Ашық сабақ Тақырыбы Тіл - асыл қазына

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Тіл-асыл қазына

Мақсаты:Оқушыларды өз халқының тілін құрметтеуге,қадірлеуге,Тіл заңын меңгере отырып тілді дамытуға,гүлдендіруге,үлес қосуға тәрбиелеу.

Барысы:

1.Тыңдаңдар,мөлдір аспан,бұйра қырат,

Таулардан сылдырап бір құла бұлақ.

Бүгін міне «Қазақ тілі» мерекесі,

Көпшілік салыңыздар жырға құлақ.

2.Құрметті ұстаздар,оқушылар,бүгін сіздер «Тіл-асыл қазына» атты тіл мерекесіне жиналып отырсыздар.

1.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тілден асқан қазына жоқ,тілден асқан қасиет жоқ» және «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді.Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда.

2.Тіл-ана сүтімен бойымызға сіңіп,атадан балаға жетіп отырған ұлы күш.Ол талай дәуірді,қоғамды,кезеңді,сынды басынан өткеріп келеді.Ана тілі арқылы тараған халық мұраларын өзімізге өнеге етеміз.

1.Дүниеде әр халықты жеке-жеке халық еткен,бір халық пен екінші халықтың арасын жуықтатқанібір-біріне біріктірген себептердің ең бастысы-тіл және әдебиет.Өзіне тән тілі мен әдебиеті болмаған халық халықтығын сақтай алмас.

2.Ана сүтімен бірге емген ана тілі мен әдебиетінің бағасын біліп,дәмін сезген балалары ғана өз тіліне ата-анасынан да артық құрмет етер.Тіл мен әдебиетін жоғалтпас үшін жанын да пида етер.Сондықтан өз тіліміз бен әдебиетімізді құрметтейік.

1. «Ана тілім өркенде,

Бола бер күшті,көркем де».Қазақ тілі мен әдебиеті жайлы белгілі тұлғалардың айтқан сөздеріне құлақ салайық:

1.Ғабит Мүсірепов: «Әдебиет-халықтың рухани байлығы».

.Нұртас Оңдасынов: «Қазақ тілі-аса бай тіл,икемді тіл.Қалай исең,солай иіле береді.Орамын,бұрамын тауып,қисынын,орайын келтіріп пайдалансаң,бұл тілмен сурет салуға,тас қашап,ағаш,текемет оюға болады-ау.Халықтың тіліне,жырына құлақ салсаң,бал татитын нәріне әсте тоймайсың.Ғашықпын қазақ тіліне.Осындай майса,сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.

3.Мұхамеджан Қаратаев: «Көркем әдебиет-өнердің ішіндегі ең бір жетекші,белсенді түрі,өмір құбылыстарын жаппай қамти алатын сала».

4.Мұхтар Әуезов: «Әдебиет-оқушының ақыл-сезімін тәрбиелеп жетілдіруден басқа сол оқушыға қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгінгі пішінін танытуға керек».

5.Ғабиден Мұстафин: «Әдебиет-адам өнерінің ең ұзақ жасайтындарының бірі».

6.Ғабиден Мұстафин: «Жақсы әдебиет-түзу айна,жаман әдебиет-қисық айна».

7.Ғабиден Мұстафин: «Әдебиетке ғылым,білім,тәжірибеден бұрын талант керек».

8.Бауыржан Момышұлы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту».

9.А.Твардовский: «Әдебиет шындықты шыңдайды және шегелейді».

10.Д.И.Писарев: « Әдебиет-керемет қоғамдық күш».

11.Бауыржан Момышұлы: «Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып,қатардан қалып өмір сүрмегендігі,өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған».

12.В.Г.Белинский: «Әдебиет-халықтың санасы,оның рухани өмірінің бояуы мен жемісі».

13.М.Горький: «Әдебиеттің мақсаты-адамға өзін-өзі тани білуге жәрдемдесу».

14.А.В.Затаевич: «Қазақтың халық ауыз әдебиеті халық аңыздары,тарихи әңгімелері,жырлары суреткерлігімен және тілінің көркемділігімен,метафора мен теңеуге байлығымен,фантазиясының ауқымымен өзіне көңіл аударады.Сол сияқты сүйеді және оны бағалай біледі».

15.Евней Бөкетов: «Әдебиет пен көркемөнердің ұлы туындылары біздің жан-тәнімізге,қанымызға,бойымызға сездірмей сіңеді де,біздің рухани адамгершілік бейнемізді қалыптастыру ісіне асқан белсенділікпен қатынасады».

16.А.Эйнштейн: «Мен көркем шығармаларды оқығанда шексіз ләззат аламын,шексіз бақытқа тап боламын.Өнер-білімнің басқа саласынан гөрі тек осы саладан ғана жан-дүнием рахат табады».

17.С.Малов: «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл,бейнелі тіл-қазақ тілі.Қазақтар өзінің шешендігімен,әсем ауыз әдебиетімен де даңқты».

18.Бауыржан Момышұлы: «Қазақ тілі-өткірлігімен бой балқытып,тамыр шымырлатып,жан жүйеңді жандандырып,құлақ құрышын қандырып,ұғымыңа қонымды,жүрегіңе тиімді болатын тіл».

2.Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

Жырлатқан елдік,ерлік,азаттығын.

Жұлдызды құдіреттің туы болған,

Жауынгер ана тілім-қазақ тілім.

1.Әдебиет-ықшамдалған әлем.Көркем әдебиет жас баланы саяси қайраткерлікке тәрбиелейді.Әдебиетімізді білмей тұрып мәдениетті адам бола алмаймыз.

2.Бір өзінде сан ғасырдың жемісі,

Ана тілім-тірлігімнің айғағы.

Бұл тілімнің кеңейеді өрісі,

Тік тұрғанда Қазақстан байрағы.

Тілім менің,

Ұлы Абайдай,Мұхтардай пірім менің!

Тұнығым,рухани жан азығым,

Ол бүлінсе менің де бүлінгенім.

Туған жері-түп қазығы,айдыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр,салт-санасы-тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы...

Тіл сенің-ең қайратты арыстаның,

Қорғаның дұшпаныңмен алысқан күн.

Тіл сенің-жүректегі жүйрік елшің,

Көк орман,көк арайлы бағыстаның.

Қазақ тілің- өз тілің,ана тілің,

Мұхтар,Абай сөйлеген дана тілің,

Таза сөйле,терең ұқ,көп-көп ізден,

Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін.

Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тілменен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айырылып өз тілімнен.

Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

Қазағымның артық жоқ өз тілінен.

Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Еліміздің аты биікке асқақтап,халқымыз,тіліміз дами берсін.Көк байрағымыз көкте желбіресін!Ел болашағы біздің қолымызда.

© 2010-2022