Зат есім (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Миялы селосы

№1мектеп-гимназиясы



Заттың атын білдіретін сөздер.

Жазғытұрым


Сыныбы:1

Мұғалімі: Г.Уразова



2016 жыл

Бекітемін: ________________

Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер.Жазғытұрым (95-бет)

Сабақтың мақсаты:а) Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінігін қалыптастыру.Өлең мазмұнын түсіндіру,аша білу. Заттың атын білдіретін сөздерді сөйлем ішінен табуға үйрету. ә)Табиғаттың көктемгі ерекшеліктерін аңғарта отырып, бақылау жасауға баулу.Табиғатты сүюге ,бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу .б)Оқу, жазу сауаттылығын дамыту.

Күтілетін нәтиже: Заттың атын білдіретін сөздерді таба алады. Өлеңді түсініп оқи алады.

Көрнекілігі: «Көктем» суреттері, алмалар.әр түрлі суреттер,слайдтар,кеспе қағаздар

Сабақ түрі: Жарыс сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,ойқозғау,ойын,Сыни тұрғыдан ойлау және жазу әдістері

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. «Тыныштық сәті». (жәй музыка жүріп жатады)

ІІ.Үй тапсырмасы. Ережелерді жаттап келуге.

ІІІ. Жаңа сабақ.Түрлі фигуралармен топқа бөліну, топ ережесімен таныстыру.

Зат есім (1 класс)Зат есім (1 класс) Топ басшысы мүшелерін және бір - бірін бағалауды ескертеді.

Оқушылар өздерін және басқа топтарды бағалайды.Ұпайларын жинап отырады.

Зат есім (1 класс)Зат есім (1 класс)

-Бөлме ішіндегі Кім?Не? сұрағына жауап беретін заттарды ажырату.
Ереже шығарып айту.

Мыс: Кім? Бала, мұғалім, дәрігер.

Не? Машина, доп, орындық
82-жаттығу.
1-топ «Үшбұрыштар»
Жаттығудағы сөздерді жазады.Сұрақ қояды.

83-жаттығу.
2-топ «Төртбұрыштар»
Кім?Не? Сұрағына жауап беретін суреттен сөздерді табу.

84-жаттығу
3-топ «Дөңгелектер»
Кім? Не?сұрағына жауап беретін заттың атын жазу.

  • Оқулықтағы суретпен жұмыс.

«Ой толғау» Көктем

Осы сөздерден ереже шығарады.
-Айналаға қарайық.
- Кім?Не? сұрағына жауап беретін сөздерді табайық.

-Жылдың қай мезгілі?

- Күн қандай?

- Өлі табиғатта өзгеріс бар ма?

- Ол тірі табиғатқа әсер ете ме?

  • Үнтаспадан І.Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңін тыңдату.
    -Осы өлеңге сүйене отырып табиғатты суретте

  • * І Жансүгіров туралы қысқаша мәлімет беру.Өлеңді тізбектей оқыту.
    * Өз бетінше жұмыс.
    Балалар назарын сынып бөлмесіндегі заттарға аудару.

- Бөлмемізде не бар? (үстел,тақта, шкаф, орындық, суреттер - бұлар заттар.

- Бөлмеде кім бар? Мұғалім, балалар- бұлар адамдар.

"Смайликтер үлестіру" Зат есім (1 класс)

  • " Миға шабуыл"


1-топ
Көктем туралы шағын әңгіме жазу.
2-топ

Кім?Не? Сұрағына сөздер ойлау.
3-топ
Көктем мезгілінің суретін салу.

  • Көркем жазу сәті. (Әдемі жазуды қалыптастыру минуты)

Көктем қандай тамаша!

  • Сергіту сәті. Зат есім (1 класс)

  • Зат есім (1 класс) Ойын: «Алма жинау»

Ойынның шарты: Алма ағашының суреті, оның бетіне тапсырма жазылған алмалардың суреттері ілінеді.Екі оқушы тақтаға шығып,Кім? сұрағына қатысты суреттерді себетке,ал Не? сұрағына қатысты сөздерді жәшікке жинайды.

  • «Жалғастыр» ойыны:

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.

Үлкендердің алдын-.......................................

Кішкене баланы-

Құстарды-

Қыз баланы-

Сабақтан-

Үйге жүгіруге -

Оқу -құралдарын-

Сыныпта айғайлауға-

Ысқыруға-

Құстың ұясын-

  • Жеке оқушымен жұмыс.Семантикалық картаны толтыру.

    Сөздер

    Кім?

    Не?

    ата



    жылқы

    балық

    дәрігер


  • Ойын: «Кім жүйрік?»

1.Уақытты қарайтын нәрсе (сағат)

2.Тышқан неден қорқады?(мысық)

3.Адам жылағанда көзінен не ағады? (жас)

4. Адам шөлдегенде не ішеді? (су)

5. Төрт мезгілдің бірі. (жаз)

6. Ешкінің төлі (лақ)

7. Тиіннің қорегі.(жаңғақ)

8. Тамақтанатын орын.(асхана)

9. Кім аяғымен су ішуді біледі? (Бақа)

10.Қалталы аң. (Кеңгіру)

11.Пингвин аң ба, құс па? (Құс)

12.Қандай қар тез ериді,таза ма әлде кір ме? (Кір)

13.Қай жануар қыста ұйықтайды? ( Аю)

14.Қай жануар үйін өзімен бірге алып жүреді? (Тасбақа)

Сабақты бекіту. Кім?Не? сұрақтарына жауап беретін сөздер ойлап айту.

Үй тапсырмасы.Өлеңді жаттау.

Бағалау. (жинаған ұпайларына қарай бағалау)Топтарды мадақтау. Зат есім (1 класс)



© 2010-2022