Дүниетану Мал шаруашылығы (2-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды қаласы,

№ 95 МГ

бастауышсынып мұғалімі

Сулейменова Толганай Сериковна



Пәні: Дүниетану 2 «Ә» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Мал шаруашылығы

Мақсаты: мал шаруашылығы және оның пайдасы туралы ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы сыни тұрғыдан ой қорыту және тақырыптық талдау жасай білу.

Міндеттер:

  • төрт түлік малдан алынатын өнімдер туралы білімді кеңейту;

  • өзіндік пікір қалыптастыру арқылытапсырманы өзара талқылау, қорытынды жасау, түйінді ойларды жинақтай білу;

  • еңбекті бағалай отырып, малдың қадір-қасиетін түсіну.

Сабақ түрі: топтық және жұптық жұмыс.

Сабақ типі: жаңа білімді меңгеру

Қолданылатын модульдер:Білім беруде АКТ-ны пайдалану, білім берудегі басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:«Миға шабуыл», «Бір қадам артқа», «Жұбыңды тексер, бағала!», «Болжау», «Жиксо-1», Сергіту жаттығулары, «Жұптас, ойлан, бөліс», «Қосу, алу, қызықты», «Қатесін тап!», «Білемін, үйрендім, білгім келеді...» стратегиялары.

Күтілетін нәтиже:

- мал шаруашылығының пайдасын түсінеді, оның өнеркәсіп саласымен байланысын анықтайды;

- жұптық және топтық әрекетте белсенділік танытады, сыни тұрғыдан баға бере біледі;

- еңбекті бағалай білуді үйренеді, жауапкершілік сезімі нығаяды.

Сабақкезеңі/ уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Дереккөздер

Кіріспе

3 минут









3 минут









3 минут











1-минут А) Психологиялық көңіл-күйді реттеу.

«Ыстық алақан» әдісі

Мақсаты: тұлғааралық қарым-қатынас орнату.

Ә) «Бір қадам артқа» әдісі

Мақсаты: бұрыннан бар білімге сүйенте отырып, ой қозғату.

Б) Топқа бөліну

«Төрт түлік пірлері»

Мақсаты: серіктестік қарым-қатынас жасауға ыңғайлы орта құру.


Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.

-Балалар, көктем мезгілі сендерді несімен таң қалдырады?

-Көктем мезгілі үй жануарларына неліктен тиімді деп ойлайсыңдар?

А)Үй жануарларының суреті арқылы шағын топтарға бөлу.

1-топ - «Шопан ата»

2-топ - «Қамбар ата»

3-топ - «Зеңгі баба»

4-топ - «Ойсыл қара»

Ә)Дәптерге күнді жаздыру.

Ыстық алақанның жылуын сезінеді, достық қарым-қатынасты байқайды.

Ой-пікірлерін ортаға салады. Шағын ойталқысы жүзеге асады.

А)Төрт түліктің суретін алу арқылы шағын топтарға бөлініп отырады.

Ә) Дүниетану кітабын, дәптерлерін даярлайды.

Ауызша мадақтау

«Тамаша!»

«Жарайсыңдар!»

«Епті екенсіңдер...»

Ән әуені «Көктем келді»



Оқулық,

АКТ, №1 слайд

Төрт түлік малдың суреті

№2 слайд

Тұсауке

сер


«Жұбыңды тексер, бағала!» әдісі

Мақсаты:

Бағалау өлшемдерін негізге ала отырып, бірін-бірі бағалау іс-әрекетін жүзеге асыру.



Рефлексия

5 сұрақтан тұратын тест арқылы өткен сабақты пысықтау:

1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері

А) Ю.Гагарин Ә) Т.Әубәкіров Б)Т.Мұсабаев

2.Т.Әубәкіров ғарышқа қай жылы ұшты?А)1991ж.

Ә)1992ж. Б)2008ж.

3.Т.Мұсабаев Ғарышқа неше рет самғады?А)2 Ә)1 Б)3

4.Серік есейгенде кім болуды армандады?А)ұшқыш Ә) ғарышкер Б)бәрі дұрыс

5.Т.Бигельдинов кім деп танисыздар? А) ұшқыш

Ә) ғарышкер Б)мерген

-Серік неліктен ағасының үлкен ұшақпен ұшуын қалады?

- Оның ұялып, өзін ыңғайсыз сезінуіне не себеп болды?

-Шыныменен, шағын ұшақ өмірде қажет деп ойлайсыңдар ма?

Парақта жазылған тест сұрақтарына жауап береді.

Тақтадан дұрыс жауап көрсетілгенде,бағалау өлшемдерін негізге ала отырып, жұптар бірін-бірі бағалау әрекетін жүзеге асырды.

«5» - қатесіз орындалған жұмысқа

«4» - 1 қатеге

«3»-2, 3 қатеге

«2»-4 қатеге

Оқушылар кері байланыс әрекетін жүзеге асырды.

Жиынтық бағалау





Нақты, дәл жауап берген топқа «жасыл» түсті стакан, орташа жауап берген топқа «қызыл» стакан есте сақтауды жетілдіру қажет деген топқа «сары» стакан ұсынылды.

Интерактивті тақта, № 3 слайд, тест тапсырмасы жазылған парақшалар

Негізгі бөлім


Жаңа білімді игерту

«Болжау» стратегиясы

Мақсаты: ой белсенділіктерінің дамуына ықпал ету

Сабақ тақырыбы:

Мал шаруашылығы

«Миға шабуыл» әдісі

Мақсаты: ой қозғау...

«Жиксо-1» стратегиясы

Мақсаты:

тақырыптық-мазмұндық талдау жасау.



Сергіту сәті

Мақсаты:

Ойды және дене мүшелерін сергіту.

«Жұптас, ойлан, бөліс» стратегиясы

Мақсаты:топтық жаңа білімді жинақтау,ынтымақтаса жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету.



Рефлексия

Интерактивті тақтадан төрт түлік және мал шаруашылығы туралы таныстырылым көрсете отырып, сабақтың тақырыбына байланысты болжам жасату.

Сабақтың тақырыбын хабарлау, жалпы мақсатты айту және оқушыларды мақсат қоюға тарту.

  • Мал, шаруашылық сөздерін естігенде ойларыңызға не оралды?

«Мал шаруашылығы» мәтінін оқу.

Сөздікпен жұмыс

Таныс емес сөздердің мағынасын анықтату.

Шүйгін-құнарлы

Биязы - жұмсақ

Түрткі сұрақтар қою:

-Қошақан қай түліктің баласы?

-«Қошақан» деген сөзді тағы қайдан естідіңдер?

-«Қошақан» әнін би қимылдары арқылы орындайық.

Шағын топтарға тапсырмаларды таратып беру:

«Шопан ата» тобы:

1.Мал шаруашылығының қандай пайдасы бар?

2.Қой туралы мақал-мәтелдер жаз, мағынасын түсіндір.

«Қамбар ата» тобы:

1.Шаруашылыққа жылқының қандай пайдасы бар деп ойлайсыздар?

2.Жылқышының еңбегі туралы айтып беру.

«Зеңгі баба» тобы:

1.Мал шаруашылығының мамандары туралы не білесіңдер?

2.Сүт өнімдері туралы постер құрастыру.

«Ойсыл қара» тобы:

1.Шарушылыққа түйенің қандай пайдасы бар?

2. «Еңбек - бәрін жеңбек» шағын әңгіме құрастырыңыздар.

«Қосу, алу, қызықты» стратегиясы арқылы кері байланыс жасауға жетелеу.

Таныстырылымды көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады.

Дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.

1,2,3,4 санын иеленген оқушылар топ-топ болып, мәтінді іштей және бөліктерге бөліп оқиды.

Оқушылар мәтінді оқи отыра түсініксіз сөздерді табады.

Оқушылардың жауабы тыңдалады.

Сұрақтарға жауап берген оқушылар әнді би қимылдары арқылы орындайды.

Шағын топтардағы спикерлер оқушыларға тапсырмаларды бөліп береді де, бірлесе орындайды.

Топ алдында жұмыстарын қорғайды.

Жұмысты қорғауға шығатын оқушыны топ спикері анықтап отырады.



Түйінді ой-пікірлерін ортаға салады.



Ауызша мадақтау

Шағын топтардың жұмысын тыңдаған өзге топ мүшелері «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалауды жүзеге асырады.

№4 слайд



№ 5 слайд

Дүниетану оқулығы

№6 слайд

№7 слайд

тапсырмалар жазылған парақшалар. Плакат, маркер.

№ 8 слайд

интербелсенді тақтада «жоғалту» тәсілі бойынша

Қорытынды




«Қатесін тап!» стратегиясы

Мақсаты:

«үнсіз оқушыларды» ынталандыру.

Рефлексия

«Білемін, үйрендім, білгім келеді...» стратегиясы

Мақсаты: игерген білім жайында кері байланыс жасау

Бағалау



Үйге тапсырма

Күнделікті енді ашайық,

Үй тапсырмасын жазайық.

Бүгінгі алған білімді,

Ұмытпай, есте сақтайық!

Интербелсенді тақтада шамның ішіне жазылған бірнеше сөздер тобы беріледі.

Сүт, көлік, құрт, май, ет, шұбат, түбіт, бидай, картоп, су, уыз.

Білемін

Үйрендім

Білгім келеді

Бүгінгі сабақтағы құнды пікірлерді «Күн бейнесі» арқылы бағалайды.

135-беттегі мәтінді оқу. Малдың жейтін азығы мен шаруашылық техникалары туралы қосымша деректер жинақтау, хабарлама жазып келу ұсынылады.

Берілген сөздерден мал өнімдеріне жатпайтын сөздерді алып тастайды. Егер сөзді дұрыс тапса, шам өшіп қалады.

Бүгінгі сабақта нені үйрендіңдер? Тағы не туралы білгілерің келеді? Осы тақырып бойынша қандай ой түйіндедіңдер? сауалдарына жауапты кестеге түсіреді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтер

ге стикерлерді жапсыру арқылы білдіреді.

«Күн бейнесін» арқылы бағаланады әрі үйге орындайтын тапсырманы алады.

Ауызша мадақтау

«Жарайсыңдар, білімпаздар!»



Дүниетану Мал шаруашылығы (2-сынып)

Дүниетану Мал шаруашылығы (2-сынып)

№ 9 слайд

№ 10 слайд

Көңіл күйді білдіретін суреттер, күннің бейнесі, түрлі-түсті стикерлер.

№ 11 слайд

Смайлик жапсырылған плакат, стикерлер.

№ 12 слайд

Қосымша:

Таныстыры

лым «Мал шаруашылығы»



© 2010-2022