Ашық сабақ Әліппемен қоштасу (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппемен қоштасу

Мақсаты: Сауат ашу пәнін оқу барысында оқушылардың алған білімдерін көрсету, өнерге деген сүйіспеншіліктерін дамыту.

Көрнекілігі: Әліппенің макеті, кеспе әріптер, интерактивті тақта, шарлар, т.б.

Өту барысы:

Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі:

Бүгін егеменді ел болған еліміз ескеріліп, етек-жеңіміз кеңейіп, тәуелсіз тұлпардай атақ-даңқымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгінгі күнде біздер , сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Бұл той балалардың тұсаукесер тойы іспеттес, кеше ғана алаңсыз доп ойнап жүрген бүлдіршіндер бүгін бойларына жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуынан аман-есен асып, бір жасқа тағы да есейіп отыр. Тойларыңыз тойға ұлассын! Шәкірттер атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл, ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Мират:Ассалаумағалейкум, уа халайық!

Армысыздар, аналар!

Армысыздар, ұстаздар!

Білім берген әз жандар.

Бас иеміз сіздерге,

Күн шыққан мынау ақ таңда!

Аружан: Қош келіпсіз аяулы аналар,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне әліппемен қоштасады,

Азамат боп кешегі сәбилер.

Нұрсұлу: Ал, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Қайсы күйші, кім биші,

Талабына қарайық.

Дархан: Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол ,

Тырмысып бақ намысқа.

Мадияр: Әліппем менің әліппем,

Сені қолға алып мен .

Есігін аштым білімнің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Айсұлу:Кім зерек, кім тапқыр,

Таланттарын табайық.

«Білімді» қарсы алайық,

Бәріміз қол соғайық!

Қол шапалақтап «Білімді» қарсы алады.

Білім: Күн нұрындай білімнің,

Алан: Күнімен мол білімнің.

Құттықтаймын достарым,

Құтты болсын Ұлы күн!

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе-ғылым атасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Ортаға «Әліппені» шақырайық!

Әліппе: Амансыздар ма, қадірлі ұстаздар, асыл ата-аналар, өнерпаз бүлдіршіндер!

Оқушылар: Хош келдіңіз, сүйікті Әліппе!

Әліппе: Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Әліппесін меңгерген,

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Жақсы білім-көрімдік,

Не үйрендік, не білдік?

Ән «Әліппе»

Әліппе: Менің атым Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен,

Бауыржан да, Мәлік те.

Әліпбилер шығыңдар,

Орындарға тұрыңдар.

Баста, кәне, айтысты,

Жібермеңдер намысты.

Әріптер айтысы:

Санжар: «А» Астанам аты- Астана

Астанам менің- Бас қала.

Әсем: «Ә» «Әдептілік» дегенің

Әрқашан да керегің.

Арыстан:«Б» Б-дегенің бала ғой

Жұмсаса әжең бара ғой.

Асанали: «Ғ» Ғалым болар ғылымда

Ғажайыптар ашамын.

Ғарыштың да тыңына,

Ғылым дәнін шашамын.

Мира: «Е» Есті бала ержетіп,

Елдің қамын ойлаған.

Ессіз бала кері кетіп,

Есерлігін қоймаған.

Слава: «С» Спортпен айналыс,

Сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс,

Сауық пен кинодан.

Жанар:«Ш» Шындықты сақтаймыз,

Шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдында,

Шығарып мақтаймыз.

Азамат:«Т» Тәртіпті бала-сүйініш,

Төбең көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала-күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

Әділ:«І» Інілерін ағалар,

Ісіменен бағалар.

Мұғалім: Әр жігіттің үш жұрты бар . Әліппенің де үш жұрты бар екен.

Өз жұрты: Дауысты дыбыстар

Нағашы жұрты: Дауыссыз дыбыстар

Қайын жұрты: Ъ, Ь белгілер

Әліппе: - Сөз мәйегі мақал ғой, мақалдатпаймыз ба?

«О» Отан оттан да ыстық

«К» Көзі жаманның сөзі жаман,

Сөзі жаманның өзі жаман.

«Е» Екі сөйлегенің өлгенің

«Ү» Үш сөйлегенің көрге кіргенің

«З» Сұрап бір ал, сұрамай екі ал,

Сонда бай боласың, байға сай боласың

«Ж» Жігіт сегіз қырлы бір сырлы болсын.

«Ө»Өсекшінің тілі қышып тұрады,

Қышыған тіл сөзді бұзып тұрады.

Томирис: Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

Бәрі: Мақалымыз мақал болды, ешкіге біткен сақал болды.

Әліппе: Жасырынған жұмбақтар, шатасқан жаңылтпаштар қайда жүр?

Оқушылар: Қадірлі Әліппе! Біз жұмбақ айтайық, шешуін қонақтар тапсын.

Әліппе: Олай болса, қонақтар, ойланып дайындалып отырыңыздар.

: Судан шығады, судан қорқады.

:Ертеңгісін алдыңда, түсте өзіңмен, кешке соңыңнан ереді.

:Бір із, бір іздің соңы мың із.

: Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау.

: Тіріден өлі туады, өліден тірі туады.

Әліппе: Өте жақсы, ендігі кезекті жаңылтпаштарға берейік. (Балалар кезекпен жаңылтпаштарын айтып шығады)

Бала бал арасын қуалады,

Бал арасы баланы қуалады.

Ғарышкер ұшты ғарышқа.

Ғарышқа ұшты ғарышкер.

Айтшы, ғарыш алыс па?

Пай-пай-пай,

Жайылып жүр тай.

Ай-ай-ай,

Ұшып кетті торғай.

Ерсұлтан: Бес түп алма ,

Бестік алғандікі.

Төрт түп алма

Төрттік алғандікі.

Мөлдір: Ара, ара, аралар

Орман маңын аралар

Гүлдерден сорып бал алар

Балдан тәтті бал алар

Айгерім: Әліппені бітірдім,

Жаза аламын атымды.

Әліппені бітірдім,

Бала болдым ақылды .

Мират: Қош бол, құтты әліппе,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Әліппе: Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Әрі қарай жақсы оқыңдар. Сау болыңдар!

Хормен: Сау болыңыз, Әліппе! Сізге көп рахмет!

Әсем әнге салайық,

Мына көпке лайық.

Кезек келді ән-биге,

Көңілденсін халайық.

Би «Қара жорға»

Ән «Сурет сабағы»

Білім: Қызыққа жұрт кенелді,

Қуанышқа бөленді.

Сергітуді бастаушы,

Бой жазуға кез келді.

Мұғалім: Қане, достар білімдар,

Бәрің түзу тұрыңдар.

Сергітуді бастаймыз,

Қапы қалмай болыңдар.

«А» дегенде отырып,

«Б» дегенде тұрыңдар.

А а а

Б б б

Қайталайық тағы да,

Барлығымыз қосылып.

А а а

Б б б

Мұғалім: -«Бала тілі-бал»-демекші келесі сөз кезегін бүлдіршіндерге берейік! (Бейнесюжет)

Ән: «Балалық шақ»

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы»деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында

Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Мектеп басшысына сөз кезегі беріледі:

Ата-аналардың құттықтаулары.





Ақмола облысы

Ақкөл орта мектебі

№3 Ақкөл орта мектебі



Әліппемен

қоштасу



Өткізген:Абдрахманова Г.А.

© 2010-2022