Әліппемен қоштасу 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қош бол, құтты әліппем!»
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата - аналарға көрсету,эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу,өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, бүгін қуанышты күн. Міне, менің кішкентай балапандарым кеше ғана құшақтары гүлге толып мектеп табалдырығын аттап, қолдарына сүйікті де, сүйкімді Әліппе кітабын алған болатын. Сол әліппемен бүгінгі күні қимастықпен қоштасқалы отыр. Сіздердің алдарыңызда осы бүлдіршіндермен бүгін біз «Қош бол, құтты әліппем!» атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Балаларымыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын дей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!
Сынып оқушылары қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, оқушылар, сөз кезегі өздеріңізде.

1-оқушы:
Армысыздар, аналар,
Бармысыздар, балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр, әніміз!
2-оқушы:

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
3-оқушы:

Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім, ойымыз,

Құтты болсын тойымыз!

Мұғалім: Балалар мына жұмбақтың шешуін табыңдаршы.
Әр білімнің бастауы
Бар ғылымның бастауы
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан?
Бәрі: Әліппе!
Мұғалім: Дұрыс балалар, енді ортамызға өздеріңнің сүйікті достарың Әліппені шақырайық.

«Әліппе» ән айтып шығады.

Әліппе:

Армысыздар, жан достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі ғажаптың
Басталады сендерден.
- Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті, достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Ал, енді бүгін маған өз білімдерің мен өнерлеріңді көрсетіңдер.

Мұғалім: Олай болса Әліппе кел, төрлет, оқушыларымыздың өнерін тамашала.

4-оқушы:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа бөленген,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

5-оқушы:

Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес алыс жол,

Тырысып бақ алысқа.

6-оқушы:

Құтты бол қане әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

7-оқушы:

Ашыла берді алдымнан,

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдап алтыннан,

Әліппе білім есігі.

8-оқушы:

Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын.

Ақыл бердің Әліппе,

Ақылды сен мұғалім!

Әліппе сұрақтары: Балалар сендер санамақ айту білесіңдерме?

1-дегенім - бесік, Шықтың содан өсіп

2-дегенім - елім, Далам, тауым, көгім

3-дегенім - үміт, Үміт артар жігіт

4-дегенім - төзім,Төзе білем өзім

5-дегенім - бақыт, бағалайтын бақыт

6-дегенім - ақыл, Тыңдағаның мақұл

7-дегенім - жалау, Жүректегі алау

8-дегенім - сөзің, Серт беретін кезің

9-дегенім - тоқтау, Елдің жоғын жоқтау

10-дегенім - Отан, Қорға соны, ботам!

Мұғалім: Оқушылардың орындауындағы «Әліппе» әнін қабыл алыңыздар.

Хор: «Әліппе»

9-оқушы:

Үйретті бізді әліппе,

42- дербес әріпке.

Сөз, сөйлем құрап әріптен,

Лайық болдық дәріпке.

10-оқушы:

Ізгілікті ойға тоқитын,

Шәкірт боп үздік оқитын.

Әліппе атты кемемен,

Кеземін білім мұхитын.

11-оқушы:

Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.

12-оқушы:

Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе!

13-оқушы:

Әліппе - білім анасы
Әліппе -кітап данасы,
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?

14-оқушы:

А-ны айтқанда дауысымыз дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем.
Сөз оқимын, айырып әріпті енді.

Мұғалім: Ал, балалар, енді Әліппе бізбен қоштасқалы тұр. Ол сендерге өзінің ақ тілегін тілейді.

Әліппе:

42 әріпті игерді,

Әріптен буындап сөз тердік.

Ризамын, балалар, сендерге.

Рахмет айтатын сөз кез келді,

Жастарың ұзақ болсын.

Күнделіктерін 5-ке толсын!

Мұғалім: Балалар сендердің білімдеріңді, өнерлеріңді көріп, Әліппе сендерге риза болып кетті.Ал енді «Ана тілі» кітабын оқитын боласыңдар. Бұл пәнді де жақсы оқиды деп сенемін. Ана тілін шақырамыз.

Ана тілі ән айтып шығады.

Ана тілі: Саламатсыңдарма?, балалар! Енді мені оқып , меннен білім аласыңдар.

Өз ана тілдерінді құрметтеңдер.

-Балалар,енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты ертегілер,әңгімелер арнаймын,тек сендер ынта қойып,мені ұқыпты оқысаңдар,көп нәрсе үйренесіңдер.

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін.

Енді біз бір-бірімізбен айнымас дос болайық .
Балалар көңілді дауыстарыңды естіп келдім.Бұл балалар қандай өнер көрсетеді екен деп, ойланап та келдім.Ал, балалар өнерге кезек беріңдер

15-оқушы:

Ана тілін ақтандар,
Ана тілін сақтандар.
Ана тілмен безеніп
Ата берсін ақ таңдар.

16-оқушы:

Ана тілі ұраным,
Ана тілі-құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.

17-оқушы:

Ана тілің - біліп қой,
Бостандығың теңдігің.
Ана тілің - біліп қой,
Мақтанышың елдігің.

18-оқушы:

Ана тілім - болашақ келешегім,

Сен арқылы биікпен теңесемін.

Өлең жазып,ой толғап өз тілімде,

Шыңға қадам басамын мен өсемін.

19-оқушы:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

20-оқушы:

Ақыл - ойын дананың
Ана тілден аламын.
Анам тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.

Ана тілі: Рахмет сендерге балалар. Ал енді мен сендерге сұрақтар дайындар келдім. Сол сұрақтарға жауап беруге дайынсыңдарма?

Сұрақтар:

1.Балалар алда қандай мереке келе жатыр? (16 желтоқсан Тәуелсіздік күні)

2.Біздің еліміз қалай аталады? (Қазақстан Республикасы)

3.Біздің еліміздің елбасы кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

4.Еліміздің астанасы қалай аталады?

Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астана-
Әсем қалам, бас қалам!
5. Қазақстан деген сөзі қалай түсінесіңдер?

Қазақстан- Туымен тұғырлы. Елтаңбасымен-еңселі.
Әнұранымен-айбатты.

6.Отан деген не?

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман-тоғай көлімізді.

Мұғалім: Оқушыларымыздың «Отан» туралы әнін тыңдайық.

Хор: «Отан»

Ал енді балалар біз ұстаз туралы жаттаған, білетін тақпақтарымызды айтайық.

21-оқушы:

Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың,
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім

22-оқушы:

Анамыздай аялап

Ақылшы болған ұстазым.

Өзіңнің ғана еңбегің

Бүгінде биік ұшқаным

23-оқушы:

Достастырған өзіңмен,

Ұстазыма мың алғыс!

Иландырған сөзіне

Қамқоршыма мың алғыс!

24-оқушы:

Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.

25-оқушы:

Білімнің ғана тиегі,

Мектебін жаны сүйеді.

Қарапайым мамандық

Ұстаздық атты киелі.

26-оқушы:

Бәрімізіді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен
27-оқушы:

Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ - даңқын асырды бар әлемнен.
"Ұстаз" деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Мұғалім: Ал енді оқушылардың дайындаған Флешмобын тамашалайық.

Би: «Флешмоб»

Мұғалім:

Жүздерінен көркем шаттық арайын,

Болсын солай, әр бір күнің ,әр айың

Тойларыңыз құтты болсын ағайын

Тойларыңыз тойға ұлассын әр дайым- дей келе сөз кезегі мектебіміздің директоры Есмаганбетов Арарат Мылтыкбаевичке беріледі.

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар
Балалар есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашар аналар
Құттықтау сөзі ата- аналарға беріледі.

Мұғалім:
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,ерінбейтін еңбекқор мықты болсынОсымен бүгінгі 1 сыныбында өткен «Қош бол, құтты Әліппе» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.





© 2010-2022