Бунақденелілер Ашық сабақ 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бунақденелілер Ашық сабақ 2-сыныпДүниетану

(2 сынып)

Сарымсақова Айсәуле Баймұратқызы

Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім

беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға бунақденелілердің сан алуандылығын олардың тіршілік ету ортасы және дамуы туралы түсінік беру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Өзін-өзі дамытуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. 3. Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа және табиғатты сүюге тәрбиелеу. Сабақтың көрнектілігі: Интератифті тақта, плакаттар, кеспе қағаздар. Пән аралық байланыс: Экология Сабақтың әдісі: Өз бетінше оқып, танып білу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. «Сүтқоректілер» тақырыбын оқыту
  2. Түсінгендерін айту.
  3. Сұрақ-жауап арқылы қорыту.( Интерактифті тақтадан көрсету)
  1. Сүтқоректілерге нелер жатады?
А. Балық, ағаш, құстар Ә. Жолбарыс, піл, қой. Б. Үйрек, бақа, ара. 2. Үй жануарларына нелер жатады? А. Мысық, ит, қасқыр. Ә. Маймыл, барыс, қоян. Б. Түйе, жылқы, сиыр. 3. Жабайы жануарлар қалай қоректенеді? А. Қорегін өздері тауып жейді. Ә. Адамдар өоректендіреді. Б. Өсімдікпен қоректенеді. ІІІ. Жаңа сабақ 1 слайд. Интерактифті тақтадан жұмбақ жасыру, оның жауабын табу. Жұмбақ Ұшып жүрген гүл көрдім, Қонғанда ұстап үлгердім. (Көбелек) Ине бел, қылқы мойын, қара батыр Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырсқа) Еңбегі бапты, емгені тәтті Өмірлік нәрін гүлдерден тапты. (Бал арасы)
  • Олай болса, көбелек, құмырсқа, бал арасы қай топқа жатады?
Бунақденелілерге жатады. 2слайд. Бунақденелілер туралы кинофильм көрсету. 3 слайд. Бунақденелілер туралы түсіндіру. Бунақденелілер Ашық сабақ 2-сынып Бунақденелілер-ғаламшардың кез келген түкпірінде тараған. Олардың 7000000 (миллионға жуық) түрі бар деп есептелінеді. Олар туақанатсыздар және қанаттылар деп аталады. Бұлардың денесі үш бөліктен құралады. Бас, көкірек және құрсақ бөлімдері деп аталады. Бунақденелілердің барлығы 3 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болаады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунаққденелілер демтүтік арқылы тыныс алады. 4слайд. Бунақденелілердің суреті. 1-ші қатарға тапсырма: Бұлар жер бетіндегі жорғалап, ауада ұшып жүріп тіршілік етеді.. Инеліктің дернәсілі суда тіршілік етеді. Ол-жыртқыш. Инелік дернәсәлінің аяқтары су түбінде жорғалап жүруге ғана жарайды. Сондықтан омыртқасыздар халық арасында өсімдіктер зиянкестері және адам ауруларын қоздырғыштарын, тасмалдағыштар ретінде таныс. Шынында да, олардың арасында қауіпті ауыр шаруашылық зиянкестері, адам мен жануарлардың масылдары, олардың ауру қоздырғыштары тасмалдаушылар, орман зиянкестері, тамақ қорының зиянкестері және т.б. кездестіреді. 2-ші қатарға тапсырма: Топырақ құнарлығын арттыруда омыртқасыздардың атқаратын қызметі өте зор. Топырақ түзуші жануарларға көптеген қарапайымдылар, жауын құрттары, есек құрттары, топырақ насикомдары мен өрмекшітәрізділер жатады. Бұл жануарлардың пайдалы қызметі, яғни ауыл шаруашылық өсімдімдіктерінің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Бұл топқа омыртқасыздар, табиғат тазалаушылары, яғни өлі органикалық заттарды пайдаға асырушылар жалғасады. 3-ші қатарға тапсырма: Кейбір омыртқасыздар суды тазалайды. Ең алдымен жағалау өсімдіктер үстінде ұшып жүрген инеліктер бірден көзге түседі. Инеклік - торкөзді үлкен қанаттары бар өте әдемі жәндік. Оның ұшқанын бақылау өте қызғылықты. Кейде ол екпіндей ұшып, кенет бір орнында қалықтап тұрып қалады. Халық мұны «инелік биі» дейді. Инелік-қомағай жәндік Ол күні бойы бунақденелерді аулап, ұстап жейді. Инелік-пайдалы жәндік. Есте сақта! Қаңқыз арнайы зертханада өсіріп, бау-бақшаларға, егістікке жіберіледі. Зиянды бунақденелілер жұлдыз, картопқоңыз, бит, қандала т.б.
  • Кітаппен жұмыс: тақырыпты өзім оқып беремін.
  • Дәптермен жұмыс
5 слайд
Ауа-рай

Бунақденелілер

Жұмбақтар Алты аяқты,Бунақденелілер Ашық сабақ 2-сынып Төрт қанатты. Аң да емес, Құста емес, Бір елес. Бунақденелілер Ашық сабақ 2-сынып
Әрлі гүл, Әрлі гүлдің үстінде Жаңды гүл.

Жұмбақтарды шеш. Суреттерді боя ІҮ Сабақты бекіту 6. слайд. «Кім шапшаң» ойыны арқылы таблицаны толтыру.

Пайдалы

Зиянды Қаңқыз Бүрге, бит Ара Маса Құмырсқа Кене Инелік Бүйі
Ү. Оқушыларды бағалау. ҮІ. Үйге тапсырма беру. Бунақденелілер тақырыбын оқу және бунақденелерді зерттеу.

Сабақтан тыс

(3 сынып)

Сарымсақова Айсәуле Баймұратқызы

Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім

беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі


Тақырыбы: Кім білімді, кім тапқыр? Мақсаты: Білімділік: Әр пәндер бойынша білімдерін толықтыру, көркем сөздермен өз тұжырымын жасай отырып, сөздерді орынды қолдануға жетілдіру. Дамытушылық: Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой өрісін, дүниетанымын дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, ана тілін сүюге, ұжымдыққа, ептілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, ойын ойнау Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Біздің ережеміз. -Бір - бірімізді тындау, сыйлау -Белсенділік таныту -Уақыт үнемдеу -Сұраққа толық жауап беру -Сөйлеушінің сөзін бөлмеу І. Кезең. «Таныстыру» әр топ өздерін таныстыру. ІІ. Кезең «Ана тілім-ардақтым» - ана тілі пәнімен байланысты (42 әріп ішінен бір әріпті тандап алады, тандалған әріп бойынша сұрақтарға жауап береді.) ІІІ.Кезең. «Тапқыр болсаң, тауып көр» математикалық қызықты сұрақтар мен санамақ айтысы. ІҮ. Кезең «Табиғат әлемі қызық-ақ» дүниетану пәні бойынша. Ү. Кезең «Менің Отаным - Қазақстан» - сұрақ-жауап Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Біздер де шықтық топтасып. І. Кезең «Таныстыру» әр топ өздерін таныстыру. Жүргізуші: Сүйемін туған тілім - ана тілін, Бесікте жатқанымды - ақ берген білім. С. Торайғыров Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз - біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз. Ана тілін жетік білу үшін жас кезінен халық ауыз әдебиетін - ертегілерді, аңыздарды, өлең-жыр, дастандарды, мақал-мәтел, жұмбақ- жаңылтпаштарды естіп, тыңдап, көп оқу керек, ұлы ақын - жазушыларынан үйрену керек. Сонда ғана адам өз ана тілінде мәдениетті сөйлей алмақ, сонда ғана сауатты, өз елінің нағыз азаматы болмақ. ІІ. Кезең «Ана тілім - ардақтым» - ана тілі пәнімен байланысты. (Мысалаға «н» әрпін тандаған болса, жауап «н»-дан басталып отыру керек)

  1. Атын кім? 1. Сен қандай боласың?
  2. Қайдан келдің? 2. Қандай спортты жақсы көресің
  3. Немен келдің? 3. Мектепте саған не ұнайды?
  4. Қандай облыста тұрасың? 4. Мектеп кімнің атында?
  5. Қандай тамақты жақсы көресің? 5. Қандай гүлді білесің?
  6. Жасың нешеде? 6. Анаңа ре сыйладың?
  7. Әкең аты кім? 7. Қандай түсті ұнатасың?
  8. Кеше қайда болдың? 8. Мұғалімің кім?
  9. Қандай сабақты жақсы көресің? 9. Неше бөлмелі үйде тұрасың?
  10. Нені ұнатпайсың? 10. Сабақтан соң қайда барасың?
  11. Не тәтті? 11. Не қымбат?
  12. Кім жақын? 12. Не қиын?
Жүргізуші: Математика- Ең маңызды ғылым бұл. Сондықтан да сондықтан Сол ғылымның тілін біл. ІІІ. Кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр» математикалық қызықты сұрақтар мен санамақ айтысы. 3 саны туралы не білеміз? 3сарсыз: ұйқы, күлкі, тамақ. 3 тәтті: жан - тәтті, жар -тәтті, бала - тәтті. 3 жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. 3 би: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. 3 қонақ: арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ. 3 кедейлік: көжірлік, еріншектік, ұйқы. 5 саны туралы не білеміз? 5 қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта. 5 асыл, 5 дұшпан 5 мүше: көз, құлақ, тіл, мұрын, ауыз 7 саны туралы не білеміз? 7 қазына 7 күн 7 шелпек Жұт жеті ағайынды 7 жоқ Жерде өлшеуіш жоқ Аспанда тіреуіш жоқ Таста тамыр жоқ Тасбақада талақ жоқ Аллада бауыр жоқ Жылқыда өт жоқ Аққуда сүт жоқ Санамақтар айтысы. (бір оқушы шығып бір санамақты бастайды, кез-келген жерден келесі оқушы жалғастырып алып кетеді.) Жүргізуші: Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік Бір - бір ағаш егейік. Текке отырмай жасымыз бен кәріміз Таза ауа үшін терімізді төгейік. ІҮ. Кезең «Табиғат әлемі қызық - ақ» дүниетану пәні бойынша (Әр топ мүмкіндігінше сұраққа тез жауап беру керек)
  • Сұрақ - жауап
  • Әлемдегі ең кішкентай құс? (Калибри)
  • Қай құс жұмыртқа баспайды? Өзін атын қайталайды? (Көкек)
  • Ағашты тазалайтын орман санитары (Тоқылдақ)
  • Тіршілік атауына қажет атауларды ата? (Ауа, су, жарық, қорек, жылу)
  • Құлағы үлкен жануар (Піл)
  • Улы жылан (Кобра)
  • Киелі құс (Қарлығаш)
  • Суретке қарап не екенін тап.
  1. Қоян томардың арғы жағында отыр.
  2. Аю ағашқа өрмелеп барады
  3. Құмырсқа саңырауқұлақтың артында тығылып тұр
Жүргізуші: Қазақ деген халықтың, Ұлы менен қызымыз. Анамыздай тілеуі ақ Отан бізде біреу-ақ (Керекті мәліметті таныстырып, осы бойынша сұрақтар қою. Есте сақтау қабілеттерін сынау.) Ү. Кезең «Менің Отаным - Қазақстан» - сұрақ - жауап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - тік бұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттың өрнек салынған тік жолақ бар. Тудың ені-1 метр, ұзындығы - 2 метр. Тудың авторы - Шәкен Ниязбеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір көк аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Оны аңыз әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр. Жоғарыда дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Қазақстан деген жазу бар. Авторы - Жандарбек Мәлімбекұлы, Шота Уәлиханов. Қазақстан Республикасы- демократиялық зиялы және біртұтас мемлекет. Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды Қорытындылау. Жүргізуші: Әділқазы болды бүгін, Ұстаздар ғой біздердің. Әділдікпен бағалады, Өнер - білім сайысты. Әділқазыларға сөз беріледі.



© 2010-2022