Сабақтың тақырыбы 2-сыныпта өткенді қайталау. Дыбыс және әріп

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Пәні: қазақ тілі Күні: Тақырыбы: 2-сыныпта өткенді қайталау. Дыбыс және әріп Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру,сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелеріне баулу, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, сюжетті суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1. 13-жаттығу тексеру, оқу, талдау. 2. Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды? Жазбаша сөйлеуді қай кезде қолданады деп ойлайсың? Ауызекі сөйлеуді ше? ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Дыбыс және әріп туралы еске түсірейік.
Сабақтың тақырыбы 2-сыныпта өткенді қайталау. Дыбыс және әріп 2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Дыбыс дегеніміз не? Әріптің дыбыстан қандай айырмашылығы бар? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығуды оқу, талдау. Сөздерді дыбыс санына қарай топтап жазу. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 2-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, соңғы екі жолындағы сөздерге дыбыстық талдау жасау. 3-жаттығу «Адасқан буындар» ойынын өткізу. Оқулықта берілген буындардан ең көп сөз құраған топ жеңеді. 4-жаттығудағы ат әбзелдерін әліпби бойынша тізіп жазу. 5-жаттығу.Сөздерді оқу, мағынасын ашу, кестеге орналастыру. 6-жаттығу Әріптерді топтап жазу. 7-жаттығу ауызша орындалады. в) сергіту жаттығуы. ҮІ. Бекіту: 8-жаттығу Берілген әріптердің ішінен артық әріпті таңдап алу. Неліктен сол топқа жатпайтындығын дәлелдеу. ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 9-жаттығу, 13-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау


© 2010-2022