Сабақ жоспары: Таза бұлақ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

20.01.16ж. Тақырыбы: Таза бұлақ. Ы.Алтынсарин.

Мақсаты:а) Мәтінді түсініп оқуға, автордың ой түйінін таба білуге үйрету;
ә)Оқушылардың өз ойларын әдеби тілде еркін жеткізе білуге төселдіру, сауатты, мәнерлі оқу дағдысын дамыту;б)Оқушыларды зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену.
Көрнекілік: компьютер, интерактивті тақта, оқулық.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге берілген тапсырма қандай еді?- Әңгіменің авторы кім? Ол туралы не білесіңдер?
- Ғалым не істеді? Неге тасты көтерді?
- Тас астынан не шықты?
- Қандай төрешілерге барды?
- Төрешілер не деді?

ІІІ. Суретпен жұмыс.- Суреттен не көріп тұрсыңдар? - Бұлақтың суы қандай?
- Бұлақ суының қандай пайдасы бар? - Бұлақ суының тазалығы, мөлдірлігі көз алдарыңа нені елестетеді?
- Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Таза бұлақ» әңгімесі.

ІV. Жаңа сабақ. Таза бұлақ. Ы.Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданында дүниеге келген. Ата - анасы жастай қайтыс болған ол нағашы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Ол немересін 1850 жылы Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне береді. Оны 1857 жылы Ыбырай үздік бітіріп шығады да, халыққа қызмет етуді бастайды. 1864 жылы алғаш рет Торғайда мектеп ашады. 1879 жылы Орынборда «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын шығарды.1889 жылы 48 жасында ауыр науқастан қайтыс болды.
Шығармалары:Өлеңдері: «Өзен», «Жаз»
Әңгімелері: «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т. б. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
ә) Оқушылардың мәтінді іштей түсініп оқуы. Дауыстап тізбектей оқулары.
б) Мәтіннен бұлақты сипаттаған жолдарды тауып оқыту.в) Мәтінде қызыл түспен ерекшеленген жолдарды тауып оқыту.г) Таста жазылған сөз туралы әр жолаушының пікірін мәтіннен тауып оқыту, өз пікірлерін тыңдау:1. бірінші жолаушының,2. екінші жолаушының,3. үшінші жолаушының,4. өзіңнің пікіріңді айт.
. Сергіту сәті.
. Дәптермен жұмыс: - Таста жазылған сөз туралы әр жолаушының пікірін және өздерінің пікірлеріңді қысқаша көркемдеп дәптерлеріңе жаза қойыңдар.

V. Бекіту.- Бүгін сабақтан не біліп үйрендіңдер? Өз пікірлеріңді айтып көріңдер.

1.Үш жолаушы қайда кез болды? 2.Таста не жазылып тұр?
- «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар».

VI. Қорытынды:
1. Үйге тапсырма: Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқу, мазмұнын айтуға дайындалу.
2. Оқушылардың жауаптарын талдай отырып бағалау



© 2010-2022