Көктем сәні (Ертегі)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні (Ертегі)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Ертегіні оқи отырып, табиғаттағы аң - құстардың тыныс - тіршілігімен, түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық. Жыл мезгілдері туралы түсінік, табиғат құбылыстарының ерекшеліктері, олардың бір - бірімен байланысты екенін аңғарту.
Тәрбиелік. Оқушының сөздік қорын молайту, түсініктерін айта білуге, табиғатқа деғен сүйіспеншілігін, қызығушылығын, табиғатты қамқорлауға, қорғауға баулу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа тақырып
Көктем сәні (Ертегі)
Қиял - ғажайып Ертегі Шыншыл
Хайуанаттар
Оқулықпен жұмыс. (дауыстап, тізбектеп, оқыту
Ой қозғау. 1. Көктемде жан - жануарларда болатын өзгерістер.
2. Арыстан қандай жарлық береді
3. Арыстан аңдарға қандай сұрақ береді?
4. Көктем сәні туралы аңдар не туралы айтысты?
5. Көктем сәні деген не екен?
Қызығушылығын ояту.
1. Қасқыр - гүл - өмірдің, қуаңшылықтың сыйы, ауа тазарады, жердің сәні.
2. Ақбөкен - жасыл желек - ну орман, өсімдік, табиғат сәні, саяжай.
3. Ит - хош иіс - рахаттанасың, жақындайсың, демаласың.
4. Қоян - мөлдір су - қуат, күш, тамақ, мұз, суға түседі, тіршілік жоқ.
5. Арқар - жылылық - қоршаған орта, сезім, сөз, өседі, өнеді, көбейеді.
6. Киік - нөсер - табиғатқа сән береді, егін өседі.
7. Түлкі - тыныштық - тыныштық, бейбітшілік, ашық, достық, жұмыс.
8. Бұғы - салқын самал - ауа, күш, қуанады, рахаттанады.
9. Піл - еңбек - қуанышқа бөленеді, адам қол жетпейтін нәрсеге жетеді, жол табады.
10. Аю - шалқыған көңіл - ұйымшыл, досы көп болады.
11. Елік - шаттық - рахаттанады, бөленеді.
12. Борсық - күлкі - 69 түрі бар, өмірі жақсы.
13 Қодас - жігер - күшті, қуатты, қайратты..
Сабақты бекіту: Сонымен біз бүгін не туралы өттік?

Жер де, аспан да көкпеңбек,
Бір жасадық көктем кеп.
Менің ару арманым,
Бара жатыр көкке өрлеп.
Кеуде толы жыр ыстық,
(Бір шырқау да дұрыс-ты).
Көктем алып келгендей,
Көл-көсір қып ырыс-құт.

Көктем - ол қуаныштың ізгі лебі
Төлеген Айбергенов
Көктем - ол қуаныштың ізгі лебі,
Қызғалдақ қыздарға арнап үзіледі.
Аспанда жақсылықтың атын жазып,
Тырналар қатар-қатар тізіледі.

-Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз көктем мезгіліне байланысты болады. «Көктем сәні» ертегісін өтеміз.

Оқушыларға ертегіні мәнерлеп оқып беріп, содан кейін оқушылар тізбектей оқиды.

Енді осы ертегідегі қарамен жазылған сөздерге назар аударайықшы.

-Қандай желек?,-деді Ақбөкен. Жасыл желек.

-Қандай иіс?,-деді Ит. Хош иіс.

-Қандай су?,-деді Қоян. Мөлдір су.

-Қандай аспан?,-деді Түлкі. Ашық аспан.

-Қандай самал?,-деді Бұғы. Салқын самал.

-Біз қандай сөздерге сұрақ қойдық.

-Жасыл, хош, ашық, салқын, мөлдір.

Бұл сөздер көктемнің түрін,иісін,сапасын білдіріп тұрған сөздер.Ендеше бізде мынадай ереже шығады.

-Сендердің түсінген,түсінбегендеріңді білу үшін мына жаттығуды орындайық.

262-жаттығу. Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Бұл сөздер нені білдіреді?

Сарғыш түсті,дөңгелек,
Ортасында дәні бар.
Көрсең егер оны жеп,
Балдай тәтті дәмі бар.
-Мұндағы сөздер сарғыш, дөңгелек, балдай тәтті.
Сарғыш- түрі
Дөңгелек-көлемі
Балдай тәтті-дәмі
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Беске-бесті қосайық,
Алақанды ашайық.
263-жаттығу. Бұл жаттығуды ойын ретінде өткізуге болады.
Ойынның аты: «Сиқырлы зат».
1. .....-аппақ,суық(қар)
2. .....-түзу,ұзын (ағаш)
3. .....-жыртқыш, қорқау (қасқыр)
4. .....-домалақ,тәтті (алма)
Шығармашылық диктант
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра.
Айнұр,қызыл,алды,көйлек.
Деңгейлік тапсырмалар:
1-деңгей
Білімсіз,өнерсіз
Болады ақыл тұл.
Сын есімнің астын сыз, сұрақ қой.
2-деңгей
Төмендегі берілген сөздердің сынын білдіретін тиісті сөздерін тап.
Ыстық қар
Тәтті тау
Биік алма
Ақ жаз
3-деңгей

Сурет бойынша сөйлем құрап жаз. Сын есімнің астын сыз.

© 2010-2022