Қазақ тілі 2 сынып. Тақырыбы: Зат есім

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 2 сынып .Тақырыбы: Зат есімҚазақ тілі 2 сынып .Тақырыбы: Зат есімПәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға зат есім туралы түсінік беру

2.Ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) дайындығын қадағалау

б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

316 - жаттығуды тексеру. Ережені сұрау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі: Суреттегі заттардың атын пайдаланып сөзжұмбақты шешеді.

Қыз,шаңырақ,түйе,шеге,сандық,бүркіт,домбыра.Бұл сөздер тобын не деп атайды?

Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты- зат есім туралы түсінік алу.

IV. Жаңа сабақ:

  1. Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу: О о әріп таңбалары .

Сөздік диктант:

Туысқан, сіңлі, әпке, нағашы, іні, жиен, бөле, қарындас,бауыр, бажа, келін, ата, апа. (Сөздерге сұрақ қояды) Өнегелі отаудың керегесі кең.(мақал)

2. Оқулықпен жұмыс.

318-жаттығу.

Мақалды көшіріп , Кім? не?сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызады.

Ереже: Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп атайды. Зат есім кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап береді.

319-жаттығу.

Сызбаның орнына не? сұрағына жауап беретін сөздерді қойып көшіріп жазады.

Ит үреді. Қасқыр ұлиды. Қарға қарқылдайды. Әтеш шақырады.

3.Сергіту сәті .

V. Сабақты бекіту:

321-жаттығу.

Сөздерді оқып олардың зат есім екенін дәлелдейді.

Дәлелдеу үлгісі:

Ақын- бұл сөз заттың атын білдіріп тұр.

Бұл -зат есім, өйткені

Кім? деген сұраққа жауап береді.

VI. Сабақты қорыту: Сұрақ-жауап арқылы.

VII.Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру:

320-жаттығу.

Сөздерді оқып кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді топтастырып жазады.

Кім?-сатушы, дәрігер, ата, ұста

Не?- кітап, парта, дөңгелек, түлкі, ағаш, қарға.Ереже жаттау

© 2010-2022