Тәрбие сағаты Әдепті бала

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әдепті бала» сайысы

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.
Тәрбие сағатының міндеттері:

1. Оқушыларды әдепті болуға көрініс, мақал-мәтел, қолөнер арқылы үйретеді.

2. Оқушылардың тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттырады.
3. Балаларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелейді.
Тәрбие сағатының түрі:Сайыс сабақ Тәрбие сағатының әдісі:Сыни тұрғыдан ойлау, денгейлік тапсырмалар Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, музыка, еңбек. Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, көрініс, постер т.б. Тәрбие сағатының жүрісі:

Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бүгінгі 2- сынып оқушыларының арасында өтетін «Әдепті бала» сайысына қош келдіңіздер!

Сахнаға бүгінгі сайыскерлеріміз келсін. Ортаға 1-ші сайыскеріміз 2 «ә» сынып оқушылары Ғабдолла Райымбек пен Амантайқызы Аделияны шақырамыз, 2-ші сайыскерлер 2 «б» сынып оқушылары Умирбеков Әлнияз бен Қасымова Іңкәр, 3-ші сайыскеріміз 2 «в» сынып оқушылары Мұханалы Ақтоты мен Джанабай Нұржан, ендігі кезек соңғы сайыскерімізге келді. Ортаға 2 «г» сынып оқушылары Берекет Абай мен Жәңгірхан Ұлдай келсін. Қазылар орнықтырар әділдікті , Кімдердің жауаптары кәміл шықты? Білім мен тапқырлықтың сайысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дей келе топтардың жауаптарын бағалау үшін әділ қазыларды сайлаймыз. I. Таныстыру Осымен мереке басталып кетсін, Ән шашу баршамызға жетсін. Осылайша бүгінгі сайыскерлер, Өздерін таныстырып өтсін. II. Мақал-мәтел сайысы «Қайымдасу» Әңгімені айтса жұртым мақалдайды, Жеңіліп сөзден ешбір қала алмайды Аталардың аманатын ардақтап, Мақал-мәтел сайысына түселік Мен мақалдың басын айтамын. Сайыскерлер жалғасын табамыз.

  1. Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені
  1. Ұлық болсаң- кішік бол.
  2. Жақсы адам ай мен күндей,
Әлемге бірдей
  1. Сіз деген әдеп,
Біз деген көмек
  1. Кішіпейілділік- кісінің көркі
  2. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар
  1. Шаңырақ сәні- сыйластық
  2. Кішіден ізет-үлкеннен құрмет
  3. Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала
  1. Аға әдепті болса-іні әдепті,
Апа әдепті болса-сіңлі әдепті
  1. Ашу дұшпан, ақыл дос
Ақылыңа ақыл қос
  1. Өнерлі бала-сүйкімді
III. Қол өнер сайысы Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда Өнерлінің ырысы, Жарқырап жатар жолында. дей келесі кезекті Қол өнер сайысына береміз. IY. Сахналық көрініс сайысы Ал, халайық енді, Көріністі көрейік Тамашалап өнерді Бағасын біз берейік. Y. Өнер сайысы Өнер-білім жанып тұрған шағында, Достық туы әрқашанда қалықта Өнеріңді жұрт алдында көрсетші, Бір көтеріліп қалсын мына халықта Сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық. Сайыс қорытындысын шығару үшін әділ қазыларға сөз беріледі. Тәрбие сағаты Әдепті балаТәрбие сағаты Әдепті бала Тәрбие сағаты Әдепті балаТәрбие сағаты Әдепті бала

Тәрбие сағаты Әдепті балаТәрбие сағаты Әдепті бала

© 2010-2022