«Қоштасамыз құстармен, сары ала алтын күзбенен»

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбиеші: Армысыздар ата - аналар және ұстаздар. Біздің «Балдәурен» шағын орталығында өтетін бүлдіршіндеріміздің «Қоштасамыз құстармен, сары ала алтын күзбенен» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
  • Балалар, біз қандай құстарды білеміз?
  • Балалардың жауабы.
  • Дұрыс
  • Бұл құстарымыздың барлығы біздің елде қыстай ма, балалар?
  • Жоқ.
  • Ендеше, қай құстарымыз жылы жаққа кетеді екен?
  • Қарлығаш, тырна, торғай, ....
  • Дұрыс айтасыңдар.
  • Ең алдымен қай құсымыз жылы жаққа ұшады екен?
  • Қарлығаш.
  • Дұрыс.

Балалар, біздің барлық құстарымыз жылы жаққа ұшып кетпейді екен, біздің елімізде де қыстап қалатын құстарымызда бар екен. Қанекей, кім айтады балалар білеміз бе бұл құстарды?
  • Балалардың жауабы.
Дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар, біздің елде жылы жақ болып есептеледі. Өйткені, біздің елге де қонаққа келетін құстарымыз бар. Ол Аққу. Аққу біздің Каспий теңізімізге келіп қонақтайды, қорегін сол теңізден тауып жейді. Теңіз суы ащы болғандықтан қыста қатпайды.
Нұртілеу. Талай мені жалт қаратты, Ұшқан кезде жанап олар. Аппақ құсым, Ақ қанатты Шағалалар, шағалалар.
Бекслан. Ұзын сирақ тырнаны - ай Құлап қалмай жүр қалай ?! Біздің жалқау маратқа Сондай ұқсап тұрғаны - ай!
Аслан. Қарақу пақ, сабырлы, Сұлу еді, ой, қандай ?! Аққуларды кәдімгі, Бояп біреу қойғандай.
Қимас әнге салады Құстар қайтып барады. «Қош болыңдар!» - дегендей, Қанаттарын қағады.
Сау - саламат болыңдар, Жылы жаққа барыңдар. Жылы ұяға қоныңдар, Бейбіт құсқа орын бар. Бізде туып едіңдер, Әлі де өсіп өніңдер. Туған жерге не жетер, Құстар, қайтып келіңдер!
Жүргізуші: Бүгін мейрам, бүгін той, Қуаныш бүгін біліп қой. Күзгі бақтай сыңғырлап, Алақанды соғып қой.
  1. Дана 2. Нұрбек
Алтын сары, қызыл көк Әй балақай тамаша! Алуан - алуан жапырақ, Шашу шашты жапырақ. Күзгі бақтай сыңғырлап, Бақтың іші алаша. Көз тартады атырап. Аунар ма еді жатып ап.
  1. Бекслан 4. Батырхан
Бір - бірлеп жапырақ Қараңдаршы қандай сұлу Сылдырлап ұшады Бидай басқан кең дала Сарғайған жапырақ Алтын жайып тастағандай Күз болса ұшады Біздің де бай дала.
  1. Шұғыла
Жауын жауса қуанып, Көмекке келер қол шатыр Ол шатырды алайық Шырқап биге салайық.
Би: «Таңғы жаңбыр»
Жүргізуші: Өрік, шие, алма, алша. Жидек жүзім піседі. Қауын, қарбыз, қияр Сәбіз қоймаларға түседі.



Айтыңдаршы балалар, бұл қай кезде болады?
  • Балалар. Күзде.
Дұрыс айтасыңдар балалар, ал ендеше мерекеміз әрі қарай қызықты жалғасу үшін ортамызға «Күз ханшайымын» шақырайық. Балалар: Хор. Келші,келші алтын күз, Келші, келші жарқын күз! Күз: Армысыздар балалар?! Күзгі бақтағы қонақтар Өздеріңе әкелдім Күздің сыйын көз тартар. Тәрбиеші: Балалар күз мезгілі мерекелі де берекелі мезгіл, олай болса Күз ханшайымымыздың көңілінен шығатындай етіп, өздеріміздің білетін тақпақ, өлеңдерімізді айтып сыйын алайық.
1. Айсына 2. Данияр Күздің сыйын алайық Алтын жеміс жиылды. Қызығына қарайық. Қамбамызға құйылды. Күзге арнап бәріміз. Ардақты күз мың алғыс. Әнімізге салайық.
3. Асхат 4. Ақжүніс Қуандырып біздерді. Уылжып бақтарда, Мерекелі күз келді, Жемістер пісіп тұр. Кел жемісті алтын күз.
  1. Жанболат
Жемісі мол теретін Күз дос екен бізбенен, Бәрін тауып беретін. Жомарт екен күз деген.
Ән: Хор. «Жау - жау жаңбыр»
Жүргізуші: Алтын күз сізде толып жатқан сырлар көп, ал, олай болса, сіздің бізге арнаған қандай сыйыңыз бар? Күз: Әрине, бар. Менің жеміс - жидектерім өздерін таныстыруға осында келді (жемістердің макетін киген балалар ортаға шығады)
  1. Меруерт
Дәмі аузымнан кетпейді. Қызыл алма шырын бал, Көктей тісің өтпейді. Піскен кезде үзіп ал.

  1. Нұртілеу
Дәнін егіп қиярдың Тыным таппай суардым, Түйнектерін көргенде Бес алғандай қуандым.
  1. Саламат
Жинап досты бауырды. Ортаға алдық қауынды, Жарып ішін қауынның Қарық қылды ауылды.
  1. Асылан
Қауыннан да басқарақ Қарбыздан да басқарақ, Семіріпті бақшада Қандай болды асқабақ?
  1. Қонысбек.
Іші жұмсақ, Сырты қатты. Еті қызыл Сүті тәтті
6. Салтанат Мен маржандай шиемін, Күн сәулесін сүйемін. Жемістерім піскенде Жерге басымды иемін.
Дана. Мен жүзіммін, жүзіммін, Моншақ болып тізілдім.
Айсына. Мен алмұртпын, алмұртпын, Аузындамын бар жұрттың.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, ал енді, Күз ханшайымымызды шығарып салайық. Күз: Мен қайтайын балалар Аман - есен болыңдар, Еңбек етіп, ойнап күліп Шырқап әнге салыңдар.
Ән: Хор. «Біз бақытты баламыз»
Жүргізуші: Күз бақтағы қонақтар! Айналайын балалар, Мерекеміз бүгінгі. Естен кетпес күн болды. Бақыт тілеп бәрімізге, «Сау болыңыздар» деп, Аман - саулық тілеп. Мерекені аяқтайық.
Ал, ата - аналар, ұстаздар және балалар осымен «Қоштасамыз құстармен, сары ала алтын күзбенен» атты ертеңгілімізде өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет!


© 2010-2022