Сөз және оның мағынасы (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру;сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін, қиялын, тіл байлығын, ой-өрістерін дамыту.

3.Тәрбиелік: оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптырып, тапқырлыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімді жалпылау мен жүйелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тірек-сызба, топтық тапсырмалар, слайд, ребус

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, шығармашылық, ізденіс, көрнекілік, ойын.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылығын ояту.

Психологиялық дайындық.

Поэзия минуты.

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағын, бақытын, дара тілім.

ІІ. Мағынаны тану:

1.Ой шақыру. Лездеме сұрақтар:

-Дыбыстар туралы не айтуға болады?

-Әріп дегеніміз не?

-Сөз дегеніміз не?

2. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Біздің дүние, әлем туралы біліміміздің мол болуы сөз мағынасымен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсақ, қоршаған ортаны жақсы біліп танимыз, тіл байлығымыз, сөздік қорымыз артады.

3. Сызба бойынша не айта аласың?

Мағынасы жуық сөздерСөз және оның мағынасы (3-сынып)

Мағынасы қарама-қарсы сөздер

Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздерСөз және оның мағынасы (3-сынып)Сөз және оның мағынасы (3-сынып)Сөз және оның мағынасы (3-сынып)Сөз және оның мағынасы (3-сынып)Сөз және оның мағынасы (3-сынып)

Сөздің мағынасының түрлері


Мысалдар келтіру

4. Топтық жұмыс. (Постер)

1-топ: мағынасы жуық сөздер

2-топ: Мағынасы жуық сөздер

3-топ: дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздерді тауып жазады және әр топ өз жұмысын қорғайды.

5. Оқулықпен жұмыс.

3-жаттығу.

Бөлменің терезесі ашық.айшаның мінезі ашық.

Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің мағынасы қарама-қарсы сөздерді бір бөлек топтастырып жазу.

Мағынасы жуық сөздер:

Қашық, шалғай, алыс, биік, зәулім, асқар.

Әдемі, көркем, сұлу.

Мағынасы қарама-қарсы сөздер:

Түзу-қисық, жуан-жіңішке, ірі-ұсақ, ерте-кеш;

6. Сергіту сәті.

7. Ребус шешу.

Кітап-білім бұлағы.

Бұлақтың суы мол, мөлдір екен.

Екі сөйлемді салыстыру. Бұлақ сөздері қандай сөздер?

ІІІ. Ой толғаныс.

1. «Ойлан, тап» ойыны.

Мен бөрене тілер әйдікпен,

Тиіскенге бізін сұғар жәндікпін. (ара)

2.Бірде көзден тамамын,

Бірде қандай баламын? (жас)

3.Адамдардың ныспысы

Жануарлардың мықтысы (ат)

2. «Қай сөз артық?»

1.Биік, зәулім, асқар, тау.

2.тез, жылдам, ұшу, шапша.

3. Еңбек, ерлік, батырлық, өжеттік.

3. Сәйкестендір:

Биік жаман

Таза майда

Жақсы лас

Ірі аласа

Күшті қара

Батыр әлсіз

Ақ қорқақ

IV. Рефлексия.

Мен не білдім?

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма. 6-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.

© 2010-2022