Эссе-рефлексия: Ұстаз-тәрбиешінің бір күнінен үзік сыр

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұстаз-тәрбиешінің бір күнінен үзік сыр


Эссе-рефлексия:Ұстаз-тәрбиешінің бір күнінен үзік сыр















(Н.Тілендиев «Ата толғауы» күйі әуенімен)
Тыңдашы, тыңдашы сен, күмбірлеген күй үнін. Бұл күйменен атам қазақ ұрпағына жол көрсетіп, бойына рух дарытып, тәлім- тәрбие берген. ИЯ, Бармысың, есенбісің, қасиетті шаңырақ, кең пейілді, жүзі жылы, көпшілік, ұстаздар қауымы. Бүгінгі күнде, мен де ата-баба дәстүрін қолдап, жас балғынға дәріс беріп жүрген тәрбиеші ұстазбын. Ұстаз арманы деген көп белес. Біріне шықсаң бірі көрінер. Белес түбі бір асқар, сол асқарға шыққанда, жүрек шіркін не айтар?. Әрине, жүрек әмірі шындық пен көкірегі білімге толы ұстазға: «аянбай қызмет ет» деуден басқа амалы бар ма?! Мен ҰСТАЗБЫН. Ұстаздықтан ешқашанда жалықпағам. Кішкентай таза көңіл балалармен ойында бала болсам, дәріс беруде бала көзінде дана болам, құласа демеп, жыласа досы болуға асығам. Олар мені қиын да қызық ұстаздық әлеміне жетелеп келеді. Олардың алдында мен, «Шынықсаң шымыр боласың» деп денесін шынықтыратын «жаттықтырушымын»; қоршаған ортамен, таза табиғат әлемін таныстырар «экологпын»; ойын қиялдарға самғатып, қылқаламмен сурет салғызатын












Эссе-рефлексия:Ұстаз-тәрбиешінің бір күнінен үзік сыр «суретшімін»; тіпті, саусақтарын майыстырып, ермексазбен мүсіндеуге жол көрсетер «мүсіншімін» де; көкірек көзін ашып, әсем әнге толтырар, талғампаздыққа үйретер «музыкантпын» білім көкжиегінде сауатын ашып, сандар сырын ұқтырар, әдеп әліппесіне баулып, ертегілер еліне бойлатар, өзін-өзі тану мен еңбекке үйретер тәрбиешімін. Эссе-рефлексия:Ұстаз-тәрбиешінің бір күнінен үзік сыр












Міне, ұстаздықтың ұлы жолындағы, тәрбиешінің бір күні. Егер біреу маған «не жақсы»- десе, лаулаған талап-дер ем! «не жаман»-десе, кесілген үміт дер ем. Егер үміт кесілсе болашаққа бастар жол да кесілер. Ал, мұғалімнің бар үміті-келешек ұрпаққа келелі тәлім мен тәрбие беру. Сол жолда еңбек етіп, бүгін сіздердің алдарыңызда өз ойының бір сырымен бөліскен, Сарыбұлақ ауылы №8 орта мектеп мектепалды сыныбының тәрбиешісі Чинибекова Гүлбархан Қалиқызы.

© 2010-2022