Открытый урок на тему Шыншылдық - адамдықтың белгісі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Жаңақала ЖОББМ

Тақырып : "Шыншылдық адамдықтың белгісі" 22-сабақ

Құндылық : "Ақиқат"

Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, адамгершілік

Мұғалiм: Сапарова Айша Есентемірқызы

Класс: 1

Оқушылар саны: 18
Сабақ мақсаты: Шындық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу. Міндеттері: Шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету, өзара адал қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту, шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.
Ресурстар: Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(баяу әуен)

"Нұрға бөлену"Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңніңтыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезиніңдер. Ал,енді көздеріңді ашыңдар. 2. Үй тапсырмасын тексеру.

Ә.Табылдиевтің "Ағайынды екі қыз"әңгімесі оқуга бнрілген болатын.

Екі қыздың қайсысымен дос болар едіңдер?

Шыншылдық дегенді қалай түсинесің?

Сеніңше шыншыл бала қандай болады?

Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Балаларды жауаптары тыңдалып түйінделеди.

-Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар!Жақсы бала әдепті, сыйлы , қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады.Сондай жақсы қасиеттердің бірі-шыншыл болу, өтірік айтпау. Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

"Шыншылдық жақсылыққа жетелейді"

Шындық неге жеткізеді? Ал өтірік ше? мысал келтир.

-Өтірік айтып ұятқа қалғанша , өтірік айтып,шындықты айтып қатеңди мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет адамдықтың белгісі. Халықтың "Шыншылдық жақсылыққа жетелейді"деген даналығына,шыншыл адамның ары таза,жүэі жарқын болып,қуанышқа бөленіп,бақытқа кенелетинин түсінуге болады.Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.

  1. Әңгiмелеу

"Шындық пен өтірік"

Қоян мен түлкі дос болыпты. Бір күні қоян дүкенге бара жатып,анасы берген ақшаны жоғалтып алады. Ал түлкі ақшаны көріп тұрса да айтпайды. Қоян басы салбырап үйіне кетеді. Түлкі ақшаны алады да өзіне қажет нәрсені сатып алмақшы болады. Бірақ досының көңілсіз күйі есіне түсіп,түлкі ақшаны әкеліп береді. Қоян қатты қуанып,досын құшақтай алады.

-Түлкінің орнында сен болсаң не істер едің?

-Шындық неге жетелеп отыр?

-Қоянды қуантқан түлкі өзі де қуанама?

-Түлкі ақшаны қайтармаса не болар ед?

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды 2 топқа бөлініп, біреуіне "шындық", екіншісіне "ақиқат"деген сөздер беріп әр әріпке байланысты сөздер құрастыру тапсырылады.мысалы: Ш шана, А алма т.с.с.

  1. Топпен ән айту. "Өмір-өзен"әні

  1. Үй тапсырмасы. 23-сабақ. 32 -беттегі "Жауапты іс" деген мәтінді оқу, дәптерде берілген" Мақал-мәтелдерді оқыңдар.Олардың мағынасын түсініп, жаттап алыңдар" деген тапсырманы орындау ұсынылады.


  1. Соңғы тыныштық сәтi. Көздерімізді жұмамыз, бүгін өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады




Открытый урок на тему Шыншылдық - адамдықтың белгісі

Открытый урок на тему Шыншылдық - адамдықтың белгісіОткрытый урок на тему Шыншылдық - адамдықтың белгісі

© 2010-2022