Өзін -өзі тану жолында атты шығармашылық жұмыстары

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

Ә.Жангелдин атындағы орта мектебі

2 «Б» сынып оқушысы Шәріпова Әсел

Қолғанатқызының шығармашылық

жұмысы

Өзін -өзі тану жолында

Ойласаңдар, балалар!

Әлемде сан қызық бар.

Тылсымын оның ұғып ал!

Ол не? Қандай? Қалай?- деп

Көкейде жүрер үш сауал.

Сұраққа жауап іздедім.

Тынымсыз күндер өткердім.

Көп іздеп,танып, кезіктім

«Өзін - өзі тану » пәнінен,

Ұғындым сырын әлемнің.

Оқысаңдар, балалар!

Жадыңнан ол табылар

Өз бойыңда болатын

Мінез - құлық , әрекет

Ойға түрлі сын келер.

Қар

Аппақ , аппақ , аппақ қар

Мамықтай үлпек, жұмсақ қар

Көптен күткен ұлпадан,

Соқты балалар аққала.

Маңайдың бәрі ақ отау

Оюын аяз салғандай,

Көрініп тұр өрнегі

Терезенің алдынан.

Тәуелсіздіктің ақ таңы

Бақыттың таңы атты деп,

Ақ көгершін жар салды,

Баянды болып әр күні

Еркіндік әні шырқалды.

Қаншама жастар қан төкті

Жанын да пида еткендер-

Қайрат, Ләззат,Сәбира

Ертеңін ойлап жан кешті.

Рухына аға - апамның

Мың тағзым етер жас ұрпақ.

Ескеріп жүрер қашанда,

Тасқа жазылған есімін.

Жұмбақ

Бұлбұл құс сайрайды екен сандығымда,

Ұшарға қанаты жоқ аңдығанға

Өнерін байқасаң сан түрлі

Үш тілде сөйлейді екен шындығында.

(ұялы телефон)

© 2010-2022