Вне класная работа Жүзден жүйрік

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»

Мақсаты:

1 . Оқушылардың білімдерін, жан-жақты болуға, өзіне сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу.

2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд шоу, шарлар, қима қағаздар.

Түрі: жарыс сабақ.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар! Бүгін біз сіздерді 1В сынып оқушыларының «Жүзден жүйрік» атты сыныптан тыс іс-шарасына қош келдіңіздер. Жарыс сабағы 3-кезеңнен тұрады.Жарысымызды бастамас бұрын әділ- қазыларды сайлап алсақ:

  1. А. Базарбаева

  2. К. Салимбаева

  3. К.Махмет

Сынып 3- топқа бөлінген.

1-топ «Білгірлер»,

2-топ «Ойшылдар» ,

3-топ «Тапқырлар».

Әр топтың , топ басшылары және ұрандары бар.

  1. Жарысымыздың 1- кезең:«Тапқыр болсаң тауып көр». (Жұмбақ жарысы). Бұл кезеңде 3-тақырыпта жұмбақтар жасырылады.Топ басшылары тақырыптарды таңдап алады әр тақырыпқа 8-жұмбақтан жасырылады. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.

Оқу құралдардары:

  1. Жазу жаза жалықпаған.

Жаза- жаза арықтаған( бор )

  1. Алты қырлы

Алтын сырлы (қарындаш)

  1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылын болса аттама. (кітап)

  1. Үйреткен ілімді,

Қырық екі білімді. (алфавит)

  1. Өшірді, сүртті,

Өзгені құртты,

Өзінде құртты. (өшіргіш)

  1. Алуан түрлі із салғанның өзі еді,

Өзінен де пайдалысы өзгі. (қарындаш)

  1. Жоқ өзінде баста,

Қаста та ,

Мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойында(сызғыш)

  1. Өзі арық, сөзі әріп (қалам)

Жан-жануарлар туралы:

  1. Бұландаған құйрығы

Бір алдарлық қулығы. (түлкі)

  1. Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар (түйе)

  1. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар. (қой)

  1. От басында құмған,

Екі көзін жұмған. (мысық)

  1. Қыс бойы жатады,

Ұйқыға батады. Ол не?(аю)

  1. Аяғы бар, басы бар

Арқалаған тосы бар (тасбақа)

  1. Екі жеңдей құлағы,

Дыбыс сүзіп тұрады.(қоян)

  1. Мың найзалы жалғыз батыр,

Жауларын алғызбай тұр.(кірпі)

Жеміс- жидектер туралы:

  1. Жер астына түседі,

Сап- сары боп піседі(сәбіз)

  1. Сырты жасыл, қап-қатты,

Іші қызыл, тәп- тәтті(қарбыз)

  1. Жесең, ащы

Көзіңнен шығарар жасты(пияз)

  1. Үстінде тігіп көк шатыр,

Астында қызғылт дәу жатыр(қызылша)

  1. Жұдырықтай қызыл шар,

Тілді үйірген шырын бал(алма)

  1. Көмгенден жалғыз,

Өнгенде сан жүз(картоп)

  1. Шипалы мұртты,

Томпиған ұртты(итмұрын)

  1. Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар.(пияз)

2-кезең « Кім жылдам?» (Сұрақ - жауап). Әр топқа тапсырмалар дайындалған олар 3 қорапта кеспе әріптер салынған.

1-тапсырма: Дауысты дыбыстыларды табу.

2-тапсырма: Жуан дауысты дыбыстарды табу.

3- тапсырма: Жіңішке дауысты дыбыстарды табу.Енді дүниетану пәнінен дайындалған сұрақтар:

а) жыл мезгілдерін ата?

ә)апта күндерін ата?

б) көру мүшесі, есту мүшесі, дем алу мүшелерін ата.

Математика пәнінен шығармашылық тапсырмалары.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

3-кезең: «Ойлан тап» (логикалық тапсырмалар). Әр қатарларда берілген бос ұяшықтарды толықтыр. Тез және жылдам орындау.

Кезендерді толығымен аяқтадық. Ендігі кезекті әділ-қазыларға береміз.



© 2010-2022