Қазақ тілінен ашық сабақДауыссыз н мен ң

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Қазақ тілінен ашық сабақДауыссыз н мен ңҚазақ тілінен ашық сабақДауыссыз н мен ңҚазақ тілінен ашық сабақДауыссыз н мен ңҚазақ тілінен ашық сабақДауыссыз н мен ңҚазақ тілінен ашық сабақДауыссыз н мен ңҚазақ тілінен ашық сабақДауыссыз н мен ңҚазақ тілінен ашық сабақДауыссыз н мен ң

Күні:

6. Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз н мен ң (184 - 189 жаттығулар)

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтай отырып, дауыссыз н мен ң туралы білімдерін бекіту мақсатында жаттығу жұмыстарын орындату;

2. Алған білімдерін пайдалана отырып, ой қорыту, пікір айту, дәлелдеу дағдыларын дамытып, ой-өрістерін жетілдіру, дыбыстық жүйе туралы білімдерін арттыру;

3. Оқу білімге деген құштарлықтарын арттыра отырып, сауаттылыққа, әдемі таза жазуға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекіліктік, түсіндірмелі, талдау-жинақтау, т.б.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар

Қосымша материалдар: үлестірмелі дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Балаларды сабаққа дайындау

2. Үй тапсырмасын тексеру: Жазып келген хабарландыруларын оқыта отырып тексеру

3. Өткенді пысықтау: - Дыбыс дегеніміз не? әріп деген не? дыбыстың қандай түрлері бар?

ДЫБЫС- Тақтада берілген сызбаны толтырайық:

ДАУЫСТЫ

ДАУЫССЫЗ

ҰЯҢ

ҮНДІ

ҚАТАҢ

ЖУАН

ЖІҢІШКЕ

Сызбадағы дыбыстардың астына тиісті әріптерді жазу.

184 - жаттығу: мәтінді оқытып, талдау жүргізу:

- Мәтін не туралы айтылған екен? Қандай кітаптар бар екен? Ал, өздерің кітап туралы не білесіңдер? Кітаптың адам өміріне қаншалықты пайдасы бар?

- Осы жаттығу мәтініндегі қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазып, дауыссыз дыбыстардың астын белгілеп, сызайық:

Кездесетін, бір жарым, алып, сақтаулы.

4. Жаңа сабақ: 185- жаттығу: Берілген өлеңді оқыту, жаттату, жатқа жаздыру:

- Өлең не туралы екен? түйе қандай жануар? (сипаттама беру) Өлеңдегі н, ң әріптерінің астын сызу,

- Мыналар ненің суреттері? Аю, қоян - осы сөздерде қандай қосарлы дыбыстар бар? Қазақ тілінен ашық сабақДауыссыз н мен ң

Қазақ тілінен ашық сабақДауыссыз н мен ң(я мен ю). Олар неге қосырлы дауысты дыбыстар? Кәне ендеше я мен ю әріптері бар сөздер ойлап айтайықшы. (оқушылар өздері сөздер ойлап табады. Сол ойлаған сөзде-ріне сөйлемдер құратып, тақтаға жаздыру)

5. Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың, Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық.

188 -жаттығу: берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау:

Таяқ, үзеңгі, рәсім, лашын, жүйрік.

Таяқ - 4 әріп, 4 дыбыс, 2 буын, т - д\з, қатаң, а - д\ы, жуан, я - дауысты, қосарлы, н - д\з, үнді;

Үзеңгі-6әріп,6дыбыс, 3буын ү-д\ы, жіңішке,з-д\з, ұяң, е-д\ы, жіңішке, ң-д\з, үнді, г-д\з,ұяң, і-д\ы, жіңішке

189-жаттығу: мәтінді оқып талдау жасау, жоспар құру:

  • Мәтін не туралы екен? қоянның салмағы қанша болады екен? Мәтінде тағы басқа қандай аңдардың аты аталған? Қоян өз өмірін қалай сақтайды екен? Лның түсі туралы не білуші едік? Мәтіннің жоспары:

І. Қоянның мекені ІІ. Қоянның жауы

Жоспар бойынша мәтінге сүйене отырып, өз сөздерімен шағын мазмұндама жазу, жазғандарын оқыту;

6. Бекіту: Сюжетті суреттермен жұмыс жүргізіледі: оқушылар сурет бойынша сөйлемдер құрайды.

Суреттегі басты кейіпкерлерді тауып, солардың атауларына дыбыстық талдаулар жасайды.

186-жаттығу: кестедегі бос торкөздерге кеспе әріптердің ішінен тиісті әріптерді ілу:

Ұяң

Үнді

Қатаң

...

...

...

7. Қорытынды:

- Бүгінгі сабақта қандай тақырыптарды, дыбыстарды еске түсіріп, пысықтадық?

- Сонымен дауыссыз дыбыстарының айтылуында қандай өзгешелік бар екен? б мен п, к мен қ, к мен ғ, н мен ң әрпінің қандай жазылу ерекшелігі бар екен? Бірнеше мысалдар келтірте отырып, сабақты қорытындылау;

  1. Үйге тапсырма: 61- беттегі тест тапсырмасын орындап келу;

  2. 9. Бағалау.



© 2010-2022