«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жыл басына таласқан хайуанаттар.

Сабақтың мақсаты: Төрт түлік жайлы ұғымдарын бекіту.

Жыл басына таласушы хайуанаттардың

сөздерін рольге бөліп, диалог түрінде

байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Ертегіні әңгімелеу барысында жаңа сөз

енгізе отырып сөздік қорын байыту.

Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Жыл басына таласқан хайуанаттар киімі, маскаксымен. Үй жануарлары суреттері.

Сабақтың түрі: сахналау. Әдіс тәсілдер: әңгімелеу, рольге бөліп ертегі кейіпкерлерін орындату.
Ұ.к. Пратаға дұрыс отырғызу. Үлестірме материалдарды тарату. Кіріспе. -Балалар өткен сабақтарда қандай тақырып өттік?

  • Төрт түлік
  • Төрт түлікке нелер жатады?
  • Жылқы, сиыр, түйе, қой, (ешкі)
Түліктерді шақыру. Құру-құру! Аухау-аухау! Пұшайт-пұшайт! Көс- көс! Шөре-шөре! Суреттерді көрсету. Ертеде , тіпті ерте заманда, аңдар жалқау адам аңқау кезде, жыл санау болмаған кезде, адам баласы жылды, жыл аттарын білмепті. Бір күні жыл келетін болыпты. Оны ауылда жатқан адамдар білмей, алдымен айдаладағы аңдар естіпті. Мейірімді жылды қарсы аламыз, жас пейілді жаңа жылды көреміз, жылға ат қоямыз, жыл аттарын бөлісіп аламыз деп жиналыпты. Түйе бастаған жан- жануар ең соңы тышқан жыл басы болуға таласыпты.
  • Құр таласқаннан іс бітпейді, жылдың келе жатқанын кім көрсе сол болады- дейді түйе. Әр хайуан өздерінің адамға пайдасы жайлы мақтаныпты.
Барлығы ортаға шығады. Жылқы- Мен алысты жақын қыламын. Адам күшімді пайдаланады, сүтімді ішеді, қылымнан арқан , шылбыр еседі, адамға ең пайдалы менмін. Жыл басы мен боламын. Түйе- Сен адамға өзің жейтін сұлы, шөп тамағың үшін еңбек етесің, ал мен сен көтере алмайтын ауырдыкөтеріп, неше айлық алыс жерлерге барамын. Тамақ талғамаймын. Табылса, су ішіп, табылмаса шөлге шыдаймын, бірнеше апта жүре аламын. Жыл басы болу маған лайық. Сиыр- Адам мені жегіп жер жыртып, егін егеді, сүтімді ішеді, құрт- май жасайды. Жыл басы болу маған лайық. Қой- Мен болмасам, киіз үйді немен жабар еді. Жүнімді қырқып, киіз басады, арқан жіп еседі, киім тоқиды. Сүтімнен құрт -май жасайды, шаруаға мен пайдалымын. Сондықтан жыл басы мен боламын. Ит- Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын. Бөтен біреу көрінсе , үріп хабар беремін. Тауық- Мен болмасам , адамдар ерте жұмысына бара алмай ұйықтап қалар еді. Сондықтан ерте тұрып, "таң атты" - деп хабар беремін. Кеш болса, "жатар мезгіл болды" - деп тағы беремін; Тышқан- Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын- деп бір қулық ойлап жиылған көпке бұрылды. Өзгелерге қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп "менен бұрын кім көреді" деп тышқанның сөзін қостады. Бәрі де күннің шығуын күтіп тұрды. Біраздан соң тышқан жорғалап түйенің үстіне шығып, оның төбесіне мінді де отырды. Тышқан Жыл келді, жыл келді! Күннің шыққанын мен көрдім Мен жыл басы боламын! Осылайша күнді бәрінен бұрын Тышқан көріп, жыл басы болған екен. Тышқан деген батырың Таңды көзбен атырды Төбесінен түйенің Жылды көріп қатырды Барлығың да қараңдар, Енді үйге тараңдар , Жылды көрген тышқанды Жыл басы деп санаңдар! Тышқаннан кейін сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін , тауық, ит, доңыз көрген екен. Ал түйе болса аузы ашылып таңырқап ештеңе түсінбей қала береді. Сөйтіп жыл атауларынан құр қалыпты. Жан-жануарлар достық пен сыйластықты, ақылдылықты, тапқырлықты мойындап әнге қосып, би билеп, жаңа жылды тойлаған екен. "Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалды"- деген сөз осыдан қалған екен. Осыдан бастап жыл аттары 12 атпен аталыпты. 12 жыл 1 мүшел Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой Мешін, Тауық, Ит, Доңызды Санап, жаттап, біліп қой! (жаттату)

Қорытындылау. Бағалау.




































С. Бекбосынов атындағы орта мектебі




Төрт түлігім - ырысымның

бірлігі.


Хафизқызы Ш

© 2010-2022