Қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілінен сабақ жоспары

Сабақ:

Мектеп: «№ 21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні: 22.12.2015

Мұғалімнің есімі: Скакова А.С

Сынып:2

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны: 1

Сабақ тақырыбы

Қарма-қарсы мағыналы сөздермен танысу.

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Сөз туралы алған білімдерін пысықтау. Қарма-қарсы мағыналы сөздермен танысу.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Қарма-қарсы мағыналы сөздермен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір сөздердің мағынасы қарама-қарсы болатынын түсінеді. Қарма-қарсы мағыналы сөздерді мәтіннен табады.

Кейбір оқушылар:

Қарма-қарсы мағыналы сөздермен танысып, оларды орнымен қолдана біледі, өз ойларын айтып, мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Өз ойларын толық, нақты жеткізуге бағыттау.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Үрпек, үрпек, зәулім, төзім.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Мағынасы қарама-қарсы және жуық сөздер.

Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?

Мәтінмен жұмыс тақырыппен байланыс

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Жаңа сөздерді жазып, мағынасын ұғады. Жаттығу жұмыстарын орындайды.

Алдыңғы оқу Мәндес сөздер

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1-кезең: Қызығушылықты ояту:

- ұйымдастыру

- үй тапсырмасын тексеру;

-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

- белсенді әрекетке жұмылдырылады;

- ойлау жұмысына ынталандырылады

Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Топқа бөлу

Келісімге келіп, топ ережесін еске түсірейік

Өткенге шолу

Бағалау парағын топ басшылары толтыра бастайды.

  • 240- жаттығудың орындалуын тексеру.

  • Ережені айтып, мысалдар келтіреді.

Оқушылар іс-қимылдар арқылы қайталап айтады.

Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріп, түсінгендерін, білгендерін айтады



Оқулық, дәптер, бағалау парағы



Электрондық оқулық



Анаграмма



Семантика-лық карта


Бағалау парағы

Суреттер

2-кезең: Мағынаны ажырату:

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады

Қ. МырзаӘлінің "Қырсық"өлеңімен сабақты ашу.
Сен оған:- Аласа - десең,
Ол саған:- биік,- дейді.
Сен оған:- Кіші ғой!- десең,
Ол саған:- Үлкен!- дейді...

Электрондық оқулық арқылы жаңа тақырып түсіндіріледі.
* Өлеңде қандай сөздер кездеседі?
* Оқушылар өздері ереже шығарады.
- Тілімізде мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер болады. Ол сөздер қарама - қарсы мағыналы сөздер деп аталады.
Мыс: алыс - жақын, Ащы - тұщы т. б.
«Қабырғаға қарап оқу» әдісі

Геомтриялық фигураларды орналастырып, қарама - қарсы сөздерді табу.
Анаграмма шешу.
Рісте, зутү, сыжақ.

Сұрақтарға жауап береді

Сөздерге тұжырым жасап, ереже шығарады.

Жаңа сөздерді жазып, мағынасын ұғады.

Сөздерді табады.

Анаграммадағы сөздерді табады, ол сөзге қарама-қарсы сөз айтады.

3-кезең:

Ой-толғаныс:

анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізед

синтез, бір сабақ қорытындысы

Оқулықпен жұмыс

І топқа 243 - жаттығудың бірінші тармағын орындайды.

ІІ топқа 243 - жаттығудың екінші тармағын орындайды.

ІІІ топқа 243 - жаттығудың үшінші тармағын орындайды.

Бағдаршамның түстерін карточкалар арқылы оқушының өз біліміне қатысты сенімділігін көремін.

Дәптерге орындау.

Семантикалық карта
Сөздер -----үй ---- ащы -- ағайын --- үй -- туыс --- тұщы
Мәндес сөздер
Қарама қарсы мағыналы сөздер
Әр түрлі мағыналы сөздер

Сергіту сәті

244 - жаттығу «Жұптық жұмыс» әдісі арқылы орындалады.

«Бағдаршам» әдісі

-Оқушылардың әрбіреуінің жұмысына сәйкес бағаларын айтып шығу.

«Стоп-кадр» әдісі арқылы 245-жаттығу орындалады. Барлық топқа бір тапсырма беріледі.

Оқушылар өз ойларын айтады. Тапсырманы орындайды.

Бағдаршамның түстеріне сәйкес өз біліміне қатысты карточкаларды көрсетеді.

Тапсырмаларды орындайды.

Топ басшы топ мүшелеріне қалыптастырушы бағалау парағы арқылы бағалайды.

Келесі оқуға арналған тапсырмалар

(үй тапсырмасы)

247- жаттығу, ережелерді түсініп жаттау, мысал келтіру.

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парағы топбасшысы топ мүшелерін бағалау.

Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзы-реттілік. Құндылықтармен

байланыс.

- Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздерге мысал келтіріеңдер.

Мәндес сөздер деп қандай сөздерді айтамыз, мысал келтіріңдер.

Бағдаршам әдісі бойынша

(«бағдаршамның түстерін қарындаштар арқылы оқушының өз біліміне қатысты сенімділігін көремін)

Қызыл- түсінбедім

Жасыл- барлығы түсінікті

Сары- түсінбегенім бар

Әдебиеттік оқу

Сыныпта қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері орындалды

Электрондық оқулықты пайдалану

Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі:

Қарама-қарсы мағыналы сөздерді мәтіннен тауып оқып, мағынасын түсінді.

Оқушы оқу мақсатына талпынады, себебі:

Сөз туралы, мәндес және қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы өткен сабақта алған білімдерін пысықтады.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Оқу неге бағытталған болды?

Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен?

Оқу мақсаттары шынайы, нақты қойылды деп есептеймін

Сөз туралы алған білімдерін толықтыра түсті. Қарма-қарсы мағыналы сөздермен танысты. Кейбір сөздердің мағынасы қарама-қарсы болатынын түсінді. Қарма-қарсы мағыналы сөздерді мәтіннен тапты. Қарма-қарсы мағыналы сөздермен танысып, оларды орнымен қолдана білді, өз ойларын айтып, мысалдар келтірді.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. «Қабырғаға қарап оқу» әдісі Геомтриялық фигураларды орналастырып, қарама - қарсы сөздерді табу.
2 «Стоп-кадр» әдісі арқылы 245-жаттығу орындалуы.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Қойылған сұрақтар нақты, түсінікті болды деп ойлаймын

2.Менің жоспарыма қосымша енгізілген: .

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетің не білдім?



© 2010-2022