2 сыныпқа арналған сабақ жоспары Тақырыбы Лепті сөйлем

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Лепті сөйлем

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Хабарлы сөйлем

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Хабарлы сөйлемнің айтылу мақсатымен таныстыру; сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыра білуге үйрету.

Психологиялық ахуал

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Тақтаға сөздер жазылған карточкалар ретсіз ілініп қойылады. Оқушылар осы сөздерден сөйлем құрастырады. Оқушылардың әр сөзді сөйлем ішінде дұрыс байланыстырып, орнын дұрыс тауып қоюын бақылау. Сөйлем туралы не білетіндіктері сұрақтар арқылы анықталады.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Жаңа сабақты түсіндіруге дайындық жұмысы

169-жаттығу арқылы жүзеге асырылады. Мәтінді түсініп оқып, мәтіннің неше сөйлемнен тұратынын анықтайды. Әр сөйлемнің не жайында хабарлап тұрғанын айтады. Хабарлы сөйлем туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіреді.

170-жаттығу бір нәрсе жайында хабарлай айтылған сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылатынын байқатуды көздейді. Сөйлемді дұрыс ырғақпен оқуға үйренеді. Әр сөйлемнен кейін сәл тоқтап тыныс алады. Осы екі жаттығуды орындап болғаннан кейін хабарлы сөйлем, оған қойылатын тыныс белгі туралы қорытынды ережені айтады.

171-жаттығуда сөздер жазылған карточкалар берілген. Ол сөздерді қатыстырып, жеке сөйлемдер құрастырады. Содан кейін осы сөйлемдерден не жайында мәтін құрастыруға болатынын айтқызуға болады. Балалар мәтіндегі әр сөйлемнің не жайында хабарлап тұрғанын айтады.

172-173-жаттығулар оқушылардың хабарлы сөйлем туралы алған білімдерін тиянақтай түсуіне көмектеседі. Мазмұнына қарай аяқталған ойды білдіріп тұрған толық сөйлемді іздейді.

Сергіту сәті

Жолдарыңа үңіліп,
Екі бақа жүгіріп,
Секіреді, бақ-бақ,
Ағаштарды аттап.
Олар ерте тұрады,
Беті-қолын жуады.
Оңға-солға шайқалып,
Бақылдайды ән салып.
Судан шіркей табады,
Өсіп үлкен болады.
Бақ-бақ, нақ-нақ,
Біздер айттық тақпақ.
/Б.Бөрiбаев/

Ой толғаныс

Оқушыларға сөйлем жөне оның түрлері туралы алған білімдерін қорытындылайтын сұрақтар қойылады.

1. Аязды күні торғайлар

2. Біздің сынып

3. Алмат сабақтан кешікпейді

4. Жексенбі күні

5. Болат күшікті үйге әкелді

6. Жалғыз аяқ жолмен

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

2 сыныпқа арналған сабақ жоспары Тақырыбы Лепті сөйлем2 сыныпқа арналған сабақ жоспары Тақырыбы Лепті сөйлем

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Тексерілді:



© 2010-2022