Оқыту үшін бағалау - оқушы мүмкіндігін арттырудың тиімді жолы атты коучинг жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг

Жоспар


Тақырып: Оқыту үшін бағалау - оқушы мүмкіндігін арттырудың тиімді жолы

Мақсаты: мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып оқыту үшін бағалау білім берудегі тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсіндіру. Оқушылардың өзін-өзі бағалауының тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беріледі.

Нәтиже:

коучингке қатысушылар оқыту үшін бағалау білім берудегі тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсінеді, оқушылардың өзін-өзі бағалау тәсілін тәжірибеде қолдана алады;

Коучинг барысы: 60 минут

Кезең

Мақсат

Коуч әрекеті

Қатысушылар әрекеті

Уақыт

1

Ұйымдастыру кезеңі

Жағымды ахуал орнату

Топқа бөледі, тренинг өткізеді.

«Ақ тілек» тренингі:

Топқа бөлінеді.

Қатысушылар 3 түсті стикерға тілектерін жазады, бүктейді. Шеңберге жиналып ортаға жазған тілектерін лақтырады. Кез-келген стикерді алады, тілекті дауыстап оқиды. Сол түстер бойынша топқа бөлінеді.

5 мин

2

Топтық жұмыс

Тақырыпқа байланысты ой қозғау

І. Тапсырмалар беру:

І, ІІ, ІІІ топтарға тапсырма:

І топ:

- Оқыту үшін бағалауды қалай түсінесіз? (постер құрыңыз)

ІІ топ: Оқыту үшін бағалау формалары?

(Ойыңызды постер арқылы дәлелдеңіз)

ІІІ топ:

Өзін-өзі бағалауды қалай түсінесіз?

ІІ. Оқыту үшін бағалау, өзін-өзі бағалау жөнінде теориялық мәлімет беріледі.

Постер құрып қорғайды, тапсырмаларды талдап, өз ойларын айтады.

30 мин

3

Сергіту сәті

Флешмоб

«Биле-биле»

Көңіл-күйлерін көтеру

Өзін-өзі бағалаудың үлгілерін көрсету.
Флешмоб билейді.

3 мин

4

Тәжірибемен бөлісу

Тәжірибелік жұмыс

ІІІ. Топтарға тапсырмалар

І топ: «Бәйтерек» аппликаця жасау

ІІ топ: «Өзін-өзі бағалауға критерий ойластыру»

ІІІ топ: «Математика сабағындағы оқушының өзін-өзі бағалау үлгісін ойлап табу»

Топта ынтымақтастықта жұмыс істейді.

15 мин

6

Кері байланыс.

Коучингтің өтілу деңгейін анықтау.

«1 минуттық эссе»

Коучинг туралы ойларын жазады

7 мин



© 2010-2022