Конспект на тему Ұлы Жеңіске 70 жыл

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. 1941 жылы 22- маусым фашистік Германия тұтқиылдан бейбіт елге басып кірді.

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жеңіске 70 жыл .

Жалпы мақсаты: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымағы, қазақтың батырлары, ерліктері жайлы мәліметтерді пысықтау. Оқушылар өз ойларын жеткізе біледі. Ортақшешімге келеді. Өзін -өзі бағалайды және басқарады

Бір күшке жиналған орыс, тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды.

Жүргізуші: балалар, бүгін біз Ұлы Отан соғысына 70 жыл болуына байланысты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Хор «Катюша» әні орындалады.

Енді балалардың соғыс туралы өлеңдерін тыңдайық.

2- оқушы

Бұл соғыс қайтып болмасын

Бәйшешектер солмасын

Еліміз бейбіт күн кешіп

Бір Алла өзі қолдасын

Бірлікпен күн кешіп

Бейбітшілік орнасын.

3- оқушы:

Соғыс жалмап аға - іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды

Жалғызынан айырыпты ананы

Әкесінен айырыпты баланы

Аружан: Әлия өлеңін

4 - оқушы:

Қайтпаған жауынан

Қаһарман Бауыржан

Қан ішер фашисті

Қырды ол мыңдаған

Ерлігі әрқашан

Есімде сақталады

Ұрпағы ұмытпайды

Өмірінен үлгі алады.

5- оқушы:

Мәншүк Мәмбетова 21- гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулеметатқышы.

6-оқушы:

Әлия Молдағұлова 54-атқыштар бригадасын 4 -батальонның 3 ротасын меңгерген.

1944 жылы 4 маусымда Совет Одағының батыры атағын берді.

7 - оқушы:

Талғат Бегелдинов Кеңес Одағының батырын екі рет алды.

8 -оқушы:

Қабиденулы Төлеген Тоқтаров Сталинград майданында 1942-1943 жылдарда Германияны жеңгені үшін медалімен марапатталды.

9-оқушы:

Көрініс. (Майдан алаңынанжараланған адамдар.)

Капитан: Мәншүк Мәмбетоваға елден хат келгенін айтты. Жүгіріп барған капитан хатты алу үшін бір билеп бер дейді. Билеп берген Мәншүкке анасының хатын табыстайды.

10 -оқушы:

1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстагқа Рахымжан Қошқарбаев ту тікті.

Оқушылардың тақпақтары.

Міне қырғын соғыс аяқталып бейбіт өмір сыйлаған соғыс ардагерлерімізге мәңгілік тағзым етеміз.

Хор «Жеңіс күні» әні. Осымен сабағымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Мұнайлы ауданы,2015 жыл
3 «В» сынып

Сынып жетекшісі:Иманбаева Гауһар

Мұнайлы ауданындағы № 5 орта мектептің 2 «В» сыныбында Ұлы Отан соғысына 70 жыл деген атпен тәрбие сағаты өтті

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың бойындағы патриоттық сезімін ояту, азаттық өмір сыйлаған соғыс майдангер ардагерді құрметтеуге және олардың алдында мәңгілік қарыздар екенімізді түсіндіру.

Олардың әрқайсысының орны қайталанбайтын және ұмытылмайтын ерен еңбектерін бағалау, қастерлеу.

Шығыстың қос шынары Ә.Молдағұлова, М.Мәмбетова апаларының және Т.Бегелдинов , Б.Момышұлы сияқты ағаларының міндеттерінің ауыр және қатал болғанын насихаттау болды.

Көрініс майдан алаңынан болды. Ондағы жараланған адамдардың бейнесін оқушылар өзі сомдап актерлік шеберліктерін көрсетті.

Катюша әні хормен айтылды. Оқушылар өздерінің соғыс туралы, және ондағы аға әпкелеріне арналған өлең жолдарын айтты.

Рейхстакка 1945 жылдың 30 сәуірінде қазақтың батыры Рахымжан Қошқарбаев ту тіккенін білді.

Тәрбие сағатының соңында жеңіс күні әні айтылды.



© 2010-2022