Ауылдағы тәрбие көзі 3сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ауылдағы тәрбие көзі»

Мақсаты:

1.Оқушыларға жаңа сабақты жан - жақты түсіндіре отырып, ауыл мен қала арасындағы байланыс пен ерекшелікті, қазақы салт - дәстүр мен әдет - ғұрыптарды насихаттауға үйрету.

2.Оқушыларды патриотизмге, туған елді, жерді

аялауға тәрбиелеу

3.Мәдениеті мен тарихын білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: шаттық шеңбері, сұрақ - жауап, Венн диаграммасы, жұптық жұмыс, топтық жұмыс,сараптама, ой қозғау.

Көрнекілігі: Ою өрнек, киіз үй, интерактивті тақта, текемет т.б;

Сабақтың жүру барысы:

I Ұйымдастыру

Оқушы назарын сабаққа аудару;

Шаттық шеңбері

Оқушылар лентаны ұстай отырып, жақсы көңіл күймен бір- біріне тілек айту.

Шаңырақ астындағы мұғалімнің жақсы лебізімен сабақты одан әрі жүргізу

Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1- топ, 2- топ , 3- топ. Топтарды бағалау оюлар арқылы жүзеге асырылады.

II Балапан бағдарламасымен байланысқа шығамыз. Ғажайыпстанға саяхат жасайық

Елдос пен Аяжан тапсырмаларына жауап іздейік.

1 Ауылдағы еңбек түрлерін ата

2 Салық не үшін төленеді?

3 Қандай ұжым түрлерін білесіңдер?

4 Ұжымшар, кеңшар ұғымы қазір қандай сөздермен ауысты?

5 Ата-анаң қандай ұжымда еңбек етеді?

III Жаңа сабақ

Ауыл!

Осы бір сөзді естігенде кімнің де болсын құлағы елең етіп, алыста сағыныш болып бұлдырап қалған балалық шақтарының қызығы өткен ауылдың суреті көз алдына елес беретіні бар.

Расында да, жұмыртқадай ақбоз үйлері сап түзеп, көрікті сәулетіне дәулеті жарасқан кешегі ауыл кештерін қалайша ұмытарсың. Небір сөз зергерлері, сұлу әуендерімен көңіл тербеткен сазгерлер «Барып қайт, балам, ауылға», «Ауыл кеші көңілді», «Сарыжайлау» деп босқа тебіренбеген ғой.

«Ауылдағы тәрбие көзі» (мұғалім түсінік береді)

Ауылды жердің тұрмыс тіршілігі қалаға қарағанда ерекше. Ауылда халық көбіне жеке салынған салынған бір қабатты, кең аулалы мекенжайда тұруды ұнатады. Себебі әр отбасының жеке меншік шаруашылығына осылай қолайлы.

Ауылдың қаладан ерекшелігі еңбек - тұрмыс көрінісімен ғана емес, салт-дәстүрімен көзге түседі. Қазақ халқының ертеден қалыптасқан әдет-ғұрпы, дәстүр салты сақталған. Қала тұрғындарына қарағанда олар ауылда көбірек қолданылады.

Венн диаграммасы

Ауыл Қала

Ауылдағы тәрбие көзі 3сыныпАуылдағы тәрбие көзі 3сынып

Кітаппен жұмыс

Мәтінмен жұмыс (мәтінді іштей, көршілерімен әңгімелесу әр топтан 1 оқушыдан түсінік айтады)

Сергіту сәті

(Әр топтан 1 оқушы шығып, әуен ырғағымен қимыл жасау, жақсы би қимылын жасаған топ ою беріледі)

Топтық жұмыс

1-топ: «Ауылдағы тәрбие көзі » тақырыбында пікірлерімен бөлісу

2-топ: Қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс көрсету

3-топ: Қазақтың әдет-ғұрыптарынан көрініс көрсету

Қазымыр оқушы

(Тақырып бойынша ең ұтымды мағыналы сұрақ ойлау, сол сұрақты қағазға аты-жөнімен бірге жазып, мұғалімге беру. Бүгінгі сабаққа қатысып отырған мұғалімдер Қазымыр оқушыны таңдайды.)

Дәптермен жұмыс

«Ауылдағы тәрбие көзі » дегенді қалай түсінесің? (Анықтама жазу)

Ауылдағы тәрбие көзі - ұлтыңды сүюге, туған еліңді , жеріңді аялауға, халықтың әдет-ғұрпын, мәдениетін , тарихын білуге баулиды.

Қазымыр оқушыны анықтау

(анықталған оқушыға ою беру)

Текемет құрастыру

Жаңа сабақ бойынша Қазымыр топ атанған оқушылар текеметті құрастырады.

Сараптама

Кестені толтыру

Бағалау

(оюларды санап, оқушылардың бағасын беру, жеңімпаз топты анықтау)

Үйге тапсырма

«Ауылдағы тәрбие көзі » мәтінін оқу, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын бөліп жазып келу.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен сабақты аяқтау

Бала тәрбиелеу - болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.

Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан.

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

Н.Ә.Назарбаев




Б.Нысанбаев орта мектебі



Ауылдағы тәрбие көзі 3сынып

Пәні: Дүниетану

Тақырыбы: «Ауылдағы тәрбие көзі»


3 «в» сынып жетекшісі: Тулманова Н.Ж.

© 2010-2022