Сабақ жоспары дүниетану 3-сынып Пайдалы қазбаларды қорғау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Дүниетану 3- сынып мерзімі___________ Сабақтың тақырыбы:Пайдалы қазбаларды қорғау Сабақтың мақсаты:
  1. Оқушылардың жанғыш пайдалы қазбалар-мұнай мен газдың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оны пайдаланатын сала туралы түсініктерін кеңейту.
  2. Оқушылардың зейінін, логикалық ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту.
  3. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.Пайдалы қазбалар ел байлығы екенін түсіндіре отырып, оларды қорғауға және сақтауға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік. Сабақтың көрнекілігі:Қазақстанның картасы, пайдалы қазбалар топтамасы. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. -оқушыларды түгендеу -сабаққа дайындықтарын тексеру Психологиялық дайындық. Үй тапсырмасын тексеру: -үйге берілген мәтінді мазмұндату Жаңа білімді меңгерту Тақырыпқа кіріспе. -«Адам өмірі жерасты байлықтарына тәуелді» дегенді қалай түсінесіңдер? Барлық оқушының пікірі тыңдалады. Сабақтың мақсаты мен міндеті 1.Маң далада бұйығы, Сөнбей жанса шырағы, Жер астының сұйығы Фонтан болып шығады. (мұнай) 2. Көгілдір түсі бар, Тас балқытар күші бар. (газ) Жұмбақтардың жауабы шешіліп, сабақтың мақсаты мен міндеті айтылады. Оқулық бойынша жұмыс
  1. Картамен жұмыс
-Қазақстанның пайдалы қазбалар картасында мұнай мен газ қалай белгіленген? -Қазақстанның қай аймақтарында пайдалы қазбалар өндіріледі? 2.Мәтінді оқыту. Сұрақтарға жауап беру.
  • Газ кен орнының мұнай кен орнынан қандай айырмашылығы бар?
  • Газ құбыры және мұнай құбыры деген не?
Білімді бекіту. 1.Балалар өз бетінше «пайдалы қазбалар» тақырыбы бойынша сұрақтар құрастырады. Оны сыныптастарынан сұрайды. 2.Пайдалы қазбаларды үнемдеп пайдалануға арналған белгілердің суретін сал.
Үйге тапсырма беру Мәтінді түсініп оқу. Табиғи газды үй жағдайында қолдану ережелерін жазып келу. Сабақты қорытындылау
  • Адам не үшін пайдалы қазбаларды ұқыпты және үнемді пайдалануы тиіс?
  • Сабақ қалай өтті? Несімен ұнады?
  • Жарайсыңдар!
  • Сабақ аяқталды.
Бағалау
© 2010-2022