Ашық тәрбие сағаты: Елін сүйген - Елбасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты: Елін сүйген - Елбасы


Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицей.



Тақырыбы: «Елін сүйген - Елбасы»




Жахмет Динагул Жақсыбекқызы

Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы! »

Мақсаты:

Жас ұрпаққа Елбасымыздың сан қырлы талант иесі,кұдіретті тұлға екенін таныту.Халқымызды әлемге танытып,Алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының адамгершілік келбетін меңгерту.Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Елбасының суреті,ҚР рәміздері,шар,билердің фотосұреті,жалаушалар.

Тәрбие сағатына жауапты:2 «А» сыныбының жетекшісі: Жахмет Д.Ж.

Мектеп кітаханашылар:Байжокина Ш, Тоқажанова Г

(Әнұран шырқалады)

Ашық тәрбие сағаты: Елін сүйген - Елбасы

Нурбулан:Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

Бекболат : Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман- сау журші,Атамыз.

Азамат : Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің-Қазақстан!

Мәңгі соғып тұратын,

Жұрегімсің- Қазақстан.

Нұрай: Елбасымен мен бүгін мақтанамын

Өзіңді әлемге айтып шаттанамын

Қазағым жетті міне арманына

Елбасым айналайын атқан таңым

Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің

Жылытып мына әлемді гүлдендірдің

Төрткүл дүние әлемнін дүрсілкінтіп

Елімнің шығардыңыз биік үнін

Елжас:Кұрметті оқушылар,ұстаздар .

«Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер

Ашық тәрбие сағаты: Елін сүйген - Елбасы

Балалар,сендер әділ билерді білесіңдерме?

Уалихан :Иә,білеміз

Олар Төле би,Қазбек би,Айтеке би.

Айшолпан:Билердің биі болған біздің Әнет баба атамыз болған.

Елжас:Әділдігімен атағы шыққан Қазыбек би атамыз бізге қонаққа

келген екен.

Ашық тәрбие сағаты: Елін сүйген - Елбасы


Күй ойналады,Қазыбек би кіреді)

Қазыбек би: Ассалаумағалейкум,халайық.Амансыңдар ма , балаларым!

Мен Қазыбек би боламын.

Нұрай:Амансыз ба,Қазыбек ата.

Бізге қонаққа келіп қалыпсыз.Төрлетіңіз,жоғарлатыңыз.

Қазыбек би:Балаларым,ертеде елді билер,хандар,сұлтандар басқарды.

Ал қазір кім басқарады?

Уалихан : Елбасы.

Елжас:Достар,айтыңдаршы біздің Елбасымыз кім?

Оқушылар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қазыбек би:Елбасы туралы,оның өмірбаянын білесіңдерме?

Елжас:Отырып тыңдаңыз Қазбек ата.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көп ұлтты тәуелсіз мемлектіміздің тұнғыш президенті.1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы,Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дуниеге келген.Елбасымыз өз еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған.Жақсы оқуға,білімді болуға ұмтылған.Ұлкендерді құрметтеп,өте белсенді ізденпаз болған.Осындай еңбекқорлығымен көптеген қиындықтарды жеңіп,мемлекетіміздің басшысына дейін көтерілді.

Ашық тәрбие сағаты: Елін сүйген - ЕлбасыАшық тәрбие сағаты: Елін сүйген - ЕлбасыАшық тәрбие сағаты: Елін сүйген - ЕлбасыАшық тәрбие сағаты: Елін сүйген - Елбасы

Нұрай:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- еліміздің басшысы,халқымыздың жанашыры,өте білімді,терең ойлы тұлға.

Мағжан:Нұрсұлтан Әбішұлы ақ пейілді,сезімтажан және біз үшін

нағыз үлгі болар тұлға.

Елжас:Нұрсұлтан Әбішұлы -әкесінің есімі Әбіш, атасының есімі-Назарбай,анасының аты Әлжан.Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті. «Алланың 99 аты бар екен.Соның бірі Нұр,тағы бірі Сұлтан.Баламның есімі Нұрсұлтан болады» -депті әжесі.Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен.

Ол Қаскеленде Абай атындағы орта мектебін бітірген.Мектепте озат,үлгілі оқушы болыпты.

Нұрай:Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын,1976 жылы партия мектебін бітірген.1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды.Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды.Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.

Ашық тәрбие сағаты: Елін сүйген - ЕлбасыАшық тәрбие сағаты: Елін сүйген - ЕлбасыАшық тәрбие сағаты: Елін сүйген - Елбасы

Айшолпан: Нұрсұлтан ата,құтты болсын мерей тойың,

Сомданып ,тұлғаланып,өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

Рабби: Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де,жер де,су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым,тірегім.

Ән: «Елбасы-елдің тұтқасы» Еркінулы Бекболат

Қазыбек би:Бәрекелді рахмет, балалар,ал Қазақстан Республикасының

рәміздерін білесіңдер ме?

Нурбулан:Мағыналы әнұранымыз бар.(Слайд Әнұран )

Бектас:Желбіреген туымыз бар.(Слайд Ту)

Айшолпан:Қасиетті бойтұмар елтаңбамыз бар.(Слайд елтаңба) Ашық тәрбие сағаты: Елін сүйген - Елбасы

Бектас: Айнымайды аспаннан,.(Слайд Ту)

Біздің тудың бояуы.

Оны халқым қашанда,

Биікке іліп қояды.

Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңкымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай

Мағжан: Айтар әнім, сөйлер сөзім..(Слайд Әнұран )

Туған жерім сағынарым,

Өмір бақи шырқалады

Мәңгі менің -Әнұраным

СанжарАшық тәрбие сағаты: Елін сүйген - Елбасы

Қатар шапқан қос тұлпар, (Слайд Елтаңба)

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл -елтаңбасы елімнің-

Елдігімнің белгісі.

Ән: «Жаса Қазақстан»( хор )

Нурбулан:Қазақ елі,желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың

Нұрсұлтаның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

Алуа:Барша қауым,бейнетінен арылғандай

Жаңа ғасыр есігі ашылғанда

Елбасы тыным таппай ел кезіп жұр

Елі үшін асан қайғы бабасындай

Жылулық шеңбері (хормен):Халқым айтқан жер көтерер ер даңқын,

Елім айтқан ер көтерер жер даңқын.

Елбасымыз аман болғай әрқашан,

Мәңгі жаса,мәңгі жаса,ер халқым.

Нурай:Батаменен ел көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер,-

Елжас: Қазыбек ата,өзіңізден бата күтеміз.

Қазыбек бидің батасы:Жаратқан ием құдірет,

Ақ батамды қабыл ет.

Ұлдарыма қуат бер,

Қыздарыма ұят бер.

Аман сақта жерімді,

Тыныштық заман болсын елімде!

Әумин!

Ашық тәрбие сағаты: Елін сүйген - Елбасы


Нұрай:Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыз басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. «Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз.Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек бір ғана талап,міндет ол білім алу.Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқшан адаспаймыз,тура жүріп,жарқын болашақта өмір сүреміз.

Мұғалханова Айшолпан: ән «Балалық шақ» !

Ашық тәрбие сағаты: Елін сүйген - Елбасы


Елжас:Бүгінгі «Елін сүйген Елбасы!»

Атты тәрбие сағатымыз мәресіне жетті.

Аман-сау болыңыздар!


© 2010-2022