3.Не себепті « камералық музыка» деп атайды?

Бағалау

Үйге тапсырма Өнерін өрлеткен топ



© 2010-2022