Открытый урок по математике на тему 104 6, 624: 6 түріндегі көбейту және бөлу (3 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 18 орта мектебі


Математика

Сабақтың тақырыбы: 104 Открытый урок по математике на тему 104 6, 624: 6 түріндегі көбейту және бөлу (3 класс) 6, 624: 6 түріндегі көбейту және бөлу.

Ашық сабақ

3 «Ә» класс


Мұғалімі: Исмурзина Н.Қ.


2014 - 2015 оқу жылы

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: 104*6, 624:6 түріндегі көбейту және бөлу

Мақсаты:Үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу,көбейтуді меңгерту, ауызша ,

жазбаша есептеулерін жетілдіру.

Функционалдық сауаттылығын жетілдіру.

Ұқыптылыққа , шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Балалар , біздің бүгінгі сабағымыз алған білімдеріміздіпысықтай отыра ,

күнделікті өмірде сол білімімізді пайдалана алатындай жағдайды көздейді.

Жақсы оқып сабақты ,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Бас иіп , бәріміз.

-Ал енді біздер бүгінгі сабақта неше мысал, неше есеп шығара алар екенбіз.

ІІ. Тірек , білім , білік дағдыларын белсендіру.

«Ойлану -жетістік негізі». (ауызша есептер)

43*2=86 160:4=80 102*4=408

32*4=68 450:9= 50 203*3=609

75*3=225 180:9=20 240*2=480

25*4=100 226:2=118 220*4=480

Аспаз 30 күнде 300 торт пісіреді. 10 күнде неше торт пісіреді? (100)

5 м мата 450 тг тұрады. Осындай 8 м мата қанша тұрады? 450:5*8

Шешей 4 кг қант сатып алды да , 444 тг төледі. Осындай 8 кг қант қанша тұрады?

440:4 , 110*8.

Шаршаның периметрі 24 см. Шаршының ауданын тап. 36 см 2

Оқу материалдарымен бастапқы танысу.

ІІІ. Оқу материалдарымен бастапқы танысу.

Оқулықпен жұмыс, жаңа сабақты қорытып шығару.

Көркем жазу. 572

-Жаңалық бөлімі.

«Жаңа білім, жаңа биіктерге жетелейді»

Алғанқы бекіту. (оқулықтан тапсырма орындау)

«Өзіңді шыңдай біл». (өз бетінше жұмыс)

Сергіту сәті.

«Өтілгенді пысықта , есте сақта әр уақытта»

28*х=36+20 42:х=7*3 х+(240-15)=450

28*х=56 42*х=21 х+225=450

х=56:28 х=42:21 х=450-225

х=2 х=2 х=225

«Ұшқыр қиял» (логикалық тапсырмы)

Айжанда 45 қарындаш болды. Ол біреуін ағасына бергенде , олардың қарындаштарының саны бірдей болды. Ағасында неше қарындаш болған?

Қайын ағашында 3 алма, ал қарағайда 2 алма өсіп тұр , барлығы қанша алма?

Торда көжектің 10 құлағы көрінеді. Тордағы көжектің саны қанша?

2 қыз мектепке бара жатыр .Олар жолда мектептен келе жатқан 4 қызды көрді. Мектепке неше қыз бара жатыр?

Екі жылқының неше аяғы бар?

Бір топ үйрек ұшып барады. Олар 5-еу біреуі жерге қонса нешеуі қалады?

Автобустан түсу үшін алдымен не істеу крек?

Ит мысықты, мысық тышқанды қуалап келеді. Қайсысы бірінші келеді?

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

«Ия-жоқ» ойыны.

  • Үшбұрыштың 3 қабырғасы бар.

  • 2 сағатта 130 мин бар.

  • 9 квадраты -81

  • 2 квадраты- 6

  • 10квадраты-100

  • а-9 әріпті өрнек болып табылады.

  • 120 секундта -3 мин бар.

  • 5 мин- 60 секунд

  • 60 тың 1/2 бөлігі 20

  • 160-тың 1/2 бөлігі 90

Ү. Үй тапсырмасын түсіндіріп беру.

ҮІ. Бағалау.



© 2010-2022