Внеклассное мероприятие на темуЕңбек түбі-береке

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Еңбек түбі- береке

Мақсаты: 1. Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, ерінбей еңбек ету адамның табиғи қажеті екенін ұғындыру.

2.Өнерге баулу, жылдамдық пен ептілікке тәрбиелеу.

3.Шығармашылық ойлау қабілетін шыңдау, қиялын байыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер, шарлар

«Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле» Абай

«Кісіні танымақ болсаң, ісіне қара» Баласағұни



Кіріспе сөз.

Құрметті ата- аналар, қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін сіздер «Еңбек түбі- береке» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер

Еңбектің арқасында адам жетіліп дамиды. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез- құлқын қалыптастырады. Еңбек ету арқылы адамның тапсырылған іске табанды, ынта- жігерлі болып, тындырымдылығы мен жауапкершілігі артады. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын -деп Абай атамыз еңбекті адамның табиғи қажеті екенін асқан көрегенділікпен тұжырымдап берді және «Еңбек- қуаныш, жалқаулық- айырылмас азап» деп, адам ерінбей еңбек еткенде ғана қуанышқа, шаттыққа бөленетінін дәлелдеп берді. Демек, адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарады. Еңбек адамның жан дүниесін жаңғыртып, жігерін жанып, ой- қиялына қанат бітіретін бірден- бір құдіретті күш. Ұлы суретші Леонардо Довинчи «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді » деген екен. Еңбексүйгіш және еңбекті бағалай білген адам ғана өмірде құрметке бөленеді.

Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтпекші. Сайысқа екі топ қатысады.

Алдарыңызда «Сұңқарлар» және «Қырандар» тобы.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша ұпай жинайды. Алтыншы айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Әділқазылар алқасын сайлау.

Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру

  2. Сөз атасы- мақал

  3. Бояулар сыр шертеді

  4. Кім мықты?

  5. Қай топ жылдам?

  6. Тест

1.Таныстыру (Әр топ өздерін таныстырып өтеді.)

2.Сөз атасы- мақал

«Қылышынан қан тамған батырды, тілінен бал тамған ақын өлтіреді»- демекші, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір ауыз сөзбен жеткізетін «Мақал сөздің- мәйегі» - деп атам қазақ айтқандай, сөз атасы- мақал айтып жарысайық.

Әр топқа 2 минуттан уақыт беріледі. Сол уақыт ішінде еңбек тақырыбында мақал айтып жарысады.Қай топтың көп мақал айтқаны есепке алынады.

А.Естеновтің « Еңбек » өлеңі. Оқитын Ахмет Гүлмерей

3.Бояулар сыр шертеді

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты- еңбек.

Сабағыңа жөндеп,

Әзірленсең еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек- деп келесі кезекте оқушылар сурет салып, салған суреттерін топтан бір оқушы шығып қорғайды.

Би: «Саржайлау»

4.Кім мықты?

1.«Қол өнері- кілемде, сөз өнері-өлеңде» дегендей бұл бөлімде әр топтан бір- бір оқушы шығып, еңбек тақырыбында мәнерлеп өлең оқиды.Мұнда өлеңді оқу мәнері қаралады.

«Сұңқарлар» тобы Мұзарап Жүсіпұлы «Еңбек ет!»

«Қырандар» тобы Жұбан Молдағалиев «Ардақтайық еңбекті»

2.«Еңбек» тақырыбында жазған шығармалары оқылады.

Ән : « Отаным Қазақстан » Орындайтын Жылқышы Нұрдәулет

5.Қай топ жылдам?

«Сөзің қысқа болсын, қолың ұста болсын»,- демекші бұл кезеңде топтардың шапшаңдығы, ептілігі, талғамы байқалады.

  1. Түрлі- түсті қағазды қиып жапырақтар жасайды.

  2. Дайын суретке қарап отырып суреттегі қызды айнытпай бояу керек.

Ән «Болайықшы осындай» Орындайтындар: Ажар мен Ақнұр

6.Тест

Еңбек жайлы ойларын жинақтап, білімдерін тексеру мақсатында тест сұрақтарына

жауап алынады.

1.Аппликация дегеніміз не?

А) кестелеу

Ә) шегелеу

Б) жапсырмалау

2.Желімдеу дегеніміз не?

А) заттарды біріктіру

Ә) заттарды ажырату

Б) құрастыру

3.Қазақтың ұлттық ыдыс- аяқтары

А) күбі, мосы, ине

Ә) сәукеле, қамзол, қазан

Б) торсық, саба, мес

4.Ұлттық киімдер қай қатарда?

А) сәукеле, шоқпар,тақия

Ә) тымақ шекпен, кимешек

Б) қоржын, көрпеше, сандық

5.Түр-түсі және геометриялық пішіні әр алуан мата қалдықтарынан құрастырылған өрнек.

А) тоқыма

Ә) құрақ

Б) құмқағаз

6.Еңбектің көзін тапқан,... өзін табады.

А) ақшаның

Ә) достықтың

Б) байлықтың

Қастек Баянбай «Еңбек еттік» Оқитын Тоқтар Талғатұлы

Хор: «Дос болайық бәріміз»

Қорытынды.

Әділқазыларға сөз беру.

Жеңген топты анықтау. Марапаттау.



© 2010-2022