Комплексті қорытынды сабақ «Күз кереметі»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас, таным, шығармашылық.

Бөлімдері: Тіл дамыту, сурет салу.

Сабақ түрі: Комплексті.

Тақырыбы: Күз кереметі.

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз бояулары туралы ұғымдарды бекіту. Күзгі ағаштың әдемілігін бере білуді үйрету. Эстетикалық талғамды, аңғарымпаздықты қалыптастыру. Ыждамдылық пен сурет салуға ынталыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Күздің суреті, жапырақтар, әсем әуен таспасы, әр үстелге екі түсті (сары және қызыл) гуашь, екі істік (қарындашқа байланған губка) дымқыл мата сулық, үлгі және түсті парақ.

Шаттақ шеңбері:

  • Балалар бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жақсы тілек айтуымен бастайық:

Қасыңдағы досыңа гүлді бере отырып, жақсы сөз айтыңдар. Мысалы: Әсель сен сүйкімдісің. Ал Әсель сен қасыңдағы Алдиярға жақсы сөз айт «Алдияр сен өте адал доссың»т.б.

- Балалар, қараңдаршы, біздің топ бүгін ерекше әдемі ( топ ағаштар мен жапырақтармен безендендірілген). Балалар, қараңдаршы, мен бір себет тауып алдым. Бірақ мен білмеймін кім оны тастап кетті екен? Ішінде не бар екенін көрейік пе? Ішінде таспа бар екен, оны тыңап көрейік пе?

Әуен ойналады да, Күз кіреді.

Күз:

  • Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер мені танымай тұрған сияқтысыңдар ғой ! Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын, сонда мен кім екенімді табасыңдар :

Астық пісіп, Орақ түсіп. Қырмандарға түседі, Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады?
  • Дұрыс айтасыңдар.Мен Күз мезгілімін
Тәрбиеші:
  • Балалар, Күзге қараңдаршы, өзі қандай әдемі, қандай әдемі түстерді бізге алып келді. Бірақ күздің көңіл күйі болмай тұрған сияқты, Күз саған не болды?

Күз:

  • Балалар, менің көңіл күйім жоқ, өйткені сендермен қоштасайын деп келдім. Мен кетемін ал, сендерге суық, аязды қыс мезгілі келеді.

Тәрбиеші:

-Ештеңе етпейді Күз, балаларды ойлап уайымдама,әр жыл мезгілінің өз кереметі болады ғой, ал сен бізді ұмытпай келіп тұр, жарай ма?

  • Таптым, балалар, Күздің көңіл күйін көтеру үшін, оны қуантайық. Біз Күз туралы көп нәрсе білеміз ғой иә? Оған өлең, тақпақтар сыйлайық.

Өлең « Күз келіпті»

Балалар Күз туралы тақпақтар оқиды:

Айзере:

Қызыл,сары, жасыл көк

Алуан -алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады жалтырап.

Фариза:

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

Назерке:

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін,

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін

  • Балалар, сендер білесіңдер ме қазір жылдың қай мезгілі ( Күз мезгілі)

  • Күзде қандай өзгерістер мен құбылыстар болады? ( ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі, жиі жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді)

  • Айтыңдаршы күзде қандай жапырақтарды кездестіруге болады? (Сары, қызыл,қоңыр және де өз түсін өзгерте алмаған жасыл түсті жапырақтар). Дұрыс айтасыңдар Күзде жапырақтардың түсі өзгереді, өйткені күн суыта бастайды. Қалай ойлайсыңдар, қатты жел соққанда жапырақтар не істейді? (Жерге қарай ұшады). Дұрыс айтасыңдар балалар, ондай құбылысты орыс тілінде - «Листопад», ал Күз мезгілін - «Осень» деп атайды

  • Балалар, жаңбыр қалай жауады? ( Кап,кап,кап)

  • Ал жел қалай соғады? ( Гу, гу, гу)

  • Балалар, сендер қалай ойлайсындар, құстар неліктен жылы жаққа ұшып кетеді? (өйткені, қыста олардың жейтін азығы болмайды), Дұрыс айтасыңдар балалар, өйткені олар жейтін құрт-құмырсқалар тығылып, қысқы ұйқыға кетті, келесі көктемге дейін.

  • Балалар, естеріңде ме, біз сендермен серуенге шыққанда жапырақтардың ұшуын бақылағанбыз. Қане жерден әр қолға бір-бір жапырақтан алайық та, жапырақтар болып ұшайық.

Біз жапырақпыз,

Біз жапырақпыз.

Жел тұрса шамалы,2

Жан-жаққа біз ұшамыз

  • Жақсы балалар , енді жапырақтарымызды орындарына қояйық та, орындықтарына отырыңдар ( Балалар орындықтарына барып, отырады).

  • Балалар, қараңдаршы, Күздің көңіл күйі көтерілген сияқты. Ол әрқашанда осылай күліп бізге келіп тұруы үшін, оған ағаштағы жапырақтардың түсіп жатқанын салып оған сыйлайық.Тақтаға қараңдаршы ненің суретін көріп тұрсыңдар? ( ағаштың суретін)

  • Ал, ағаштың жапырақтарының түсі қандай? ( қызыл және сары)

  • Бүгін біз сендермен ағаштардағы және ағаштан жерге қарай түсіп жатқан жапырақтардың суретін саламыз.

  • Суретті салмас бұрын, алдарындағы кішкентай доптармен жаттығу жасаймыз, оны алақанымызға аламыз да, домалақтаймыз. Алдымен оңға қарай, содан соң солға қарай, енді саусақтарға қарай, ең қызығы оны мұжып көрейікші, жұмсақ па, қатты ма, қалай?

Жұмысты орындау тәсілін көрсету:

  1. Менде сиқырлы таяқша - істік бар. Істікке сары түсті бояуды іліп аламын да, онымен барлық бұтақтарды «піскілеймін» , әрбір бұтақта сары түсті жапырақтар болуы үшін солай етемін. Орнына қоямын.



  1. Сонан соң екінші істікті аламын да, қызыл бояуды іліп аламын да, қызыл түсті іліп аламын, сөйтіп барлық бұтақтарға тағы да жапырақтар саламын, және де жерге ұшып жатқан жапырақтар бейнелеймін. Ағаш ажарланып ,сәнді боп шығады.

Жұмысты орындау тәсілін бекіту:

Маған қызыл және сары бояуларды көрсетіңдер. Істікті қалай ұстау керек? Сиқырлы таяқшаны сынып қалмауы үшін жеңіл ғана басамыз.

Қимыл ауада қайталанады.

Балалардың өз бетінше жұмыс істеуі

Балаларға бояуларды қабаттастырып жағуға рұқсат етіледі.

Балалардың жұмыстарын талдау және көрмеге қою

Қандай әдемі ағаштар пайда болды. Қараңдаршы қандай көп ағаштар, әдемі орман бағы сияқты. Күз саған біздің ағаштарымыз ұнады ма? Ендеше оны саған силаймыз, осы суреттерге қарап, балаларды есіңе түсіретін боласың.

Күз:

  • Балалар, енді менің көңіл күйім көтеріліп қалды, рахмет сыйлықтарың үшін, мен де сендерге сыйлық алып келдім. Қане, тауып айтыңдаршы, бұл не? ( балалар Күздің себетіндегі алмаларды көріп «Алма»- дейді.

  • Иә , Бұл алмаларды сендерге алып келдім. Ас болсын! Жей қойыңдар. Ал енді мен жүрейін, сау болыңдар! ( Балалар Күзбен қоштасады).

Тәрбиеші:

  • Жарайсыңдар балалар, біз сендермен бүгін үлкен жұмыс атқардық, жыл мезгілі Күздің көңіл күйін көтеріп, шығарып салдық.

Сурет салу кезіндегі пайдаланылған түстердің аттары есте бекітіледі.







КМҚК «Дәншік» балабақшасы

«Ботақан» екінші сәбилер тобы

( І- тоқсан)

Комплексті қорытынды сабақ

Білім беру саласы : Қатынас,таным,шығармашылық.

Бөлімі: Тіл дамыту,сурет салу

Тақырыбы:

« Күз кереметі»

Өткізген: Нурпиисова М.С.

Самар ауылы 2014ж

© 2010-2022