Ашық сабақ тақырыбы: Сөйлем

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.

Дамытушылық: Бір - бірімен қарым - қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету, ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Ауызекі сөйлеу тілдерін, ойлау жүйесін дамыту. Жылдам, әдемі жазу дағдыларын қалыптастыру. Өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.

Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: инсерт, сұрақ - жауап, жаттығу жұмысы, көрнекілік.
Техникалық оқыту құралдары: интерактивті тақта

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу тәсілі.
ә) психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері "Үнсіз төс қағыстыру" шаттық шеңберінде тұрып

Сәлем, алтын күнім менің,

Сәлем, аспан көгілдір.

Сәлем, жақын досым менің,

Қуанышты күн бүгін!

Топқа бөлу.

-Балалар, желтоқсан айында қандай мерекелер бар.

-Ия, «1-желтоқсан Президент күні», «16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні», «31-желтоқсан-Жаңа жыл» мерекелері.

Мерекелерге байланысты, топқа бөлу түрі: 3 топқа «1-желтоқсан Президент күні», «16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні», «31-желтоқсан-Жаңа жыл» деп атадым. Қазір ҰШАҚҚА, КЕМЕГЕ, ПОЕЗДҒА отырып, мерекеге барамыз, бөлініп отыра қаламыз.

-Ия.

-Олай болса , бір-бірден келіп, АҒЫЛШЫН тілінде жазылған өзіміздің есімдеріміз бар көлікке отырып, мерекеге барайық.

І топ «Президент күні» мерекесі

ІІ топ «Тәуелсіздік күні» мерекесі

ІІІ топ «Жаңа жыл» мерекесі

-Балалар, біз топқа бөліндік. Яғни біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз деген сөз иа. Қане, кім біледі, топпен жұмыста қандай ережелерді ұстанушы едік?

Слайдпен жұмыс

Топтағы ережелер:

1.Біреу сөйлегенде ,оның сөзін бөлмейік!

2.Тұлғаның жеке басын сынамай, көзқарас пен пікірді сынайық !

3. Кешікпейік !

4. Қысқа да нұсқа сөйлейік!

5. Уақытты үнемді әрі тиімді пайдаланайық !

6. Берілген тақырыптан ауытқымайық!

7. Біз үшін әрбір пікір құнды!

8. Жекелей жұмыс жасағанда , бір-бірімізге бөгет жасамайық!

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді, ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім! - дегендей, бүгін қазақ тілі сабағын бастаймыз.


-Балалар, бүгін сендер өздеріңді бағалайсыңдар сондықтан

Жасыл түс алғандар: «5»

Қызыл түс алғандар: «4»

Күлгін түс алғандар: «3»

-Сабаққа белсенді қатысайық.

Инсерт әдісі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім


ІІ. Өткен сабақты бекіту

Миға шабуыл

«Ыстық орындық» стратегиясы сұрақтар қойылады. Бір оқушы ыстық орындыққа отырғызылып сұрақтарға жауап беріледі.

1 - топтағы оқушыға 2 сұрақтан

1. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? 3 (қатаң, ұяң, үнді)


2. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? 2 (жуан, жіңішке)


2 - топтағы оқушыға 2 сұрақтан

3. Мәтін деген не? екі не одан да көп сөйлем

4. Мәтіннің неше түрі бар? 3 (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)

3 - топтағы оқушыға 2 сұрақтан

5. Ата-бабамыз қандай үйде тұрған? Киіз үйде.

6.«Қияр»сөзінде неше дыбыс, неше әріп? 4 әріп, 5 дыбыс

III. Үй тапсырмасын тексеру

«Ұялы телефон» ойыны (оқушылар бір-бірінен ұялы телефонмен хабарласу арқылы тапсырмаларды тексереді.)

Сөздерге дыбыстық талдау жасау:

1- оқушы: Итбалық - 7 әріп, 7 дыбыс, 3 дауысты, 4 дауыссыз, 3 буын.

И - [и] - дауысты, жіңішке.

2-оқушы: Т- [т] - дауыссыз, қатаң.

Б - [б] - дауыссыз, ұяң.

3-оқушы: А - [а] - дауысты, жуан.

Л - [л] - дауыссыз, үнді.

4-оқушы: Ы - [ы] - дауысты, жуан

Қ - [қ] - дауыссыз, қатаң.

IV. Жаңа сабақ
Ребус шешу

Ашық сабақ тақырыбы: Сөйлем

К Ө Й Л Е К
- Мынау «көйлек». Оның бастапқы «к» әрпінің орнына «с» әрпін қойып, соңғы «к» әрпінің орнына «м» әрпін қойсаң қандай сөз шығады?
- С Ө Й Л Е М


- Бүгінгі тақырыбымыз сөйлем туралы болады.
- Сөйлем деген не?

- Сөйлем нені білдіреді?
- Сөйлем неден құралады?
- «Сөйлем» дегенде алдымен ойларыңа не келеді.

«Топтастыру» стратегиясы

С Ө Й Л Е М


  • Ал, енді балалар кітаптағы ережені өзіміз оқиық.


  • Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

  • Сөйлемнен соң не нүкте(.), не сұрау(?), не леп белгісі (!) қойылады.

  • Бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

  • Бір - бірінен бөлек жазылатын сөздерден құралады.

Оқулықпен жұмыс.

164 - жаттығу.
1. Екі бағандағы сөздерді салыстырып оқу.
2. Қай бағандағы сөздер сөйлем?
3. Қай бағандағы сөздер сөйлем емес?
4. Неліктен?

Дәптермен жұмыс

Қарашаның он тоғызы.

Сынып жұмысы

Көркем жазу минуты:

__________________________________________________________________________

Мұғалім тақтада жазады:

«Президент күні» мерекесіне орай қандай С дыбысынан басталатын қандай сөздер білесіңдер:

Елбасы, Астана.

«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай С дыбсынан басталатын қандай сөздер білесіңдер:

желтоқсан, тәуелсіздік.

«Жаңа жыл» мерекесіне орай С дыбсынан басталатын қандай сөздер білесіңдер:

сыйлық, қыс, сырғанақ.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тақтамен жұмыс

165-жаттығу.

Жақшашадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.

Ажар (кітапхана) барды. (Кітапхана) адам көп. Ол (кітапхана) кітап алды.

Оқушылар тақтада жазады: (азат жол, тасымал, жаңа сөйлем- қалай жазылуын айт ұмытпа.)

_______________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

166 - жаттығу.
Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу. (Әр сөз А4 бетке жазылады.)
1- «Президент күні» тобы:
Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр. (Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр.)

2 - «Тәуелсіздік күні»

Ақан, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда. (Ақан абайсызда шанадан айырылып қалды.)
3 - «Жаңа жыл»
Төмен, шана, қарай, сырғанай, жөнелді. (Шана төмен қарай сырғанай жөнелді.)

V. Сергіту сәті

«Скелет» әнінің әуеніне ырғақ жасау.

- Балалар, СӨЙЛЕМ тақырыбының ТЫНЫС белгілеріне байланысты сөйлем беремін, ал сендер ойлана отырып табыңдар.

1 - «Президент күні» тобына:

Айнала аппақ қар.

Қар қандай тамаша!

Сырғанақ тебуге барасың ба?

2 - «Тәуелсіздік күні» тобына:

Айнала аппақ қар.

Қар қандай тамаша!

Сырғанақ тебуге барасың ба?

3 - «Жаңа жыл» тобына:

Айнала аппақ қар.

Қар қандай тамаша!

Сырғанақ тебуге барасың ба?


  • Әр топ, бір сөйлемді түсіндіріп айтады.

Ассоциация құру. Мұғалім түсіндіреді:

Хабарлы сөйлем (Айнала аппақ қар.)

СӨЙЛЕМ Лепті сөйлем (Қар қандай тамаша!)

Сұраулы сөйлем (Сырғанақ тебуге барасың ба?)

Жұппен жұмыс:

Ребус шешу:

Ашық сабақ тақырыбы: Сөйлем

VI. Жаңа сабақты бекіту:

Сөйлем нені білдіреді?
Сөйлем неден құралады?
Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
Сөйлемнің соңынан не қойылады?

VII. Қорытындылау:

VIII. Үйге тапсырма: 167-жаттығу.

IX. Бағалау: Оқушылар өздерін бағалайды.

Жасыл түс алғандар: «5» - Бұл түсінікті смайликке жапсырады.

Қызыл түс алғандар: «4» - Жартылай түсінікті смайликке жапсырады.

Күлгін түс алғандар: «3» - Түсінген жоқпын смайликке жапсырады.


Рефлексия стикер жапсыру

Smiley Faces

Ашық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: Сөйлем

Бұл

түсінікті

Жартылай

түсінікті

Түсінген

жоқпын






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Опытное поле орта мектебі» КММ





Сабақ тақырыбы:

" С Ө Й Л Е М"





Ашық сабақ тақырыбы: Сөйлем

Өткізген мұғалім: А. Ж. Батырқанова





2015-2016 оқу жылы





Ө з і н д і к т а л д а у

Сабақ тақырыбы: «Сөйлем»

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.

Дамытушылық: Бір - бірімен қарым - қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету, ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Ауызекі сөйлеу тілдерін, ойлау жүйесін дамыту. Жылдам, әдемі жазу дағдыларын қалыптастыру. Өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.

Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: инсерт, сұрақ - жауап, жаттығу жұмысы, көрнекілік.
Техникалық оқыту құралдары: интерактивті тақта

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу тәсілі.
ә) психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері "Үнсіз төс қағыстыру" шаттық шеңберінде тұрып

Сәлем, алтын күнім менің,

Сәлем, аспан көгілдір.

Сәлем, жақын досым менің,

Қуанышты күн бүгін! - Балалар жақсы төс қағыстыды.

Ашық сабақ тақырыбы: Сөйлем Ашық сабақ тақырыбы: Сөйлем



Топқа бөлу.

Мерекелерге байланысты, топқа бөлу түрі: 3 топқа «1-желтоқсан Президент күні», «16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні», «31-желтоқсан-Жаңа жыл» деп атадым. Қазір ҰШАҚҚА, КЕМЕГЕ, ПОЕЗДҒА отырып, мерекеге барамыз, бөлініп отыра қаламыз - деп топқа бөліп отырғыздым.

-Олай болса , бір-бірден келіп, АҒЫЛШЫН тілінде жазылған өзіміздің есімдеріміз бар көлікке отырып, мерекеге барайық дедім. Өз есімдерін табуға біраз қиыншылық болды.

Ашық сабақ тақырыбы: Сөйлем

І топ «Президент күні» мерекесі

ІІ топ «Тәуелсіздік күні» мерекесі

ІІІ топ «Жаңа жыл» мерекесі - топқа бөлінгенде біраз қиыншылықтар болды.

Ашық сабақ тақырыбы: Сөйлем Ашық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: Сөйлем

-Балалар, біз топқа бөліндік. Яғни біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз деген сөз иа. Қане, кім біледі, топпен жұмыста қандай ережелерді ұстанушы едік- деп, ережені түсіндірдім.

Ашық сабақ тақырыбы: Сөйлем

ІІ. Өткен сабақты бекіту үшін Миға шабуыл өтті.

«Ыстық орындық» стратегиясы сұрақтар қойылады. Бір оқушы ыстық орындыққа отырғызылып сұрақтарға жауап берілу жүргіздім.

1 - топтағы оқушыға 2 сұрақтан 2 - топтағы оқушыға 2 сұрақтан3 - топтағы оқушыға 2 сұрақтан

Ашық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: Сөйлем

Нұрасыл мен Рустам жақсы жауап қайтарды. Нурислам біраз қоранып қалғандай болды.

III. Үй тапсырмасын тексеру жұмысы жүрді.

«Ұялы телефон» ойыны (оқушылар бір-бірінен ұялы телефонмен хабарласу арқылы тапсырмаларды тексереді.) Сөздерге дыбыстық талдау жасау жүргізіледі.

Ашық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: Сөйлем

Үй тапсырмасын тексеру өте қызықты өтті, балалар қызығушылықпен сабаққа белсене қатысты.

IV. Жаңа сабақ түсіндіру. Ребус шешу


- Мынау «көйлек». Оның бастапқы «к» әрпінің орнына «с» әрпін қойып, соңғы «к» әрпінің орнына «м» әрпін қойсаң қандай сөз шығады?
- С Ө Й Л Е М

- Бүгінгі тақырыбымыз сөйлем туралы болады деп, айтып түсіндірдім.

Ашық сабақ тақырыбы: Сөйлем

«Топтастыру» стратегиясы болды. Оқушылар Сөйлем туралы қалай түсінетінін қағаз бетіне түсіріп, қорғады.

Ашық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: Сөйлем

Топтастыруда балалар жақсы жауап қайтарды, Сөйлем туралы ережені өздері тапты.

Оқулықта бірнеше жаттығуларды ауызша орындап, ережені түсіндіру жүргізілді.

Ашық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: Сөйлем

Дәптерде көркем жазу және бірнеше жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Ашық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: Сөйлем

Тақтамен жұмыста Сс дыбысынан басталатын сөздер өздерінің топтарына байланысты сөздерді жазу.

Ашық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: Сөйлем

Тақтамен, дәптермен, кітаппен жұмыста ешқандай қиыншылық болған жоқ.

Топпен жұмыста: Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу. (Әр сөз А4 бетке жазылады.)

Ашық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: Сөйлем

Топпен жұмыста, берілген сөздерден сөйлем құрағанда, біраз түсінбеушіліктер болды, бірақ сол мезетте қатемді жөндеуге тырыстым.

V. Сергіту сәті видео арқылы жүргіздім.

Ашық сабақ тақырыбы: Сөйлем Ашық сабақ тақырыбы: Сөйлем Ашық сабақ тақырыбы: Сөйлем

Сергіту сәтін балар жақсы орындап шықты.

- Балаларға СӨЙЛЕМ тақырыбының ТЫНЫС белгілеріне байланысты сөйлем беремін, ал сендер ойлана отырып табады. Ассоциация құрып, түсіндіремін. Жұппен жұмыста оқушылар ребус шешеді. Ребус шешуде біраз ауытқулар болды.

Ашық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: СөйлемАшық сабақ тақырыбы: Сөйлем

VIII. Үйге тапсырма: жаттығу беріледі. IX. Бағалау: Оқушылар өздерін бағалайды.

Жасыл түс алғандар: «5» - Бұл түсінікті смайликке жапсырды.Қызыл түс алғандар: «4» - Жартылай түсінікті смайликке жапсырды. Күлгін түс алғандар: «3» - Түсінген жоқпын смайликке жапсырды.

Ашық сабақ тақырыбы: Сөйлем Қорытынды.Сабаққа қойылған мақсатыма жеттім, жоспарланған барлық тапсырмаларды орындадым.

© 2010-2022