Ақпараттық – коммуникациялық технология бастауыш сыныпта

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақпараттық - коммуникациялық технология бастауыш сыныпта

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр - жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев

Елбасымыздың халыққа жолдауында білім беру мәселесі жөнінде де көп айтылған болатын.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Заман талабына сай сабақтарда білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Қазіргі даму кезіндегі білім беру жүйесінің алдында өсіп келе жатқан жеке тұлға: дарынды, дүниетанымдық қабілеті жоғары, өнерлі, ізденімпаз, тапқыр, талапты, өз алдына мақсат қоя білгіш, оны орындай алатын, мақсатына жете білетін болуы керек.

Жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыратын - бастауыш сынып мұғалімі. Алғашқы дағды, білім, яғни білім іргетасы, болашақтың іргетасы бастауыш сынып та қаланады. Сондықтан бастауыш сыныпқа білім беру үшін, мұғалімнің өзіндік жүйеге салынған білімі болуы керек. Ол үшін білімнің жаңа үлгісін жасап белгілі көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдістерін іздестіре отырып, жаңа технологияны сабақта тиімді пайдалануға тырысамын. Жаңа буын оқулықтарын оқытудың қазіргі технологиясын, қазіргі білім беру сапасының негізгі мақсатын, мән-мағынасын жеке түсініп оқытқан жағдайда ғана оқушы дамуына еркін жол ашылады.

Бастауыш сыныпта қазіргі ақпараттық техналогияларды оқу үрдісіне пайдалану, оқушыларға білімді сапалы да шығармашылық деңгейде қабылдауға мүмкіндік беру мен қатар, оларды осы үрдістің белсенді субъектісіне айналуына да қолайлы жағдай туғызады. Оқушыларға уақытты орынды пайдаланып, оларға жаңа мағлұмат, тың дүние беру-жаңа технологиялардың ақпараттық технологиялардың жетістігі. Сабақ барысында әр түрлі тәсілдер қолдану оқушылардың есінде ұзақ сақталады және білім мазмұнынан тыс яғни оқу материалынан өзгеше мағлұматтар ала отырып, сабаққа деген белсенділігін, пәнге деген қызығушылықтарының артқанын байқадық.

Мен өз сабақтарымда пәнішілік интеграцияны жүзеге асыра отырып,оқушы бойына тіл заңдылықтарын зерделеп, қолдана білу, ауыз екі сөйлеу және ойын жазбаша беру біліктерін, дағдыларын тиімді меңгеріп беруді мақсат етіп қоямын. Оқыту материалдарына қызықты дәйектерді, іс-әрекеттің жаңа түрлерін, ойын элементін, жарыстар, сайыстар енгізудің де үлкен маңызы бар. Танымдық қызығуға итермелейтін қатынастарға әсерлену деңгейі, оқушылардың өз мүмкіндіктері мен күштеріне сенім артуы, өзара көмек, жарыс, мадақтау жатады. Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор.

Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын оқу үрдісіне тиімді қолданғанда: оқушыға берілген білімнің сапасы артады; танымдық қызығушылығы қалыптасады; ақпараттық мәдениет қалыптасады; оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру; оқу-зерттеу жұмыстарын да шығармашылықпен жұмыс жасауға үйретеді.



© 2010-2022