- Преподавателю
- Начальные классы
- Конспект на тему Алтын балта
Конспект на тему Алтын балта
Раздел | Начальные классы |
Класс | 2 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Анарбаева А.С. |
Дата | 29.11.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Сабақтың тақырыбы: «Алтын балта »
Сабақтың маұсаты:
1.Оқушылармен халық ауыз әдебиетіне , оның ішінде
ертегі әлеміне тоқтау, мәтіннің мазмұнын меңгерту
2. Оқушылардың көркем сөйлеуін дамыту, сөздік
сөздік қорларын дамыту.
3. Оқушылардың білім деңгейіне байланысты
тапсырмалар беріп, жазба тілдерін дамыту.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, карточкаларға жазылған
(бөліктерге бөлінген мәтін)
Сабақтың барысы: 1. Қйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру (көрініс арқылы)
3. Сергіту сәті
4. Жаңа сабақ
5. Тапсырмаларды орындату
6. Қорытынды
-
Ұйымдастыру: Оқушылар сабақта шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер тілейді. Мысалы: сабақта 5-ке жауап бер.
-
Үй тапсырмасы: - Балалар бүгінгі сабағымыздың бір ерекшелегі, үй тапсырмасы көрініс арқылы тексеріледі. (кейіпкерлері: автор, қойшы, хан және уәзірлер)
-
Сергіту сәті: Әр оқушыға ақ парақ таратылады. Енді осы ақ параққа кез келген өздеріне ұнайтын әріпті таңбаландар. Енді осы әріптеріне қатысты жақсы сөздер жазыңдар. Мысалы: Іі - ізетті, ілтипатты.
-
Ой шақыру: «Балта» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
Жаңа сабақтың тақырыбы: - Бүгінгі сағамыздың тақырыбы: «Алтын балта»
ертегіні оқымас бұрын мынадай сұрақтарға
жауап беріңдерші.
-
Өмірде алтын балтаның болуы мүмкін бе?
-
«Алтын балтанының қандай қасиеттері болар еді?»
-
Таөырыбына қарап әңгіме не туралы деп ойлайсың?
Мәтінмен жұмыс: 1.Мәтінді төрт бөлікке бөліп 4 топқа таратып беремін.
(І топқа -І бөлік, ІІ топқа ІІ бөлік, ІІІ топқа - ІІІ бөлік, т.б)
Тапсырма: 1. Өз бөлігіңді оқып болған соң, жұпта, топта
талда.
2. Тұсінгені бойынша сурет салу
3. Оқыған бөліктеріне сай келетін мақал-
мәтелдер , нақыл сөздер келтіру
Ертегідегі кейңпкерлерге хат жазу:
- Балалар, осы ертегіден өздеріне жақын
кейіпкерді таңдап , сол кейіпкерге хат
жазыңдар.Ол хатта өз ойларыңды, сұрақ-
тарын болса, сұрақтарынды қоюға болады.
Бай Кедей
Қорытынды: «Венн диаграммасы»