Әдебиеттік оқу Абай «Жазғытұры» 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу

3 сынып


Тақырыбы: Абай «Жазғытұры» Мақсаты: оқылған өлеңнің мәнін түсініп айтуға үйрету. Көктемгі табиғат көрінісін бейнелейтін Абайдың «Жазғытұры» өлеңінен үзінді талдау, жаңа сөздерге мән бере отырып, сөз мағынасын балаларға ұғындыру. Сөздік қорын жетілдіру, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Абай өлеңіндегі табиғат сұлулығын сезіне отырып, балаларды табиғаттың әсемдігін сезінуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі:жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Абайдың портреті, көктем мезгілінің суреті, дидактикалық ойын құралдары. Жаңа сөздер: масатыдай, анталаса, сыбдыр қағып, бұлаңдап. Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. 2.Қызығушылықты ояту. Ақ қар еріп, су көбейіп, Сай салаға толады, Ағаш басы бүршік ашып, Гүл, бәйшешек толады, Балаларым, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? Балалар жауабы:

  • Көктемде. - Дұрыс айтасыңдар.
  • Көктем екенін қалай білдіңдер? - Көктемде қар ериді, гүлдер шығады.
  • Көктемде неше ай бар? - Көктемде үш ай бар (наурыз, сәуір, мамыр).
  • Көктем қай айдан басталады? - Наурыз айынан басталады.
  • Наурыз айында қандай мерекелер бар? - Наурыз айында
8-наурыз Аналар мерекесі, 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні - жаңа жыл мерекесі бар...
  • Көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады? - Ағаштар оянады, бүршік жарады.
  • Жердегі қар қандай күйде болады? - Қар еріп, суға айналады.
  • Көктем мезгілі туралы кім тақпақ біледі? - Балалардың тақпақтары тыңдалады.
  • Көктемде күннің көзі қандай болады? - Күннің көзі жылы болады.
  • Құстар қайдан келеді? - Жылы жақтан келеді.
  • Қандай құстарды білесіңдер? - Аққу, көкек, үйрек, тырна, бұлбұл, қарлығаш, қараторғай.
  • Құстарды қалай қарсы алу керек? - Ұя жасап, қарсы алу керек.
  • Құстар нені қорғайды? - Ағаштарды қорғайды.
  • Дұрыс, балалар. Құстар - біздің досымыз.
  • Енді, балалар, «Көктем» деген сөздің басында қандай дыбыс естіледі?
  • К - дыбысын естіп тұрамыз. К дыбысы - дауыссыз дыбыс.
  • Қане, бәріміз айтамыз. К - к - к. Енді К - дыбысына сөз ойластырайық. - Көкек, үйрек, кірпі.
  • Жарайсыңдар, балалар.
  • Енді К дыбысынан басталатын сөздерден сөйлем құрастырып көрейік. Көктем келді, Көк көйлегін киді жер. Көк шөп шықты.
3.Сергіту сәті: Ой, балалар, балалар Жылы-жылы жел соқты Жылғалардан су ақты. Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті, Жер қарайды жаз кепті. 4.Жаңа сабақ
  • Енді, балалар, Абай атамыздың «Жазғытұры» деген өлеңінен үзінді тыңдап көрейік (нақышына келтіріп, мәнерлеп оқылады).
  • Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі
  • Балалар, жазғытұры деп қай жыл мезгілін айтқан.
  • Көктем мезгілін айтқан.
  • Дұрыс.
  • Көктем келгенде, қыс мезгілінің аязы білінбейді, яғни аязы азаяды дейді.
  • Сонымен қатар жерде қандай өзгерістер болады дейді?
  • Жер гүл мен көк шөпке толып, әдеміленіп кетеді дейді.
  • Дұрыс айтасыңдар.
  • Масатыдай құлпырған деген сөз сол мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бала-шаға, аңдар мен құстар қуана шаттана қараса, күн көзі мол шуағын төгіп, жер бетін жылытады дейді.
  • Түйе боздап, қой қоздап - қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду. Гүл мен ағаш майысып қарағанда, Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.
  • Балалар, көктемде нелер төлдейді?
  • Төрт түлік мал төлдейді.
  • Дұрыс, яғни, түйе боталап, қой қоздап, барлық жан-жануарлар төлдейді екен. Ал көктем келгенде құстар не істейді?
  • Шаттана, қуанып, сайрап өлең айтады. - Дұрыс айтасыңдар.
  • Ағаштар мен гүлдерде не өзгеріс болады?
  • Олар әдеміленіп, құлпырады. - Жарайсыңдар, балалар.
  • Көктем келгенде сай-саладан не ағады?
  • Су ағады.
  • Су қалай ағады? - Сыбдырлап, сыңғырлап ағады.
  • Міне, көрдіңдер ме, балалар. Абай атамыз көктем көрінісінің табиғатын қалай жырлаған? Әдемі, сұлу көріністі көз алдымызға елестетіп жіберді емес пе? Көктемгі табиғаттың сұлу көрінісін көркем сөзбен суреттеп отыр. (Көктемді бейнелейтін сурет көрінісі көрсетіледі.) Міне, мына көріністе көктемді суретші сурет арқылы суреттеген болса, ал Абай атамыз «Жазғытұры» өлеңінде көктемді, сөзбен, жан бітіріп суреттеп отыр. Абай атамыздың табиғат лирикаларында осыны байқауға болады. Міне, көрдіңдер ме, Абай атамыздың Ұлылығын.
  • Ал сендер мектепке барғанда, Абай аталарыңның көптеген шығармаларымен одан әрі танысатын боласыңдар.
5.Ой қозғау.
  • Енді сабағымызды ойын түрінде жалғастырамыз. Дидактикалық - сөздік ойындар:
    1. «Көктемде не жақсы, не жаман?» Көктемде күн жылынады (жақсы жағы) т.б. жер батпақ болады (жаман жағы) т.б.
    2. Сөз тіркесін тап.
Күн ................... (жылынды), Қар ................. (еріді). Құстар ................ (келді). Жаңбыр .................. (жауды).
  1. Жаңбыр қалай жауады? (анықтама беру).
Жаңбыр құйып жауады, - Жаңбыр сіркіреп жауады. Жаңбыр майдалап жауады, - Жаңбыр нөсерлетіп жауады. 4.Су қандай? (анықтама беру). Су - таза, түссіз, дәмсіз, иіссіз. 5.Жаттығу - ойындар, (қарама-қарсы сөздерді тауып айт). Қыз - (ұл), кішкентай - (үлкен), тәтті - (ащы), жұмсақ - (қатты). 6. Сөздерді көпше түрде айту. Бала - (балалар), гүл - (гүлдер), торғай - (торғайлар), құс - (құстар).
  1. Ұқсасын тауып айт:
Ра-ра-ра, та-та-та, да-да-да ра-ра-ра - шағып алды ара, да-да-да - ойнаймыз біз далада.
  1. Дыбыстық мәдениет.
Әртүрлі сөздерді айтуға жаттықтыру (з-з, с-с, ш-ш, ж-ж, ф-ф, ч-ч, р-р, а-а, қ-қ) (ара, жауын, қаз, қоңыз, кірпі, ит, қуыршақ, т.б.) 6.Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Үйге тапсырма беру.


© 2010-2022