Сыйлықтар сабақ жоспары 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары:


Күні: 02.03.16

Сынып: 3А

Пән: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сыйлықтар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеп, сапалы білім беру.

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.Сөздік қорын молайту.

Өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау. Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: «Өрмекші», «Миға шабуыл» «Дана үкі», «Шұлық», «Алтын жәшік", «Өзіңді бағала». Оқушыларды оқыту үшін бағалау түрлерін кіріктіру: Топаралық, өзін-өзі бағалау.

Қажетті ресурстар: Қиылған қағаздар, постер, сөздік дәптері, дәптер, кітап, постер, бағалау парағы, микрафон.

Сабақ барысы

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Әдіс-тәсілдер

Ресурстар

Модуль







І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Бір-бірімізге тірекпіз,
Бірге соққан жүрекпіз.
Аянбай еңбек етеміз,
Мақсатымызға жетеміз.
3. Топқа бөлу

Түстер арқылы оқушыларды топқа бөлу.

Әр топқа топ басшысын сайлап алу.. Оқушылар мұғаліммен, келген қонақтармен амандасады.

Оқушылар өздеріне ұнаған түстерді таңдайды, сол түстер бойынша топтарға бөлу.











Қиылған қағаздар

Түрлі түсті қима қағаздар







4. «Туған күн» модулі бойынша өткен сөздерді қайталау.

Туған күн, сыйлық, сыныптас, көрші, сыйлайды, құттықтаймын т.б. сөздер.
Барлық оқушылар тақтаның алдына шығып шеңбер құрады, қарама - қарсы тұрған оқушыға тақырып бойынша сөзді орыс тілінде айтып жіпті лақтырады, ал қарсы тұрған оқушы сөздің аудармасын айтып басқа оқушыға лақтырады.

«Өрмекші» әдісі

жіп



ІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбын сандар мен әріптерді сәйкестеңдіру арқылы ашады.

Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушылар сандар мен әріптерді сәйкестеңдіру арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

«Миға шабуыл» әдісі

сөзжұмбақ

АКТ қолдану







5. Мәтінмен жұмыс

Екі топқа әр түрлі мәтін беріледі.

1 топ.

Менің атым - Санжар. Мен үшінші сыныпта оқимын. Бүгін менің туған күнім. Достарым доп, сағат сыйлады. Мен рақмет айттым.

2 топ.

Бүгін менің туған күнім. Менің туған күніме көп қонақ келді. Олар: атам, әжем, сыныптастарым, достарым. Атам мен әжем компьютер сыйлады.

1-ші топтың оқушылары мәтінді оқиды, топпен бірлесе отырып сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге аударады.

2-ші топқа мәтінді орыс тіліне аудару тапсырмасы берілді.

«Дана үкі» әдісі

СТО


6. Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Алақанды ашамыз

Бесті беске қосамыз

Кел санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы?

Балалар іс -қимылдарды қайталау арқылы сергіту сәтін жасайды.

тренинг








7. Постермен жұмыс

Әр топқа суреттер, тақырыптар, қима қағаздар беріледі. Тақырып бойынша оқушылар постер жасайды, қорғайды.

1 топ. Анамның туған күніне не сыйлаймын?

2 топ. Досыма не сыйлаймын? тақырыбы бойынша постер құрастырады, қорғайды.


ТОПТАР БІР- БІРІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАЙДЫ.

Постер, тақта, бағалау экраны.









8. Грамматикалық тапсырма

1- ші топ. Тақтаның алдында «сыйлық» сөзін септеу, ал қалған оқушылар «сыныптас» сөзін тәуелдеу.

2-ші топ. Тақтаның алдында «бер» етістігін келер шақта жазу, ал қалған оқушылар «қонақ» сөзін жіктеу.

Оқушылар орындарында және тақтада тапсырмаларды орындайды, оқиды.








Дәптер, тақта.























9.Тақтаның алдында шұлықтың суреттері беріледі, ал екінші жағында сұрақтар жазылады.
Досыңа не сыйлайсың? Сенің туған күнің қашан? Сенің туған күніне кімдер келді? Қазір қай жыл мезгілі? Сенің анаңның туған күні қашан? Бүгін аптаның қай күні? Сен нешінші сыныпта оқисың? Сен қай қалада тұрасың? Оқушылар шығып тақтаның алдында ілулі тұрған шұлықтардың біреуін таңдайды және артындағы сұрақты белгілі бір оқушыға қояды, қойылған сұраққа оқушы жауап береді.








«Шұлық» әдісі

шұлықтар










10. Мұғалім жәшікті көрсетіп, бұл ойынның шарттарымен таныстырады.

Әр топтан кезек бір оқушыдан шығып жәшіктен сөздерді алады, дауыстап оқиды, ал қалғандары сөйлем немесе сөз тіркестерін құрастырады.

«Алтын жәшік» әдісі

жәшік










11. Жинақтау. Бағалау: Балалар бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Жаңа сабақта алған білімдерін тиянақтайды, бағалайды.


Әр оқушы берілген жеке карточкаға сабақта қалай жұмыс істегенін жазып, өзін - өзі бағалайды.

«Өзіңді бағала» әдісі

Жеке карточка


Үй тапсырмасы:

128 бет, 1- тапсырма. Сөздерден сөйлем құрастыр Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.




© 2010-2022