Қазақ тілі: Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша. /сабақ жоспары 3 сынып/

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау. 1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөйлем мүшелері:бастауыш туралы түсініктерін қалыптастыру; 2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; сөйлем мүшелерін ажырата білу қабілеттерін дамыту; 3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; Сабақ түрі : жаңа сабақ Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар., сызбалар. Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы 1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру Үй тапсырмасын тексеру. 44 жаттығу

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Дәптермен жұмыс Каллиографиялық минут: Есту диктанты: Алма- көп тұқымды шырынды жеміс. Алма ағашы- жапырағы түсетін өсімдік. Алма- жер шарының барлық жерінде өсетін ағаш. Әр сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тап, сұрақ қой. Не байқадың? Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады(-): Әмір- оқушы. Алматы- әдемі қала. 47 жаттығу ауызша салыстыр. 48 жаттығу Сөйлемдерді көшір, бастауыш пен баяндауышты тап Шерхан Мұртаза- халық жазушысы. Нұрпейіс Байғанин- ақын. Күләш Байсейітова- атақты әнші. Сергіту сәті: 3.Жаңа білімді бекіту: 49 жаттығу сөйлемдерді дұрыстап жаз.

  1. Отан қуат, отбасы шуақ- Отан- қуат, отбасы-шуақ.
  2. Мектеп кеме, білім теңіз- Мектеп-кеме, білім-теңіз.
  3. Ас атасы нан-Ас-атасы нан.
50 жаттығу тек сызықша қойылған сөйлемдерді жаз. 52,53 жаттығулар ауызша Ойын «Кім шапшаң?» берілген сөйлемдерді екі себет бөліп сал: бастауыш ы зат есімнен, баяндауышы етістіктен оң себетке, бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен сол себетке. Қазақ тілі: Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша. /сабақ жоспары 3 сынып/Қазақ тілі: Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша. /сабақ жоспары 3 сынып/ Әнші қыз келді. Қарбыз- көкөніс. Аян- биші. Күн қызарып батты. Бөдене жақынға ұшады. Саят-оқушы. Абай- ақын. Асан сурет салды. Айнұр- ұқыпты қыз. Марат футбол ой»нады. Айжан- биші. 56 жаттығу - шығармашылық тапсырма 59 жаттығу топтық жұмыс Өзіндік жұмыс дәптері.17 бет№ 1,3 Карточка бойынша жұмыс 4.Үйге тапсырма: 87 бет 51 жаттығу, 86 бет ереже, 88 бет- 55 жаттығу



© 2010-2022