Мейірімділік - асыл қасиет

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: "Мейірімділік - асыл қасиет"

3-сынып



Мақсаты: балалардың мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту;

  • мейірбандылыққа тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үнтаспа

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. "Тыныштық сәті"

II. Үй тапсырмасын тексеру: 2-тапсырма дәптерде "Менің ойымша..." айдарымен берілген бос жолдарға мақтану және мақтаншақтық туралы өз ойларын жазу.

III.Жағымды ой-пікір: "Мейірімділікті анадан үйрен" халық даналығымен танысу

" - Ана халық ұғымында - жаратушы. Олай дейтініміз - табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші - ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірімнен, шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділк сақтап қалуы өз қолында"

IV.Оқиға айту: "Сары тауық пен балапандары" М.Төрежанов

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да, мекеніне жеткізе алатын емес.

Өйткені балапандардың жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып,баырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды.Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.

  • Оны неге шығармайсыз? - деп сұрады бір ақ балапан.

  • Ол тым жас.

  • Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.

  • Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Қане, мұның

орнына кім барады? - деп сұрады анасы.

  • Мен, - деді тұңғышы.

  • Мен барайын! - деді оған тетелесі.

  • Кезекті маған беріңіз! - деді одан кішісі.

  • Мен қала ба сонда? - деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.

  • Қатесін түсінген сенің барғаның жөн! - деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.

Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.

Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

Сұрақ:

1.Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баурады?

2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

3. "Күн ашылып ана жүрегіндей жадырады" дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден уйреніп жүрсіңдер?

5. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

V.Шығармашылық жұмыс: "Мен мейірімді баламын" тақырыбына шығарма жазу

1-3 жұмысты тыңдау, талқылау

VI.Бекіту: 1.Шығармаларындағы ойлары "Жақсылық тамшысы" атты шығармашылық жұмыс арқылы бекітіледі

Оқушылардың санына сәйке алдын ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін сурет немесе сөйлем арқылы көрсетеді. Мұғалім тақтадағы үлкен ақ қағазға тамшыларды ілуді ұсынады. Тамшыны іліп жатқанда әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын жария етеді.

Мұғалімнің қорыту сөзі: -- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға (тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дариясуретін ілу) айналады. Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа, мейірімділікке толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

2.Топпен ән айту: "Анашым" Еркін Нұржанов

VII.Үй тапсырмасы: "Мейірімділік" кестесін толтыру. Бір бағанға - мейірімді істерді, екіншіге - мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасау.







© 2010-2022