Әбу Насыр әл – Фараби

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




Сабақ тақырыбы: Әбу Насыр әл - Фараби.

Білімділік: Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл - Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан - жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу;
Дамытушылық: Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән - мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу;
Тәрбиелік: Оқушылардың бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылық сезімдерін қадірлей білуге баулу.

Сабақтың түрі: Театрландырылған сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО сатылары, сұрақ - жауап, түсіндіру арқылы ой қозғау, ізденіс, слайдтар, бүктемелер, тест тапсырмалары;

Көрнекілігі: Қазақ Совет энциклопедиясы, шығыстың ғұламалары туралы кітапшалар, саяси карта, ғалым туралы мұражай көрмесі, нақыл сөздер.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Қазақ әдебиеті,Тарих,Математика, Ән-саз, Экономика, Медицина саласы.

Өтетін орны: 12 бөлме.Информатика кабинеті.

І. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Миға шабуыл» (Сұрақтар)

Тест тапсырмалары

1. Қорқыт б.з.б қай ғасырларда өмір сүрген ? А) V-VII ғасыр Ә) IV-IX ғасыр Б) VIII-IX ғасыр Д) VII- X ғасыр 2. Қорқыттың шыққан тайпасын ата. А) Қаңлы Ә) Арғын Б) Табын Д) Оғыз 3. Қорқыт қобызды қандай ағаш түрінен жасайды? А) Емен Ә) Қайың Б) Қарағай Д) Тобылғы

4. Қобызға түйенің терісінен жасалған нені пайдаланды ? А) Шуда Ә) Шанақ Б) Қыл арқан Д) Торсық 5. Қорқыттың нақыл сөздері қай қаланың кітапханасында сақтаулы? А) Алматы Ә) Каир Б) Нью-Иорк Д) Берлин 6. Қорқыттың тақпақ сөздерінің жалпы саны нешеу? А) 100 Ә) 650 Б) 400 Д) 130

Әбу Насыр әл – Фараби

Қорқыттың өмірге келуіне байланысты аңызда:

Қорқыт туған кезінде, Қара аспанды су алған Қара жерді құм алған, Ол туғанда ел қорқып, Туғаннан соң қуанған... осы өлең жолдарында не себепті бұлай айтылған?

«Қорқыт ата» кітабындағы қанатты сөздер: «Алла,Алла демейінше іс түзелмес,ажал уақыты жетпейінше ешкім де өлмес.Жер қадірін ел біледі,ел қадірін ер біледі.Күл жиылып төбе болмас,күйеу бала ұл болмас. Жердің соны шөбін киік білер,жайылым жердің көкорай шалғынын құлан білер,айырым-айырым жолдың сүрлеуін түйе білер,түнде керуен көшкенін қараторғай білер,қапелімде бастың ауырғанын ми білер,ердің батқанын ат білер.Кәрі дұшпан дос болмас.Өлген кісі тірілмес, өткен қайтып келмес» т.б.

  1. Өткен сабақты қорытындылау: Қобыз- көптеген түркі халықтарында кездесетін қос ішекті сазды аспап. Ол қарағай, жыңғыл, үйеңкі секілді мықты ағаштан ойып жасалған, құрылымы қауыз тәрізді. Қобыздың басы,екі құлағы, иілген мойыны, төменгі жағында терімен қапталған шанағы, аттың қылынан жасалған қос ішегі,тиегі және ысқышы болады. Қоқыттың күйін бізге қобыз аспабында ойнап жеткізген-Ықылыс Дүкенұлы. Қорқыттың еңбегін зерттеп, жарыққа шығарған адамдар: М.Әуезов, А.Жұбанов, Диваев, Затае-вич, Самоилович.т.б. «Қорқыт» туралы көркем шығарманы- Мағжан Жұмабайұлы жазған. Бабамыздың өмірде болғандығын дәлелдейтін тарихи ескерткіштер де бар. ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

    «Ой қозғау» Әр топтан бір оқушыдан шығып, сұрақтарға жауап береді. Егер сұрақтың жауабы дұрыс болса, суретті керісінше айналдырып ретімен қойсақ ғалымның бейнесін танимыз.

Суреттің сұрақтары: 1.Шығыстың жарық жұлдыз ғұламаларынан кімдерді білесіңдер? -Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фараби,Жүсіп Баласағұн,Махмұт Қашқари, Хайдар Дулати.

2. Ұлы Жібек жолы дегенімізді қалай түсінесіңдер?- Ұлы Жібек жолы Еуразияның батысы мен шығысын байланыстырған керуен жолдары тараптарының шартты атауы. Ұлы жібек жолы б.з ғ ІІ ғасырдың соңында қалыптасты.

3. Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қандай қалалары арқылы өтті?- Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу, Тараз, Созақ, Отырар қалалары арқылы өткен екен.Осы Отырар қаласында Шығыс-тың ғұлама ғалымы - Әл - Фараби дүниеге келген екен.

4. Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстанның жерілерінен қандай тауарлар әкелініп, қандай тауарлар шетке шығарылды? - Алғашқыда батысқа қытай жібегін шығарды. Кейін Үндістан, Иран, Араб халифатына, Еурапа мен орыс жерінде өндірілген тауарлар да тасылатын болды. Жібек жолымен Ферғананың әйгілі арғымақтары, араб сәйгүліктері, түйе мен пілдер, мүйізтұмсықтар тасылған. Жүзім, шабдалы, қауын, құрма, қалампыр, қант, көкөністер жеміс жидектер осы жібек жолы арқылы кең тарады.

-

Біз тақтадан кімнің суретін таптық?

Әбу Насыр әл – ФарабиШығыстың ғұлама ғалымы Әбу Насыр әл - Фараби .

Отырар Әл - Фараби туған қала,
Таң қалған ол туғанда барша дала.
Бір өзі ғалым, сазгер, тарихшы да,
Дәрігер өз халқына болған шипа - демекші, Отырар қаласын тарихтан білесіздер.

Жаңа сабақты бастамас бұрын, сіздерді Әл-Фарабидің - «Ізгілік туралы» аңызынан көрініс тамашалауға шақырамын. (оқушылар шығармашылығы)









Әл-Фарабидің - «Ізгілік туралы» аңызы (көрініс)

Автор сөзі: Әбу Насыр Әл-Фараби Дамаск қаласына келіп тұрып жатқан кезінде, бір бауға қарауыл болып жұмыс жасайды.Сол бау ішінде отырып ұдайы хикмат - философия ғылымымен айналысады. Әбу Насыр бұл жерде ежелгі дәуір ғалымдарының көзқарастары - шығарма-лары мен оларға жазылған түсініктерден бас алмай оқып отыратын. Ол өзі жарлы кісі еді, тіпті түні бойы ұйықтамай, шығарма жазумен айналысатын, кедейлігі сондай, өзіне қарау-ылдығы үшін беретін шамның нұрын пайдаланатын еді. Біраз уақыт Әбу Насыр осылай өмір сүрді. Кейін оның есімі төңірекке мәлім болып, беделі артады, жазған шығармалары да мәшҺүр болып кетеді. Сөйтіп, оның шәкірттері де көбейеді. Соның нәтижесіде ол өз заманының бірден-бір аса ірі ғалымы дәрежесне ие болды. Оның көптомдық "Музыка туралы үлкен трактат" деген шығармасы көптеген тілдерге аударылған. Фараби трактаттары біздің заманымызға дейін аса жоғары бағаланады.Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу-Насыр әл-Фараби десек, біз қателеспеген болар едік. Оған бірнеше ғылы-ми дәлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куә бола алады. Музыка саласында да ол білімді болыпты. Әбу Насыр ал-Фараби - жан-жақты дамыған музыкант әрі композитор, мәнерлеп орындаушы әрі теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасаушы шебер болды. Елдің айтуына қарағанда, ол ғажайып бір музыка аспабын жасапты, міне, сол аспаптан адамның жан жүрегін елжіретіп жіберетін сиқырлы бір ражап әуен естіледі дейді. Ол жазған шығармалар, түрлі саладағы еңбектері - бөлек-салақ күйінде шашылып жатады. Еңбектерін ол үлкен дәптерге емес, жеке парақ қағаздарға жазып тастай берген. Осылайша,өнер-білімге құштар,ақылды жанға ел-жұрты тыным бермейтін болыпты. Өйткені ,бірі келіп ақыл-кеңес сұраса, бірі дау-дамайды шештіреді екен . Осындай күндердің бірінде - ақынның үйіне өзін білікті, ақылды санап жүрген бір кісінің теріс қылығын көрген жұрты қатты ренжіп,наздарын айтуға келеді.Оның әрекетін айтып, өзара дауласып қалады да, түсінік беруін өтініп, жүгінеді.

1 оқушы (Қуаныш): -О, ұлы ғұлама, адам несімен сыйлы болады?-деп сұрайды. Автор: Ғұлама ойланып отырады да, қысқа жауап қайырады. Әл-Фараби (Қасымхан): - Көпке пайдалы ісімен, алғыр ақыл-ойымен. 2 оқушы (Қарашаш): -Ақылын жамандыққа жұмсаған адамды дана деуге бола ма?-дейді. Әл-Фараби: -Ақыл тек қана адамға пайдасын тигізуі тиіс. Кімде-кім ақылын жамандық үшін пайдаланса, ондай адамды тез аластау керек. Ол-ең қауіпті адам- дейді ғұлама. Автор: -Осылайша келгендер өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алып, жөндеріне кете барыпты. Әбу Насыр әл-Фараби:«Кімде-кім хикмат білімін оқып үйренуге кіріссе, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс , әдепті, қайырымды адам болуы керек. Ондай кісі адамдарға мейірімді, таза, адал болуы, азғын қылықтардан: күнә, қиянат, зұлымдық пен аярлықтан таза болуы тиіс. Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойламауы қажет. Білімді кәсіп, өнер етіп алмауы керек әрі оны мал-дүние табу құралы етіп жібермеуі қажет. Кімде-кім мұны керісінше істейтін болса, онда ол кезбояушы саналады.Жалған ақша -таза ақша боп есептел-мейтіні сияқты, жалған сөзде ешқашан мән болмайды. Егер мінез-құлқы біз айтқандай емес, теріс мінезді кісі болса, ол ешқашанда ғалымдар қатарына қосылмайды. Сондай-ақ ,адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.Кімде-кім өзін өз дәрежесіен жоғары көтермек болса, ондай адамнын, өсу жолына тосқауыл койылады». Автор сөзі: Осылайша Әбу Насыр әлеуметтік өмірдің шындығына тән -кереметтілік, тұрмыстық құбылыстардың шындығы мен шешендігін көрсете біледі.


ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Отырар қаласында ұлы ұстаз атанған, ойшыл ғалым Әл - Фараби дүниеге келген. Отырар қаласын картадан көрсетіп, жаңа тақырыпты түсіндіру.

Әл - Фараби, Абай аталарымыздың тарих, жаратылыстану, әдебиет салаларына сіңірген еңбектері зор. Міне сол себепті де, олардың аттарын мәңгілік жадымызда ұстау үшін, қазіргі таңда мектеп, лицей, тіпті жоғарғы оқу орындарына Әл- Фараби, Абай аталарымыздың аттары берілген. Және де ауыл, қалаларда осы кісілердің есімдерімен аталатын көшелер бар. Медицина жөнінде "Адам ағзалары жайлы Аристотельмен алшақтығы туралы Галенге карсы жазылған трак-таттар", "Жануарлар ағзалары", "Темпераменттер туралы", т. б. еңбектер жазған, бұларда ол негізінен медицина ғылымының пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруді көздейді. Бұл еңбектерден ұлы ғұлама медик Әбу-әли ибн Сина тәлім алған. Мәселен оның "Медицина негізінде" атты әй-гілі шығармасы теориялық, әдістемелік жағынан ұстазының аталмыш "Адам ағзалары жайлы" трактатына өте жақын келеді. Әл-Фараби өзінің "Риторика", "Поэзия өнері туралы", "Бақытқа жол сілтеу" туралы трактаттарында этикалык, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді. Саяхат жасау. Таныстырушы -Дидар: Достар, бүгін біз Әл - Фараби бабамыздың туған жеріне, оқып ғылым игерген өмірінің соңғы кездерін өткізген жерлеріне саяхатқа шығамыз.




























































Әл - Фарабидің балалық шағы туралы айтатын болсақ, біз Отырар ауданы Шәуілдір ауылына келеміз. Бұл ауылда біз мұражайға, театрға барамыз. Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған, батыс пен шығысты білімімен бас идірген Әбі Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген. Нақты айтқанда әл-Фараби Фарабтың өзінде емес, соның маңындағы Весиж қалашығында туған. Весиж - Сырдарияның сол жағалауында орналасқан қала. Археологтер Весиж қалашығы Отырардан солтүстік батысқа қарай шамамен 20 шақырымдағы Ақжар сайында орналас-қан. Өзінің азан шақырып қойған аты - Мұхаммед.

Әбу Насыр әл – ФарабиОтырар қаласы ІХғ тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Отырардағы кітапхана, ел ауызындағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орында болған. Әл-Фарабидің ғылымға деген ынтасы осы Отырар кітапханасында пайда болған сияқты. Бала Мұхаммед қала медреселерінің бірінде сауатын ашып, хат танып, Отырар кітапханасының мол қорынан сусындап өскен. Тіл үйренуге жастай көңіл қойған және көп тілдерді игерген.

Алеппо қамалы. Әбу Насыр әл – Фараби.

  • Бұл жерде әл-Фараби достарымен талай серуен құрған. Қамалға анықтап қараңыздар және бір сәт көзімізді жұмып әл-Фараби бабамыздың серуен құрып жүрген кезін елестетіп көрейік. Дамаскідегі бұл қамал өте көне қамалдардың бірі.
  • Қазіргі көріп тұрғандарыңыз ұлы ғұламаның қабірі.

Әбу Насыр әл – Фараби


Бас жақ қабырғада жаңадан қойылған құлыптас. Әл-Фарабидің зиратына тұңғыш рет елімізден барған адам Ақжан Машани. Әл-Фараби Баб-ас-Сағир- Кіші қақпа зиратында жерленген. Бұл зиратта белгілі адамдар, патшалар, әмірлер, халифа нәсілдері жерленеді екен. Сол кездегі Сирия әмірі Сайф ад-Дәула әл-Фарабиді өзіне ұстаз тұтқан, оны өз қолымен осы жерге жерлеген.

Әбу Насыр әл – ФарабиМұражайға сириялықтардың берген сыйы.


- Мұражайдағы саяхатымыз өз мәресіне жетті. Сау болыңыздар!

Мұғалім:

Міне біз төрт аяғы тең тұрған балалығы қазақ даласында басталып, данышпандыққа ұласқан ғұламалық жолы ешқашан бітпейтін, өзі өмірден өтсе де, ісі қалмайтын әл-Фараби әлеміне саяхат жасадық. Әл-Фараби бабамыздың барлық еңбегін бір сағатта айту мүмкін емес, бірақ сіздерге ізденуге жол ашылды.

Фараби "Бақытқа жол сілтеу" трактатында бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Әл-Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт туралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіре отырып, қиын жолдан өтуі керек. Адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік береді. Адамның жетілуі мінез-құлықтьщ жетілуімен үйлес келеді, осыдан келіп бақ Тамылжып бал тыныштық айналамнан,
Тылсым түнге құшағын жайған далам.
Мен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз,
Жанымды ой жарығы аймалаған.

Аққан жұлдыз құласа кейде егер,
Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.
Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,
Өміріме бір ғажап сәуле берер.

Үнің жетер жаңғырып жырақтан ең,
Сезініп мен деміңді гүл атқанмен,
Оның өзі бір-ақ сәт… содан кейін,
Мұңды әуенді жалғаймын бірақ та мен… - деген өлең жолдарынан ақынның бақытқа жету жолы мен мінез-кұлықтын жетілуі арасында байланысын көрсеткенін көреміз.

VІ. Жаңа сабақты бекіту.
1-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби кім?
2-тапсырма: Алғашқы білімін қай қалада, қандай тілде алады?
3-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби қай жылдары өмір сүрді?
4-тапсырма: Әл - Фарабидің толық аты - жөні
5-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби еңбектерін ата?
6-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби бойындағы көп қасиеттері мен, дарындылығы ХІХ ғасыр-дағы біздің ұлы ақындарымыздан кімге ұқсайды?

Әрине балалар, Әбу Насыр әл - Фарабидің көзқарасы Абай Құнанбаевпен үндеседі. Ендеше тақ-таға шығып, Венн диаграммасы арқылы Әбу Насыр әл - Фараби мен Абайдың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындайық.
1. Әбу Насыр әл - Фарабидің ерекшелігі- емші-тәуіптілігінде,сазгерлігінде, мергендігінде, өнер-тапқыштығында.
2. Абайдың ерекшелігі-артына өлмейтін сөз қалдыруында, қара сөз жазуында.
3.Екеуінің ұқсастығы- даналығы, атақ-даңқ қумай , қарапайым халыққа көмегін аямауы,өмір тура-лы пәлсапалық ойларында, мейірімділігінде,ел билеуші үстем тап өкілдеріне қарсы наздарын білдіруі, білімге, оқу-ғылымға шақыруы.

VІІ.Жаңа сабақты қорыту.
Олай болса балалар, сендерге - Әл - Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтып берейін. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл - Фарабиге:
- Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі - бақытқа, бірі - атақ- даңққа, бірі - өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті.
- Әрине , өнер - білімге апарар жолды.
- Неге?
- Бақыт та, абырой - даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде - депті.


Әл - Фараби бабамыздың аты 1000 жыл болса да, өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Сонымен, балалар, адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңқы да, ол - білім. «Білім - таусылмайтын байлық» екенін ұмытпайық достар.

VІІІ. Үйге тапсырма.
Әбу Насыр әл- Фарабидің даналық туралы айтқан ойларын оқу. «Әл-Фарабидің даналығы » тақырыбына эссе жазып келу.

Оқушыларды бағалау.

© 2010-2022