Мектепалды даярлық тобы. Көңілді қыс

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау қаласы, Дамбы селосы

Амангелді атындағы орта мектеп

Мектепалды даярлық тобы

Измуханова Гулнара Гизатоллаевна

Тақырыбы: Көңілді қыс

Мақсаты: 1. Балаларға қысқы ойын түрлері туралы мағлұмат беру. Олардың

ерекшелігін ұғындыру.

2. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Қимыл қозғалыс ойындарын ережесіне сай орындауға тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: Топтастыру түсіндіру, семантикалық карта, қажетті қайталау.

Көрнекілігі: суреттер, қар, аққала, шырша, шырша ойыншықтары.

Жүрісі

I.Шаттық шеңбері

Қайырлы таң, көк аспан!

Қайырлы таң, жер ана!

Қайырлы таң, қонақтар!

Қайырлы таң, достарым!

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуанып қарсы аламын.

Сәлем, сәлем, сәлем!

II. Үй тапсырмасын тексеру. «Қыс» туралы әңгімелеу. Топтастыру.

III. Жаңа сабақ

а) жұмбақ шешу. Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз)

ә)сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу.

-Аяз жылдың қай мезгілінде болады?

-Қыс мезгілінде болады.

-Аяз қандай болады?

-Қатты, суық. Бетті, қолды үсітіп жібереді.

-Аязды күні ойнауға бола ма?

-Болады. Суықтан қорықпау керек.

-Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

- Аққала соғамыз, сырғанаймыз, шаңғы, шана, коньки тебеміз, хоккей ойнаймыз.

Осы кезде есік қағылады. Ақшақар ортаға келеді. Арқасында қоржыны бар.

1. Қоржын ішінде ойын түрлерін білдіретін суреттер бар. Кезекпен суырып қысқы ойын түрлерін топтаймыз. Ілінген сурет түрлеріне ауызша сөйлем ойлау, мадақтау.

2. Көзін байлап қиып әзірленген аққаланы құрастыру.

Ойын: «Кім шапшаң» Тапсырманың суретін дәптерге салу.

Сергіту сәті: Қарды жинаймыз, дөңгелектейміз, тағы да біреуін дөңгелектейміз. Дайын қарларды бірінің үстіне бірін қоямыз. Қолын жасаймыз, көздерін, мұрнын, аузын жасаймыз. Мінекей, аққаламыз да дайын болды. (қимылмен көрсетеді)

3. Балалар Ақшақарымыз бізге қуанышты хабар да ала келипті. Бәріміз асыға күтетін қандай мейрам еді?

-Жана жыл!

-Дұрыс.

-Жаңа жылда бізге кім келеді?

-Аяз ата.

Сол аяз атаға қандай өнер көрсете аламыз. Әрине тек қыс туралы болу керек. Жаңа жылда біздің ортамызда міндетті түрде не болады?

-Шырша.

Онда сол шыршаның суретін де салайық.

Ойын: «Шыршаны безендіру»

Ойынның шарты: Тілек айтып шыршаға ойыншықтар ілу.

Сабақты қорыту:

Семантикалық карта

Р/с

Ойын түрлері

Қыс

Көктем

Жаз

Күз

1

2

3

4

5

6 Футбол Хоккей Валейбол Шаңғы тебу Шахмат Сырғанау


+


+


+

+

+

+

Қорытындылау

Үйге тапсырма: «Қыс» өлеңін жаттау.

Ән: «Бір, екі, үш» (қимылды көрсету арқылы орындау)

Күтілетін нәтиже:

Біледі: «Қыс» туралы толығырақ мағлұмат алады. Қыс ерекшеліктерін біледі.

Түсінеді: Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау керек екенін түсінеді.

Меңгереді: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.



© 2010-2022