Конспект урока по казахскому языку Бастауыш

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты:

Қазақ тілі

Уақыты:


Кабинет:

Мұғалім:

Масабаева Ақкенже

Сабақтың атауы

Бастауыш

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты:білімділік -Бастауыш туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, негізгі мәселерді қайта жаңғырту, қызығушылығын ояту;

Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру;

Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ - жауап, ізденушілік, талдау.

Көрнекілік: сөзжұмбақ,тірек сызбалар, көмекші құралдар.

Ынтымақтастық атмосфера (1мин)

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту. Балалар біздің бүгінгі сабағымыз трнинг түрінде өтеді 3- топ болып берілген тапсырмаларды орындайсындар.

  1. топ Ботақандар

  2. топ Қошақандар

  3. Құлыншақтар

Топ басшысын сайлау

Топтың ережесі:

Ұйымшылдық

Тыныштықты саақтау

Бір - бірін тыңдай білу

Уақытты үнемдеу

Шапшаңдық

Ұқыптылық

Әділ бағалау

Үй тапсырмасы: 21- жаттығуды тексеру. Сөйлем мүшелерінің ережесі

Көгершін бұтақты суға салыпты.

Уй тапсырмасын бекіту:

  1. топ Ботақандар Сөйлем мүшелерінің ережесін сұрау

  2. топ Қошақандар Сұрақтарын сұрау

  3. Құлыншақтар Мысал келтіру

Жаңа сабақ: Бастауыш

Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақты тақырыпты шығарып алу. Түсіндіру. Сұрақтарымен, ережесімен таныстыру.



  1. Тапсырма . Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің астын сызып сұрақ қою.

Жел соқты. Бұлт қоланды. Жаңбыр себеледі. Оқушы оқыды. Малшы бақты.

  1. Тапсырма.Жұмбақты шешу. Әр сөйлемдегі бастауышты табу

Дала тегіс сарғайды,

Шаруа қысқа қамданды.

Күн қысқара бастады,

Тауға тұңғыш қар жауды.

  1. Топқа тапсырма беріледі.

1-топқа. Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып, сұрақ қою

2- топқа. Сәйкестендіру

Жерді немен жыртады? дәнсепкіш

Дәнді немен себеді? комбайн

Егінді немен жинайды? Соқа

  1. Топқа. Бастауыштың сұрағын, көпше түрдегі сұрақтарын, мысалын , Қандай мүше екенін жазу.

Сұрақтары: Кім? Кімдер? Не? Нелер? Кім? Несі?

Тұрлаулы мүше

Мысалы: Қалам, кітап, бор

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға- оңға түзу тұр,

Солға - солға түзу тұр.

Жоғары - төмен қарайық,

Бойымызға күш жинап,

Бір тынығып алайық

Ой сергітеді,шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Жұптық жұмыс беріледі.

Берілген бастауыштарды қатыстырып сөйлем құрау.

Ата, әже, немере, ауыл, қонақ

Топ аттарына байланысты бекіту яғни топ аттарына сұрақ қойып, жекеше түрде ма? Көпше түрде ма? Ненің төлі екенін сұрау.

Бағалау

Сабақ соңында жоғары ұпай жинаған балаларды бағалаймын. Қолдарындағы смалик арқылы бағаланады.


Рефлексия.

ББү кестесін толтыру

Конспект урока по казахскому языку Бастауыш

Конспект урока по казахскому языку Бастауыш

Конспект урока по казахскому языку Бастауыш



© 2010-2022